Психопрофилактикалық және психокоррекциялық сабақтар

Міндеті: Балалармен қарым-қатынас барысын жақсарту.            Тренинг жайлы балаларға жалпы түсініктеме беру.   1. Балалармен танысу - Сәлеметсіздер ме,балалар.Сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын.  Алдағы уақытта біз сендермен мынадай мейірімділік сезімдерімен  танысамыз.  Олар: кешірімділік,тіл алғыштық,адалдық т.б. Біз сендермен аптасына бір рет рухани тренингке,мен сендерге ертегілер мен әңгімелер айтамын. Ал сендер болсаңдаройын ойнап,өлең айтып, көптеген ақылды сөздер үйренесіңдер. Ал қазір танысайық.       Ойын: «Танысайық»   Ойынның шарты: Әр баланың қолында гүл, осы гүл арқылы өздерін                                    таныстырып, гүлді келесі балаға тапсырады.   1. Балаларға видеофильм арқылы «Осколки доброты» атты үзіндіні көрсету. -         Балалар,қалай ойлайсыңдар, әже теңіз жағасында не істеп жүрді? -         Ол неліктен олай істеді? -         Оның бұл қылығын мейірімділікке жатқызуға бола ма? -         Егер барлық адамдар осы әжей сияқты болса,жер беті қандай болады деп ойлайсыңдар?   Нақыл сөздер: «Мейірімділік адамның адал досы».                       «Шамаң келгенше ізгілік жаса»                      «Күшіңе сенбе,адал ісіңе сен»
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
















Психопрофилактикалық және психокоррекциялық сабақтар






















Кіріспе


Әрбір тренинг комплексті міндетке бағытталған. Баланың білімін дамыта отыра, рухани ізгілікке қол жеткізуге болады. Әр сабаққа балаларды эмоцианалды күйге қалыптастыру мақсатында жанға жайлы, әуен болуы керек, сонда балалардың түсінуі мол болады.


Мақсаты:

  1. Балалардың ойларын дамыту

  2. Адамгершілік сапаны түсіну,дамыту.

  3. Тану процестерін дамыту: есте сақтау,ойлау қабілеті,мұқияттылығы және т.б.


Міндеттер:

1.Балаларды әртүрлі жақсылықпен таныстыру

2.Балабақшада және үйде жақсы қарым-қатынас құру

3.Критикалық ойларын дамыту.


Қолданған әдістер:

1. Ауызша әңгімелеу

2.Көрнекіліктер қолдану

3.Практикалық (ойындар,жағдаяттылық,әндер,шығармалар,суреттер) әдістер қлдану


Үйге тапсырма:

1.Үйге берілген тапсырмаларды орындауға көмектесу.


1 тренинг Кіріспе


Міндеті: Балалармен қарым-қатынас барысын жақсарту.

Тренинг жайлы балаларға жалпы түсініктеме беру.


1. Балалармен танысу

- Сәлеметсіздер ме,балалар.Сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын.

Алдағы уақытта біз сендермен мынадай мейірімділік сезімдерімен танысамыз.

Олар: кешірімділік,тіл алғыштық,адалдық т.б.

Біз сендермен аптасына бір рет рухани тренингке,мен сендерге ертегілер мен әңгімелер айтамын.

Ал сендер болсаңдаройын ойнап,өлең айтып, көптеген ақылды сөздер үйренесіңдер.

Ал қазір танысайық.




Ойын: «Танысайық»


Ойынның шарты: Әр баланың қолында гүл, осы гүл арқылы өздерін

таныстырып, гүлді келесі балаға тапсырады.


1. Балаларға видеофильм арқылы «Осколки доброты» атты үзіндіні көрсету.

  • Балалар,қалай ойлайсыңдар, әже теңіз жағасында не істеп жүрді?

  • Ол неліктен олай істеді?

  • Оның бұл қылығын мейірімділікке жатқызуға бола ма?

  • Егер барлық адамдар осы әжей сияқты болса,жер беті қандай болады деп ойлайсыңдар?


Нақыл сөздер: «Мейірімділік адамның адал досы».

«Шамаң келгенше ізгілік жаса»

«Күшіңе сенбе,адал ісіңе сен»


Сұрақтар:

1.Адал деген не?

2.Ізгілікті адам қандай болады?


Ән: «Біз бақытты баламыз».


Үйге тапсырма: Ізгілікке,мейірімділікке арналған нақыл сөздер жаттап келу.


2 тренинг Бекіту


Міндеті: Бірінші сабақты қайталап бекіту.


1. Бөлмеде жанға жайлы баяу әуен естіліп тұрады. (2-3 мин.)

- Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз


Ойын: «Психологиялық мүсін»


2. Жүргізуші балаларға денелерімен жалпы бір бейне «мүсіндеулерін» сұрайды. Кілемде жатып та жасауға болады.

Мысалы: гүл, теңіз жұлдызы,машина, т.с.с.

Балалар мүсіндеп қана қоймай,оны тірілтеді.


3. Өткен сабақта көрген үзіндіні еске алу.

Балалар көргендерін еске түсіріп,алмасып,кезек-кезек әңгімелейді.


4. Ән: «Көгілдір вагон».



5. Үйге бір аптаға тапсырма: Ата-аналарыңмен бірігіп ең мейірімді жан

деп ойлайтын адамыңды салып кел.


3 тренинг Шыншылдық


Міндеті:

Балаларға шыншылдық жайында жалпы түсініктеме беру.


1. Шыншылдық жайлы әңгіме жүргізу

а)Шыншылдық не үшін қажет?

ә) Шыншыл адамды қалай тануға болады?


Түсініктеме:

а) Шыншылдық-ол адамның айтқаныннда тұрып, сөздің іспен дәлелденгені.

ә) Егер адамда мұндай қасиет болмаса, оны түсіну қиынға әкеліп соғады. Себебі,оныңқай жерде шын,қай жерде өтірік айтып тұрғаны қиын.


Негізгі бөлім:

1. «Бүркіттің досы сұңқар». Халық ертегісі


Бір күні бүркіт өзіне сенімді до іздеп,әлемге хабар беріпті.

Құстар жиналып,бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.

Қаз айтады:

-Мен суда да жүземін, ұша да білемін,-депті.

Жапалақ ортаға шығып:

-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,-деп мақтаныпты.

Құстардың көбі өзін-өзі мақтаған екен.

Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:

-Сен неге үндемейсің?Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.

Сұңқар:

-Менің үндемей тұрған себебім,өзімде түрлі қасиет те жоқ,бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқты шаршамай ұшу,-депті

Бүркіт:

-Бір басыңа осы қасиет те жетеді.Маған сен ғана дос бола аласың.Шыншыл екенсің,-депті.


Сұрақтар:

-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүркіт неге өзіне дос қып сұңқарды таңдап

алды?

-Сұңқардың бұл ісі дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

-Қалған құстар қандай екен?


Ойын: «Мен қандаймын»

Ойын барысы: Әр бала қолындағы доп арқылы өз қасиетін атайды.

Мысалы: Мен батылмын немесе мен шыншылмын т.с.с.


Нақыл сөздер:

«Асыл қасиет-адалдық»

«Өтірік айтқан күнде өледі»

«Сын-шындығымен,

Отбасы-бірлігімен».


Ата-аналарымен нақыл сөздерді жаттап келу


4 тренинг Өткен тақырыпты бекіту


Мақсаты: Шыншылдық жайлы білімдерін бекіту.


1.Бөлмеде баяу,жанға жайлы әуен арқылы балалар эмоц. күйге енеді.

Негізгі бөлім:


2.Ойын: «Сөздік волейбол».

Шарты: Доп арқылы жаттаған нақыл сөздерді қайталап шығу.


3.Өткен ертегіні еске алып,балаларға кезек-кезек әңгімелету.


4. Тексеру тестісі: «Иә», «Жоқ»

Шарты: Шыншылдыққа байланысты сұрақтар қойылады.Балалар оған иә немесе жоқ деп жауап берулері керек.


5. Қорытындылау.


6. Үйге тапсырма: Нақыл сөздердің мазмұнын ашып келу.


5 тренинг «Сүйішпеншілік»


Мақсаты: Балалармен сүйішпеншілік сезімі туралы сөйлесу


1.Әңгіме:

-Сүйішпеншілік деген не деп ойлайсыңдар?

-Сүйішпеншілік не үшін қажет?


Балалармен әңгімелесу арқылы түсіндіру.


2. В. Сухомлинский: «Ана қанаты»


Жайма шуақ жаз еді. Қаз өз балапандарымен серуенге шығып, оларды шөпті жұлып жеуге үйретті. Балапанадарға шөптер дәмді көрінді. Ауа-райының балапандарға ұнағаны сондай олар аналарын ұмытып жан-жаққа бытырап кетті.

Аспанды бұлт торлады да жерге жауын тамшылары тама бастады. Осы мезетте оларға аналарының жылы қанаты түсіп, жүгіріп барды.

Осы уақытта бұршақ та жауа бастады. Балапандар болса анасының қанаты астында жасырынып жатты.Сол кезде олар қанат ішінде тыныш,ал сыртында қауіпті екенін түсінді. Бірақ олар бұршақтың анасына жауып жатқанын сезбеп еді. Бір кезде ауа-райы саябырсып, тынышталды.Балапандар анасына қанат астынан шығаруын өтінді. Анасы қанатын ашты. Балапандар мәз болып,анасына да қарамай көгалға жүгіре жөнелді. Тек кішкентай ғана балапан: «Ана, саған не болды?»,- деді. Шынында да қаздың қанаттары қатты бұршақтан жаралы еді. Анасы балапанға: «Ештеңе емес, бар ойнай ғой»,-деді де балапандарының қуанышта екенін көріп өзін бақытты сезінді.


3.Ойын: «Тірі қалпақ»


4.Нақыл сөздер:

«Өзіңді қалай сүйсең,

Отаныңды солай сүй»


«Махаббат бар жерде-бақыт бар».


5. Өлең: «Айгөлек» Н.Баймұхамедов

(Махаббат әуендері.-41 бет.)


6. Үйге тапсырма: нақыл сөздерді жаттап келу.


6 тренинг «Сүйішпеншілік» (бекіту)


Мақсаты: Сүйішпеншілік, махаббат туралы түсініктерін бекіту.


Кіріспе: Жайлы әуен тыңдау.


1. Рухани жағдаяттарды шешу

а) Анаңның туған күні. Егер сен оны жақсы көрсең не істер едің?

ә)Сен табиғатты сүйесің,бірақ аулада алаңқай ашық жер,ағаш та ештеңе жоқ.

Сен не істейсің?


2. Тексеру тестісі: «Нәтижеге қадам». Балалар «иә» «жоқ» деп айтады.

Мына адамда сүйішпеншілік бар ма?

а) Ата-аналарын құрметтейді

ә)Көп мейірімді сөздер айтады.

б)Ағаш бұтақтарын сындырады.

в)Біру ауырса көңіл бөлмейді.

г) Бөбектерге көмектеседі.


3. Нақыл сөздерді қайталау:


«Жүрегіңде әрқашан сүйішпеншілік гүлі жайнап тұрсын».


4. Үй тапсырмасы: Отбасы мүшелерімен нақыл сөзді қайталау.


7 тренинг Кішіпейілділік


Кіріспе:


Міндеті: Кішіпейілділік туралы жалпы түсінік.

Кішіпейіл болу- адамдармен тіл табысып,сыпайы болу, құрметтеу.


1. Өткен нақыл сөзді қайталап, бекіту.


2. Ойын: «Кімде қандай қасиет бар»


3. Ойын барысы: Малдың түрі бейнеленген карточкадан балалар олардың қасиеттерін атап көрсетеді. Кім көп айтса сол жеңеді.


1. Өлең шумағын оқу: «Анам маған» М. Мақатаев.


«Анам маған: -«Үлкенді сыйла ,- деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға барам.


Атамнан қалған мұра-ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық-сәби айбарым бар,

Маңдайынан жүргені жүз өлтіріп».


2. Нақыл сөздер:

а) «Тәні сұлу-сұлу емес, Жанысұлу-сұлу».

ә) «Кішіпейілділік пен сыпайылық адамдықтың белгісі»


Ән: «Бақытты баламыз»


8 тренинг «Сыпайылық»


Жағымды әуенді балалар тыңдайды. (2-3 мин.)

1. Ойын: «Не деу керек?»


Ойын барысы: Балалар шеңбер бойы тұрады. Жүргізуші ортада тұрады. Қолындағы допты лақтырып сұрақ арқылы жауап алады. Мысалы: Анаң саған әдемі киім әперсе, не деу керек?(Рахмет) т.с.с.


2. Сыпайылық туралы әңгімелесу.


3. Тексеру тестісі: «иә» деген жауапқа балалар шапалақтайды, «жоқ» деген сөзге алақандарын жаяды.

1.Тәрбиешінің сөзін зейін қойып тыңдайды.

  1. Сөзді бөліп қосарлана кетеді

  2. Құрбыларын сыйлайды.

  3. Талап етпей, сыпайы түрде сұрайды.

  4. Барлығымен дөрекі түрде сөйлеседі

  5. Ойыншықты сұрамай ала береді.

1. Ән: «Бақытты баламыз».

2. Қорытындылау.

9 тренинг Тілалғыштық

Мақсаты: Балаларға тілалғыштық туралы мағлұмат беру.

1. Балалармен әңгімелесу.

а) Сендер үлкендердің тілдерін аласыңдар ма?

ә) Тілалғыш бала қандай болуы керек?

б) Өздеріңді қандай баламыз деп ойлайсыңдар?

2. Нақыл сөздер жаттау: «Үлкендердің ақылын мұқият тыңдап,айтылған

сөздің мағынасые түсінуге тырыс»

3. Ойын: « Құпия»

Әр балаға әдемі қорапшадан бір-бір затты алақандарына салып,алақандарын жабады. Ойыншы балалар бөлмеде жүріп кімде не екенін білу мақсатында бір айла тауып,біліп алады.

4. Қорытындылау бөлімі.

5. Ән: «Бақытты баламыз».

6. Үйге тапсырма: Әңгіме құрастырып келу.

10 тренинг Үлкендердің тілін алу

Мақсаты: Алған білімдерін бекіту.


1.Жағымды әуен арқылы эмоцианалдық күйге ену.


2. Өткен тренингті қайталап бекіту.


3.Ойын: «Айна»


4.Тексеру тестісі:


  1. Балабақша ережелерін жақсы біледі.

  2. Өз сөзі мен міндетін ескертусіз орындайды.

  3. Сіреудің сұранысы ұнамаса, ашуланып.әуреленеді.

  4. Біреу бақылағанда ғана тілалғыштық көрсетеді.

  5. Өз қатесін түсінеді.

Ойын: «Қарама-қарсы»


Ақырын сөйлесе-қатты сөйлеу

Тұрса-отыру

Баяу жүру-тнз жүру

Алға жүрсе-артқа жүру


(Бұл ойын сөзсіз өтеді)

Ән: «Балғындар маршы»


Нақыл сөз:

1. «Қайырымды жүрек қартаймайды».

11 тренинг Достық. Татулық


Міндеті: Балаларды татулыққа, достыққа баулу

Дос,тату болу-ол жан-жағыңдағы айналаға құштарлана қарап,адамдардың жасаған жақсылықтарына қуану.

Әуен тыңдау. (2-3 мин.)

1.Ертегі: «Екі дос».

«Бірде орманмен екі до келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісіүлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.

Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады.Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып: «Аю саған не айтты?,- дейді. «Ол маған, досын тастап кеткен дос-дос емес»,-деді дейді.»


Әңгімелеп болған соң балалар сахналайды. Ал жүргізуші болса автор болып тұрады.

Сұрақ:

1 Дос деген қандай болуы керек?

2.Нағыз дос деп осы екі баланы атауға бола ма?


  1. Нақыл сөзді талдау:

«Достық пен бірлік кез келген байлықтан да қымбат».

5.Ән: «Достық».

Үйге тапсырма: Достық жайлы ертегі тауып, әңгімелеп келу.

12 тренинг Достық. Татулық. (бекіту)

Мақсаты: Алған білімдерін қайталап, бекіту

Жағымды әуенмен көңіл-күйлерін көтеру.


  1. Өткен нақыл сөздерді қайталап, мазмұнын сұрау.

«Достық пен бірлік кез келген байлықтан да қымбат»

а) Бірлік дегеніміз не?

ә) Неліктен достықты бәрінен қымбат дейді?

б) Дос болған жақсы ма?

2. Өткен ертегіні қайталап, айтқызу

3.Үй тапсырмасы бойынша дайындап келген ертегілерін айтқызу.

4.Сахналау: «Екі дос».

13 тренинг «Құрметтеу»


Мақсаты: Құрмет жайында түсінік беру.


Есте сақтау, ойлау,қиялдарын дамыту.


Баяу әуен тыңдау.


1. Балалармен құрмет сөзі жайында сөйлесіп,әңгімелесу.

2.Әңгіме: «Ата мен немере» Л.Н Толстой

«Ата қартая келе әлсізденіп, жүре алмайтын халге жетеді. Тамақты да дұрыс іше алмайтын болады. Бір күні ата тамақ ішіп отырып, кесені құлатып алады. Ал келіні баланың анасы болса оны ұрсады.»Енді тамақты пеш түбінде ағаш ыдыспен ішісің»,-дейді оған.

Ал ата болс күрсініп ештеңе айтпайды. Ата осылайша тамақтанып жүреді.

Бір күні анасы жұмыстан келсе, баласы бір бұрышта ағаш ыдыстармен ойнапжүргенін көреді. «Не, істеп жүрсің?,- дейді анасы. « Мен әкем екеуіңе ағаш ыдыс жасап отырмын, сендер қартайғанда осы ыдыспен тамақтандырамын»,-дейді.

Анасы өз қылығынан ұялып,атаны үстел басына отырғызатын болды.


Сұрақ-жауап


3.Нақыл сөздер:

а) «Ағаштың жемін жеймін десең,түбіне балта шаппа».

ә) «Адалдық-өмірден қымбат».

б) «Қайырымды жүрек-қартаймайды»


Сөздік: түбіне, адалдық. Балалаға жаңа сөздерді түсіндіру.


14 тренинг «Құрмет» (бекіту)


Міндеті: Алған білімдерін тиянақтау.


  1. Жайлы әуенмен эмоцианалды-позитивтік көңіл-күй орнату.


  1. Рухани ситуациялардан шыға білу:


а) Сабақ кезінде сенің сөйлескің келеді, Тәрбиешіні сыйлағандықтан сен не

істер едің?

ә) Сенің анаң құрбысымен телефон арқылы маңызды әңгіме айтып отыр.

Саған да телефон керек. Сен не істейсің?

б) Сенің көзіңше сенің досыңды жамандайды. Сен не істейсің?

3.Ойын: «Соқыр футболшы»


Ойын шарты: Бір бала көзі жұмулы бойында жерде тұрған допты тебу

керек.


4.Нақыл сөздерді қайталау.


15 тренинг «Қайырымдылық»

Мақсаты: Балалаға қамқорлық жөнінде түсінік беру.


Әуен тыңдау.


1.Әңгіме: «Жеті қыз» В. Сухомлинский.


2.Ойын: «Науқасқа көмектес».


Ойын барысы: Бір бала аяға ауырған болып орындықта отырады.Басқа бала

оны қолынан жетектеп қарама-қарсы тұрған орындыққа

жеткізуі тиіс.


3.Нақыл сөздер: «Әр адамға өз туысыңдай қамқорлық жаса»

«Өзіңді аямай, жан-жағыңа қамқорлық жаса».


4.Ән: «Балғындар маршы».


5. Үй тапсырмасы: Нақыл сөздерді жаттап келу.


16 тренинг «Қайырымдылық» (бекіту)

Мақсаты: Қайырымдылық жайлы алған білімдкрін бекіту


Жайлы әуен тыңдау.


1.Әңгімені қайталау: «Жеті қыз».


2.«Паровоз» ойыны арқылы нақыл сөздерді қайталау.


3. Ситуациялық кезеңдер туралы әңгімелесу.

4. Ойын: «Соқырды жеткіз»

Ойын барысы: Көзі жұмулы баланы ортада тұрған қоршаулардан алып

шығу керек.


5.Нақыл сөздерді қайталау.


17 тренинг «Тәртіптілік»

Міндеті: Балаларға тәртіптілік жөнінде түсінік беру.

Жайлы әуен тыңдау.

  1. Әңгімелесу:


а) Не үшін тәртіпті болу керек?

ә)Тәртіпті бала қандай болады?

б) Сен өзіңді тәртіптімін деп ойлайсың ба?


  1. Әңгіме:

« Ертеде бер адамның екі баласы болыпты. Екеуі де ақылды, әрі әдемі екен. Оқуды бітірген соң олардың әкесі балаларды қалаға іс үйренуге жібереді.

Екі бала бір шеберге қамыт жасауға көмекші болады. Біреуі қараңғыға дейін шеберханада болып, ал екіншісі ерте кетіп көп қыдырады екен. Бірақ екеуінің де жасаған қамыттары адам қызыққандай әдемі болып шығады.

Бір күні екіншісі біріншісіне:

-«Немене, кешке дейін боласың ба, жүр көңіл көтеріп қыдырып қайтайық»,-

дейді.

-Жоқ, барғым келмейді. Көп қыдырғаннан пайда жоқ..

Осылайша екеуі ұрыссып қалады. Сонымен көп жыл өтеді. Екі жігіт кездесіп қалады. Біреуі аты шыққан шебер болса, екіншісі аты шыққан маскүнем екен.

-Балалар, айтыңдаршы, кім мұнда дұрыс емес?


3.Ойын: «Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты: Адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды-жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді бояуларын ұсынады.

Соңында әр баладан қалаған түстері туралы сұрап,әңгімелесу.

3.Нақыл сөзді жаттау.


а) «Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».

Абдуалла Рудани


Сөздік: Ізгілік


4.Үйге тапсырма: Өз күн тәртібіңді құрап кел.


18 тренинг «Тәртіптілік» (бекіту)

Міндет: Алған білімдерін бекіту.


1. Нақыл сөзді қайталап, мазмұнын сұрау.

2. Рухани ситуацияларды шешу.


а) Сен күн тәртібін сақтайсың. Бірақ теледидарда қызықты

хабар болып жатыр. Егер сен тәртіпті болсаң не істер едің?

ә) Топта балалармен ойнап-ойнап шаршадың. Ойыншықтар

шашылып жатыр. Сен не істейсің?


3. Тексеру тестісі: Жеңіске қадам»


-Мына адамды тәртіпті деп атауға бола ма?

-Өз міндетін атқарады.

-Күн тәртібін сақтайды.

-Ешкіммен санаспай, өзіне ұнағанын жасайжы.

-Тәрбиеші барда ғана өзін жақсы ұстайды.

- Балабақша ережесін сақтайды.


4.Ойын: «Ізгілік».


5. Балалармен күн тәртібін талқылау.


19 тренинг «Мейірімділік»

Міндеті: Мейірімділік жайлы түсінік беру.


Жайлы әуен тыңдау.

1. Әңгіме: Бір күні ауа-райы салқын, әрі дымқыл еді,себебі далада жауын жауып тұрған. Бір бала үйіне мектептен кеш келе жатты. Оның тоңғаны соншалық үйге тез жетіп, жылы жерде болғысы келді.Ол анасының дәмді тағамын аңсады.

Бір мезетте ол жалынышты бір дыбыс естіді.Тыңдамай кетіп қалғысы келіп еді, бірақ тоқтап тыңдады. Қараса жауын астында тоңып отырған мысықты көріп,аяп кетеді. Ол мысықты алып, қойнына қысты. Ал мысық болса баланың жылы алақанынан жылынап, көңілді бейнемен балаға қарағандай болды. Ол оған алғысын айтып жатқандай болды.

Ал бала болса мысықты үйіне алып келіп, тамақ беріп үйінде қалтырды.

2.Әңгіме бойынша балалармен әңгімелесу.


3.Ойын: «Сиқырлы сақина».


5.Нақыл сөз:


«Сөзбен ғана емес, ісіңмен мейірімді бол».


Нақыл сөздердегі таныс емес сөздерді түсіндіру.


6.Отбасы мүшелерімен нақыл сөзді жаттау.


21 тренинг «Батылдылық»

Міндеті: Балалаға батылдылық жөнінде түсініктеме беру.


Жайлы әуен тыңдау.


  1. Әңгіме:

« Бір бала далада ойнап жүріп аяғын сындырып алады да, қатты жылайды. Анасы оны көріп талып қалады. Анасының күйін көріп ол жылауын қойып,дәрігер байлап жатқанда да тыныш жатты. Дәрігер:

-Сенің аяғың ауырмай ма? Жыламайсың да. Бұлай тек нағыз батыл жігіттер ғана болады»,-дейді.

Анасы бөлмеден шыққан кезде, ол:

-Қалай ауырмасын, анам қиналмасын деп шыдадаым,- дейді.


  1. Балалармен батылдылық жайында әңгімелесу.


а) Батыл болу деген не?

ә) Не үшін батыл болу қажет?

б) Батылдылық неден білінеді?


  1. Ойын-пантомима


4.Ойын барысы: Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы: топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін тапсырмалар беріледі.

-ауырған адам

-шаршаған адам-ренжіскен достар

-кінәлі

5. Нақыл сөз жаттау:


а) «Қорқақ-қашқан кісі,

Батыл-шанышқан кісі».


  1. Сурет салу: Әңгімеден елестеткендерін бейнелеу.

22 тренинг Батылдылық (бекіту)

Міндеті: Балалардың алған білімдерін бекіту.


1. Жайлы әуен арқылы балалармен батыл адамдардың қасиеті жөнінде әңгімелесу.


2. Өткен нақыл сөзді қайталау.

3. Рухани ситуацияларды шешу.


Сұрақ:

а) Егер батыл болсаң біреуді бір топ балалар тиісіп жатса не

істер едің?

ә) Сен қараңғыдан қорқасың, батыл болсаң не істер едің?


4. Ойын-пантомиманы қайталау.


5. Сурет: «Батыл адам қандай болады».


23 тренинг «Шешімділік»


Міндеті: Балаларға шешімділік туралы түсінік беру.


1.Ертегі:

«Бірде патша өз орнына кімді қалтыратынын білгісі келіп уәзірлерін сынамақ болып, жинайды.Ол барлығын жинап алып, бір үлкен есікке әкеліп,ашуын талап етеді. Барлығы есікті жан-жақтан қарап аша алмайтындарын айтты.

Тек бір ғана уәзір құлыпқа жақындап, құлып толығымен жабық емес екенін көреді де,тартып қалып ашады.

Патша бұл уәзірінің шешімділігіне разы болып, ең басты уәзір қылып сайлайды».


2.Балалармен әңгіме жайлы әңгімелесу.


  1. Ойын: «Көпір»

Ойын шарты: Еденде екі жол ретінде лента жатады. Балалар осы лента

арқылы көпірден өтуі керек.

  1. Нақыл сөз:

«Ештеңеден қорықпай әрқашан алға ұмтыл»


Нақыл сөзді талдау.


  1. Балаларды естіген ертегіні саханалауға үйрету.

24 тренинг «Шешімділік» (бекіту)

Міндеті: Шешімділік туралы білімдерін бекіту.


Жайлы әуен тыңдау арқылы балалардың эмоцианалдық күйлерін көтеру.


1.Нақыл сөзді қайталау:

«Ештеңеден қорықпай, алға ұмтыл».


2.Рухани ситуацияларды шешу:


а) Сен велосипедке отыруға қорқасың. Шешімді болсаң не істер едің?

ә) Өзіңнің жаман әдеттеріңнен арылғың келеді.Шешімді болсаң не істер

едің?

б) Мектептен шаршап келдің. Үй тапсырмасын орындағың келмейді. Не

істер едің?


3.Ойын: «Көпір»

4. Патша мен уәзірлер ертегісін сахналау.


5.Үй тапсырмасы: Отбасы мүшелерімен нақыл сөздерді қайталау.


25 тренинг «Шыдамдылық»


Міндеті: Балаларға шыдамдылық жөнінде түсінік беру.


Жайлы әуен тыңдау.


1.Балалармен шыдамдылық жөнінде әңгімелесу.


а) Шыдамды деген не?

ә) Не үшін шыдамды болу керек№

б) Шыдамдылық неден білінеді?


Шыдамды болу-олбір нәрсені тоса білу. Шыдамды адам ешқашан ызаланайды, ашуланбайды. Ол өзін ұстай біледі.

Шыдамдылық-ол қиын уақытта ештеңеден мойымау.


1.Ойын: «Ұстамдылық»

Ойын барысы: Балалар шеңбер бойы тұрады. Жүргізуші қимыл жасауларын сұрайды.


Мысалы: Бір аяқпен тұру немесе қолды көтеріп тұру.

Балалар бұл ойында шыдамдылық көрсетуі қажет.


2.Нақыл сөз: «Шыдамдылық-олтамыры ашты болса да,

жемістері дәмді ағаш».

Таныс емес сөздерді түсіндіру.


3.Ән: «Әйгөлек».


5.Үйде нақыл сөздерді қайталап, бекіту


26 тренинг «Шыдамдылық» (бекіту)


Міндеті: Балалардың алған білімдерін бекіту

Жайлы әуен арқылы балаларды эмоцианалдық күйге енгізу.


1.Өткен нақыл сөзді қайталау.


Балалардан бұл нақыл сөздерден не түсінгендерін сұрау.


2.Рухани жағдаяттарды шешу.

Балалардан жағдаяттардан қалай шығу керек екендерін білу


а)Сен бір іске кірістің. Жалығып кеттің. Шыдамды болсаң не істер едің?

ә) Әкең саған демалыста балыққа барамыз деп бара алмайтынын айтты.

Шыдамды болсаң сен не істер едің?

б) Сенің інің екеуіңе бір кәмпит қалды. Шыдамды болсаң сен не істер

едің?


  1. Өлең: «Жақсы мен жаман». Р Тышқанбаев.


«Жақсы бала құлақ сап,

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.


Жаман бала құрысып,

Өз-өзінен тырысып.

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып».


Балалармен өлеңнің мазмұны туралы әңгімелесу.


Ән: «Көгілдір вагон»


27 тренинг «Кешірімділік»


Міндеті: Балаларға кешірімді болу не екенін түсіндіру.


Жайлы әуен тыңдау.

1.Балалармен кешіріділік туралы әңгімелесу.


Мысал келтіре отыра балалармен әңгімелесу.


а) Кешірімді болу деген не?

ә) Неліктен кешірімді болу қажет?

б) Қателік жасайтын адамдар бола ма?


1.Ойын: «Орамал тастамақ».


  1. Ертегі: «Арыстан мен тышқан». Мен-Адаммын. 69 бет.

  2. Нақыл сөз:

«Кешірімділік-адамдықтың белгісі».


Таныс емес сөздермен таныстыру.


5.Ән: «Ақпыз, сары, қарамыз»


Үйге тапсырма: Нақыл сөздің мазмұнын ашып көрсету.


28 тренинг «Кешірімділік»

Жағымды әуен тыңдау.


1.Балалармен өз бастарында болған жағдаяттар туралы сөйлесу.


а) Сенің біреуді ренжіткенің болды ма?

ә) Ренжіткен жағдайда сен не істедің?

б) Ашуланып, кешірмейсің. Дұрыс па?


2.Нақыл сөзді қайталап, балалардан мазмұнын сұрау.

Ойын: «Бесінші артық»


Ойын барысы: Ортада 4 орындық. Балалар әуен арқылы орындықтарды айналып, жүгіреді. Әуен біткенде отыра қалулары керек. Үлгермеген бала ойыннан шығады..


3.Ән: « Достық».


5.Үй тапсырмасы:

«Менің отбасым» тақырыбында сурет салып келу.

29 тренинг Соңғы тренингке дайындық

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау.


1. Балалардан қанша жақсы қасиеттерді үйренгендері туралы сөйлесу.


2. Барлық тренингте өткен ән, өлеңдерді еске түсіру.


3. Өткен ертегілер бойынша сахналау ұйымдастыру.


4. Жапсыру. Балаларға ата-аналарына сыйлық жасауды ұсыну.


30 тренинг Қорытындылау

Ата-аналармен, балалармен дөңгелек үстел басында кездесу


  1. Ата-аналар мен балаларды тренингтің аяқталып, балалардың көп жағымды қасиеттермен танысқандарымен құттықтау.


  1. Өткен өлеңдер мен әндер, нақыл сөздерді қайталау.


  1. Өтілген ертегілерден 1-2 сахналау көрсету.


  1. Тәтті тағамдардан шай ұйымдастыру.







© 2010-2022