Коррекциялық дамыта оқыту сыныптарыдағы психологтың сабағы Бояулар мерекесі

Коррекциялық дамыта оқыту сыныбына арналған  психологиялық сабақ     Психолог Баезова Г.Ш          Тақырыбы:Бояулар мерекесі Мақсат-міндеттері:  Заттардың түстері туралы түсініктерін бекіту; Дененің жалпы және  қолдың ұсақ моторикасын дамыту; Қабылдау, зейін, жады және ойлау процесстерін дамыту; Коммуникативтік қатынас жасау және командада жұмыс жасауды дамыту. Көрнекілік:түстердің эталоны,шақыру қағазы,суреттер,ватман қағазы, ханзада сарайының боямақ қағазы,түсті ленталар, қылқаламдар, бояул...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коррекциялық дамыта оқыту сыныбына арналған психологиялық сабақ

Психолог Баезова Г.Ш

Тақырыбы:Бояулар мерекесі

Мақсат-міндеттері:

Заттардың түстері туралы түсініктерін бекіту;

Дененің жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Қабылдау, зейін, жады және ойлау процесстерін дамыту;

Коммуникативтік қатынас жасау және командада жұмыс жасауды дамыту.

Көрнекілік:түстердің эталоны,шақыру қағазы,суреттер,ватман қағазы, ханзада сарайының боямақ қағазы,түсті ленталар, қылқаламдар, бояулар гуашь,акварель

Сабақтың барысы:

1.Өткен түстерді қайталау

Біз, Сіздермен Боялар Елінің барлық қалаларында болдық. Қазір осы түстердің бәрін есімізге түсіреміз.

Тақтаға барлық түстердің эталоны қойылады, балалар атайды.

Енді біз әр қаланың өзіміз білетін тұрғындарын айтамыз.

Оқушылар мұғалім көрсеткен әр қаланың тұрғындарын атайды.\

Банан-сары

Балапан-сары

Кызыл телпек-қызыл

Апельсин-тоқсары

Бақа-жасыл

Шоколад-қоңыр

Қоңыраугүл-көк

Енді жаттаған өлеңдерімізді айтамыз.

Оқушылар шығып өлеңдерін оқиды

Қызғалдақты қып-қызыл

Қызыл түсті көбелек

Айналады дөңгелеп

Қызыл менің бақшам да

Қызынақ та, шалғам да

Сурет салдым, күн салдым

Сары бояу жағып мен

Күз де сары, жер де сары

Суретімде алмұрт сары

Жасыл пияз, жасыл қияр

Жасыл түсті бақшамыз

Жапырақ та, ағаш та

Жасыл жазда жайлауым

Көгілдір менің аспаным

Көгілдір суым, көлім де

Көгілдір таулар елімде

Көгілдір менің туым да

Тоқ сары түс түлкі

Түс көріпті күлкі

Қоянда болып қонақта

Тоқ сары сәбіз ұнапты

Сәбіз жей ме түлкілер?

Аңдар естіп бір күлер

Бүгін бізді қонаққа Бояулар елінің ханшайымы шақырып отыр.

Ал, міне ханшайымның жіберген шақыру қағазы.

.

2.Сабаққа «кіру» рәсімі. Ойын «Түрлі-түсті поезд».

Музыка ырғағымен «поезд» болып жүру.

3. «Гүлдер» ойыны

Көк шалғында көптеген гүл өсіп тұр

Өздеріңе таныс гүлдерді атап, түсін ажырата алсаңдар, ханшайымға сыйлық етіп береміз.

Оқушылар таңдап алып, атап, тақтаға қадайды.

4. Енді балалар, біз жаттығу орындаймыз, мына заттардың аттын, түсін бір-бірлеп атаймыз, содан кейін жалпы атауын есімізге түсіреміз

Бұл не?

Сәбіз-

Қызанақ

Қияр

Картоп

Баклажан

Бұрыш

Сонымен жалпы сәбіз, қызанақ, қияр, картоп, баклажан, капуста, бұрыш - бір сөзбен, жалпы атуы- көкөніс.

Алма, лимон, апельсин, жүзім,банан-бір сөзбен -жемістер

Ал, бұл не -құлпынай.Ол-жидек. Құлпынайдың түсі қандай?

Жақсы балалар, енді сендер бақшада, бақта өсетін көкөністердің, жемістердің, жидектердің түсін атай аласыңдар.

4. Түрлі-түсті Ханшайымға сыйлық

Ал, енді ханшайымның сарайына кеттік.

Балалар, Жалмауыз кемпір Ханшайымның сарайын сумен шайып бояуын кетіріп тастапты. Не істейміз?

Бәріміз бірігіп бояп берейік.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен ватман -қағазға сарайды бояйды.

5.Би

Тамаша. Біз ханшайымның сарайын құтқардық. Билеп,көңілденіңдер депті.

«Қаражорға» биі

6.Ескерткішке алақан

Сонымен балалар біз заттардың түстерін ажырата аламыз, енді Бояулар Елімен қоштасамыз. Түрлі -түсті ханзада ескерткішке алақандарыңды тастаңдаршы дейді.

Мұғалім балалардың алақандарына бояу жағып береді, оқушылар алақандарын қағаздың үстіне қойып,ізін «ескерткішке» қалдырады.

7.Ертегіден шығу рәсімі. Бояулар елінің тұрғындарымен қоштасу

Бояулар елінің ең сүйікті түрғынымен қайтіп , қоштасамыз?

поезбен кету

Қызғалдақты қып-қызыл

Қызыл түсті көбелек

Айналады дөңгелеп

Қызыл менің бақшам да

Қызынақ та, шалғам да

Сурет салдым, күн салдым

Сары бояу жағып мен

Күз де сары, жер де сары

Суретімде алмұрт сары

Жасыл пияз, жасыл қияр

Жасыл түсті бақшамыз

Жапырақ та, ағаш та

Жасыл жазда жайлауым

Көгілдір менің аспаным

Көгілдір суым, көлім де

Көгілдір таулар елімде

Көгілдір менің туым да

Тоқ сары түс түлкі

Түс көріпті күлкі

Қоянда болып қонақта

Тоқ сары сәбіз ұнапты

Сәбіз жей ме түлкілер?

Аңдар естіп бір күлер



































© 2010-2022