«Баланың мамандық таңдаудағы ата – ананың ролі»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Көкпекті ауданы

«Көкжота орта мектебі»КММ

Педагог-психолог: Оразаева Назгуль Кадыровна

Санаты ІІ Еңбек өтілі 5 жыл

Сабақ тақырыбы: « Баланың мамандық таңдаудағы ата - ананың ролі»

Мақсаты: Жеке тұлғаның тиімді мамандық тандауда профессионалды түрде кәсіби кеңес өткізу керектігі туралы, жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау барысындағы педагог-психологтың тиімді жұмысының бағыттарымен таныстыру.

Сабақ барысы:

Мұғалім осы тақырыпта баяндама оқыды.

Тақырыбы:Баланың мамандақ таңдау мәселесіндегі ата - ананың ролі.

Слайдтар арқылы сауалнама жүргізілді.

Сіз қандай ата-анасыз?

1.Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасына қарамай,онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаыңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 бал.

2.Кейде ғана келісемін - 2 бал.

3.Келіспеймін - 1 бал.

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16 Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 Балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Сауалнама жүргізіліп болған соң ата - аналар мен де оқушылармен де тренинг ойыны өткізілді


© 2010-2022