Дөңгелек үстел: «Мектепке дейінгі мекемеде, баланы бейімдеу кезінде тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі»

Раздел Школьному психологу
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Мектепке дейінгі мекемеде, баланы бейімдеу кезінде тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі»

Мақсаты: Баланың балабақшаға бейімделуіне педагогикалық-психологиялық тұрғыда көмек көрсету

Қатысушылар: Педагогтар

Барысы:

Жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • «Баланың балабақшаға үйренуі» шағын дәріс

  • «Баланың балабақшаға бейімделуі кезіндегі тәрбиешінің жұмысы»

(тәрбиешілерге арналған ақыл-кеңестер, ұсыныстар)

  • Пікір-алмасу

  • Қорытынды жасау

Кел, танысайық! Құрметті педагогтар, біз қазір бала кейпіне еніп, бір-бірімізбен танысамыз. Педагогтар психологпен бірге шеңбер бойымен бір-біріне доп беру арқылы танысады.

Шағын дәріс

Сәбидің бала бақшаға үйренуі негізінен, тәрбиешінің бала қажеттіліктерін, қызығушылығын, бейімділіктерін түсінуіне, дер кезінде көңіл -күй қысымын азайтуға, отбасымен күн тәртібін ұйымдастыру әдісіне байланысты.

Балабақшаға баланың бейімделуіне тәрбиеші мына жағдайларға көңіл бөлу керек:

Ата-аналармен сұхбаттасу;

Анкета өткізу;

Баланы сырттан бақылау;

Дамыту ойындары.

Бала туралы мәліметті тәрбиеші баланың балабақшада болған бастапқы кезеңде ата -анамен әңгімелесу және баланы сырттан бақылау барысында жинақтауына болады.

Бастапқы бақылау барысында- ақ тәрбиеші баланың қызығушылығын, мінез -құлқының кейбір ерекшеліктерін, үлкендермен және өзі қатарлас балалармен қарым - қатынасы туралы мәліметтер жинақтауға болады. Негізінен, бейімделу процесінің ағымының ерекшеліктеріне көп назар аудару қажет. Күнделікті бала бақшаға келген әрбір балаға баланы бақылау нәтижелері көрсетілген жеке бейімделу парағы толтырылады. Бейімделу кезеңінің соңында бейімделу парағы педагог - психологқа өткізіледі. Бейімделу парағын толтыру сәбидің бала бақшаға үйрену ерекшеліктерін айқындауға және бейімделу синдромын жетілдіру үшін психологиялық ағарту және түзету іс -шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Әңгімелесу барысында тәрбиешілер ата -аналармен жылы қарым- қатынас орната білуі керек, сәбидің үрейін азайтуға көмектесіп, бейімделу кезеңінің өту барысымен таныстырып отыруы керек.

Жақындармен тығыз қарым -қатынасты қажет ететін баланың жанұясымен жұмыс өте тығыз және ауқымды болу керек. Жоғарыда аталған іс - шаралардың барлығы баланың МДМ -не үйрену ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылуы керек.

Дөңгелек үстел:«Мектепке дейінгі мекемеде, баланы бейімдеу кезінде тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі»Дөңгелек үстел:«Мектепке дейінгі мекемеде, баланы бейімдеу кезінде тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі»

«Баланың балабақшаға бейімделуі кезіндегі тәрбишінің жұмысы»

(тәрбиешілерге арналған ақыл-кеңестер, ұсыныстар)

Бейімделу кезінде балада болатын

психоэмонациональды қысымның белгілері


  1. Ұйқыға жатқысы келмеу

  2. Бұрын көрмеген, іс-әрекеттерден шаршау

  3. Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану

  4. Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық

  5. Алаңдаушылық

  6. Өзіне сенімсіздік

  7. Қырсықтық таныту

  8. Ұдайы саусақ сорғыштық

  9. Қарым-қатынасқа түсуден қорқу

  10. Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару

Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрседі, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.

Балалардың өзі-өзіне сену

сезімін қалыптастыру

Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі - қалада өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  1. Балаларды бір-бірімен таныстыру, бір-біріне жақындастыру;

  2. Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;

  3. Топпен және балабақшамен танысу;

  4. Балабақша қызметкерлерімен танысу;

Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.


Балаларды бір-біріне жақындастыруға

бағытталған ойындар

  1. Кел, танысайық!

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберде тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.

  1. Көпіршіктер!

Балалар орындықта жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір-бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Алдымен ойынға құштарланып тұрған балаларға барған жөн. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады.

Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз».

Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.

  1. «Кімнің дауысы?»

Балалар жартылай шеңбер жасап отырады, ойын бастауға бір бала шығып, балалардың артында тұрып бір баланың атын атайды, балалар кім екенін табады. Ойын осылай жалғасады.

Балаларды балабақшаға бейімдеу барысында балаларды балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлермен таныстыру мақсатында ойындар жүргізу керек.

Әр баланы таңертеңгі қабылдауда жылы қабақпен қабылдау. Ата-анамен тығыз байланыста болу.

Пікір-алмасу.

Қорытынды жасау.













© 2010-2022