«Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды » тақырыбындағы тренинг« Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды »

Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның

жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке

тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.


Сынып жетекшінің сөзі:

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.

Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты - жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы - заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.

Жаңа ғасыр тәрбиесінің басты міндеті - жалпы адамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негзгі мақсаты - адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік , имандылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс- тәсілдерін рухани болмыс арқылы түсіндіру

Өмір салты, рухани мұра , адамгершіліктің ұстанымдар адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл - ой көмегімен жүзеге асырылса руханилыққа қол жетпек. Алу руханилықтың өлшемі- адамгершілік, мәні-өмір сүру, шегі -табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.

Қорыта келгенде, жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай тұлға болу керек.

«Айналамдағылар менің қандай қасиетімді бағалайды» тақырыбына сәл пікірталас жасалық.

- Қане қай оқушы сөз алғысы келеді.

Тыныштық сәті.

  • Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

  • Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған

мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде

психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз

сыныптастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.

  1. Кіммен дос болғың келеді?

  2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?

  3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Дос дегеніміз асыл қасиет. Әр біріміз өз достарымыздың бойынан мына қадір - қасиеттерді көргіміз келеді олай болса экранға назар аударайық.

Достыққа, адалдыққа , жалпы адам бойындағы қадір - қасиеттерді даналарымыз былай сипаттап шешендік тілмен айтып кеткен екен, олай болса назар салып қарап екі бағанда берілген сөздерді рет ретімен реттестіріп көрелік

. «Халық даналығының қазынасы»

Сіздерге екі бағанда сөз тіркестері мен сөздер берілген. Осы сөздерді пайдалана отырып, халық даналығындағы мақал немесе нақыл сөздерді құрастырыңыз.

Бала тәрбиесі - бесіктен.

Әдепті бала - арлы бала,

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы - тіл.

Әдепті дегенше, әдемі десейші.

Тәрбие басы - тал бесік.

Мінекей қандай дана адамдар ,қандай асыл сөздер айтып кеткен, олай болса енди бір сәт заман талабына орай бала құқығын қорғау заңдарына да мән берелік.

  • 2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының үкіметінің №1245 қаулысымен бекітілген

  • 2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасы

  • Бағдарламаның мақсаты:

Әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету арқылы балалар өмірінің сапасын арттыру.

Мектепішілік тіркеуге қою критерийлері

  • Сабақты босату

  • Қоғамға қайшы келетін мінез-құлық элементтерінің болуы (дөрекі сөйлеу, төбелес, өрескелділік, шылым шегу,оқушылардың ар-намысына тию)

  • ПАЗ (психоактивті заттар) қолдану (бір рет болса да)

  • Отбасының әлеуметтік сәтсіздік жағдайы(әлеуметтік жағдайлардан туындаған аурулар, қаңғыбастық, қайыр тілеу және т.б.)

Құрметті оқушылар !

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды ңазарларыңызға ұсынамыз:

  1. Жасөспірімдердің топтасқан жерлері мен ішімдік ішкен адамдардың жанынан аулақ жүру.

  2. Сағат 20.00 ден кейін көшеде жүрмеу

  3. Ойын залдары мен ойын автоматтарына барудан бас тарту;

  4. Түнгі уақыттарда компьютерлік салондарда қалмау;

  5. Бопсалаушылықпен айналыспау, егер де өздерің сондай жағдайға тап болған кезде ата-аналарыңнан жасырмау;

  6. Құқық бұзушылықтарға, қылмысқа бармау, егер сендерге қысым көрсеткен жағдайда ата-аналарыңа және мектепке ақпарат беруге тырысу

  7. Құқық бұзушылыққа бейім болып көрініп, күмән тудыратын топтардан аулақ болу;

  8. Әрдайым осы ұсыныстарды ұстанатын болсаң, өзіңді құқық бұзушылықтан алыстатасың

Балаларға арналған жаднама

Ақша және басқа да заттарды бопсалаушылығының зардабын шекпеу үшін:

  • Бар фактілерді жасырмаңыз;

  • Бопсалаушылық кезінде ол адамды есте сақтап қалуға тырысыңыз (аттарын, тәртібін, басқа да қылықтарын);

  • Бопсалаушылардан қорықпандар, олар кәдімгі қылмыскерлер;

  • Бопсалаушылық кезінде үлкендердің, жанындағы адамдардың назарын аударуға тырыс (қатты сөйле, айқайла, қашып кетуге әрекетер жаса т.б.);

  • Егер олардың талаптарын орындай алмасаң, кейін орындауға уәде бер;

  • Бопсалаушылық жағдайы туралы ата-аналарға, мектеп инспекторына, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне хабар бер. Осындай сіздер мен біздер аулақ жүретін жайттар бар, осы қағидаларды естен шығармауға тырысалық.

2. Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

  1. Жігер деген - Мен

  2. Күш деген - Мен

  3. Махаббат деген - Мен

  4. Кешірім деген - Мен

  5. Құдірет деген - Мен

  6. Жасөспірімдік деген - Мен

  7. Жастық шақ деген - Мен

  8. Денсаулық деген - Мен

  9. Адалдық деген - Мен

  10. Жарқындылық деген - Мен

  11. Бар ғажайып деген - Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

Ал, балалар! Енді мен сіздерді сергіту сатине шакырам олай болса тренингтік ойындар ойналық. «Мен сізге жазамын.....» ойыны

Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылған қолыңызда парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?

Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек.

Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақ сол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңыз бен фамилияңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын айтқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған парақты оқиды.

Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттермен алмасады.

Талқылау:

1.Өзінің басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың?

2. Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай? Және т.б Ойын соңында психолог бұл парақты сақтап, өмірдің қиын кезеңінде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз.

«Аяқталмаған сөйлемдер» рефлексиясы

  • Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».

  • Бүгінгі іс-шарада менің түсінгенім __________________________________

  • _________________________________________________________________

  • Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны ____________________________

  • _______________________________________________________________

  • Мен үшін қиын болғаны____________________________________________

  • ________________________________________________________________

  • Маған түсініксіз болып қалғаны ____________________________________

  • ________________________________________________________________

  • Өз іс-тәжірибем үшін алдағы уақытта қолданатыным __________________

  • ________________________________________________________________

  • ________________________________________________________________

  • Бүгінгі іс-шарада мен үшін ең тиімді болғаны _________________________

  • _________________________________________________________________

  • Аталған мәселелер бойынша білгім келетінім ________________________

  • _________________________________________________________________

Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Айналамдағы адамдар менің қандай қасиеттерімді бағалайды деген сұраққа , жауап беру үшін бүгін бізде айтылған қасиеттер бойымызда болса, онда ол тұлға айналасың өзіне сүйсіндіре алатын, өзіңе адал дос жинай алатын, біреуге үлгі бола алатын жан деп есептейміз, бәріңізді бойына адамгершілік қасиеттерін дарытқан азамат болуға шақырамын.







№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебі































2016 жыл

© 2010-2022