Баяндама психологтарға Баланың мектепке дейігі мекемеде агрессиялық тәртібі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың мектепке дейігі мекемеде агрессиялық тәртібі

Мектепке дейінгі жас баланың даму кезеңі - баланың тұлғалық қалыптасуы,әлеуметтік және психикалық қалыптасуы. Бала мектепке дейін қандай тәрбие алса , сол баланың дамуының және өзіндік қалыптасуына келешектегі негізгі, және әлеуметтік қатынасына қоғамда өзін дұрыс ұстай білу, және ұлкендермен өзінің құрбыларымен қарым қатынасын өзінен үлкен туыс жақындарынан үйренеді -ол ата-анасы, және балабақша тәрбиешілері. Үлкендер баланың қандай болып өсуіне,өмірінің қалай құралуына жауапты екенін білуі тиіс.

Тәртібі бұзылған баланың , нақты аномалды психикалық интеллектуалды дамуының өзгерістері көрінбейді , бірақ өзіне арнайы психолоиялық-педогогикалық көмек керектігінің маңызы зор.

«Агрессия» деген не? - ол саналы түрде біреуге, немесе жануарларға залал келтіруі, баланың психикалық және тәннінің жайсыздығына көрсеткен әрекет - стресске, фрустрацияға (өзінің жетістігіне жету барысында кездесетін кедергілер туғызатын психикалық қалып эмоция ретінде көрінеді) . Агрессиялық тәртіп өзінің қойылған маңызды мақсатына жету үшін және өзінің -өзіне таныту мәртебесін көтеру.

1)Агрессия дихотомия ретінде көрінеді:тікелей-ауызша , тура -айнала жақсы, сапалы; теріс сапалы қатынастар.

2)Инструменталдық агрессия- басқаға залал келтіру себебі мақсат емес, ол өзінің тілегін орындау ,не болмаса өзіне қажет үшін.

3)дұшпандық агрессия -ол басқаға зиян , қиналыс көрсету мақсаты.

Адамның агрессиясы биологиялық алғы шарты бар және генетикалық шарттасқан; сонымен бірге оның мңызы бұзылуда емес -бейімделуде,тұрмыстық жағдайда бейімделуі. ( К.Лоренц -1963 ж.)

Егер осы шарттар агрессиялық күшті іске асыруға жол бермесе, онда ол басылады. Өйткені адамда агрессияны төқтату механизімі туа біткен жоқ , оны тоқтатуға мәдени нормалар мен ған қамытады.

Агрессия басқа әрекеттер сияқты басқаға еліктеу , ұқсауға арқылы үйренеді. Баланың агрессиялық тәртібінің дамуына отбасының әсері мол, отбасының негативті қарым- қатынасы, эмоционалдық айыру.

« Мен»- тұжырымында ата-анадан қамқор қолдау көрмесе, өзіндік бағалауы төмендетілген болса , онда баланың девианттық тәртібі көтеріледі ,құрбыларымен қарым қатынасы төмендейді. Әлеуметтендірудің және алдын алудың агрессиялық тәртіп түрінің ең тиімді шарты ол құштарлық уәжін дамыту, сонда баланың қызығушылығы туындайды , айналасындағылар ілтипат пен қамқорлық көрсетуі , ең алдымен ата-анасы.

Екіншіден қосымша құштарлық жәрдем -ол әлеуметтік талаптарға бейімделуі және тиымдар. Сондықтан ерекше көңіл қойылатыны: баланың агрессиялық дамуының шарты текқана әлеуметтік үйрету емес ,ата-ананың сүйспеншілігін көрмейтін , әрдайым жазалауы, тудыратын фрустрациялық жағдай.


© 2010-2022