Психологиялық әдістеме Сөздік қабілетті анықтау

Бұл әдістеме нақты жалпыланатын сөзбен логикалық байланысы бар және түптік белгілері ортақ сөзді таңдауды талап етеді. Бланкіде жалпыланатын 10 сөз және әр қайсысында таңдауға түсетін бес сөз қатары бар, оның ішіндегі екеуі жалпыланатын сөзбен тығыз байланыста. Әр тапсырмадағы осы екі сөзді тауып астын сызу қажет. Сонымен қатар, ақыл-ой дайындығын, яғни, өзін қоршаған орта туралы білімдері, іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруді қамтиды. Балалар дұрыс әрі шапшаң ойлауды, қарапайым ойды қорыта білуд...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру мектебі





П с и х о л о г и я л ы қ ә д і с т е м е

«Сөздік қабілетті анықтау»




Психолог: Дюсембаева Ж.Б.





Ақадыр кенті 2015ж

Әдістемеге сипаттама: Бұл әдістеме нақты жалпыланатын сөзбен логикалық байланысы бар, түптік белгілері ортақ сөзді таңдауды талап етеді. Бланкіде жалпыланатын 10 сөз және әр қайсысында таңдауға түсетін бес сөз қатары бар, оның ішіндегі екеуі жалпыланатын сөзбен тығыз байланыста. Әр тапсырмадағы осы екі сөзді тауып астын сызу қажет.

Әдістемемен жұмыс істеу нұсқауы: Құрметті оқушылар! Бланкінің әрбір жолында жақшаның сыртында қарамен жазылған сөз және жақшаның ішінде бес сөз жазылған. Бұл бес сөздің ішінде жақшаның сыртында тұрған жалпыланатын сөзбен тығыз байланысы бар екі сөзді тауып астын сызу қажет. Мысалы, жалпыланатын сөз «бақша» және келесі сөздер қатары (өсімдік, бақшашы, ит, дуал, жер). «Бақша» «итсіз», «дуалсыз» тіпті «бақшашысыз» да болуы мүмкін, ал «жер» мен «өсімдіксіз» болуы мүмкін емес. Ендеше «жер» мен «өсімдік» сөздерінің астын сызу қажет. Әр тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Қандай сұрақтарыңыз бар? Бастаңыздар! (Секундомер қосылады.).


  1. Бақша (өсімдік, бақшашы, ит, дуал, жер)

  2. Аурухана (бөлме, аула, дәрігер, радио, аурулар)

  3. Қала (транспорт, ғимарат, тобыр, көше, велосипед)

  4. Сарай (шөп, қора, ат, шатыр, мал, қабырға)

  5. Бөлу (көбейту, бөлінгіш, қарындаш, бөлінді, қағаз)

  6. Газет (шындық, қосымша, жедел хат, қағаз, редактор)

  7. Ойын (карта, ойыншалар, штраф, жаза, тәртіп)

  8. Кітап (суреттер, соғыс, қағаз, парақ, мәтін)

  9. Махаббат (гүл, сезім, адам, әуен, табиғат)

10. Кітапхана (қала, кітап, лекция, мекеме, оқырман)

Дұрыс жауаптар;

1. Өсімдік, жер

6. Қағаз, редактор

2. Дәрігер, аурулар

7. Ойыншылар, тәртіп

3. Ғимарат, көше

8. Қағаз, мәтін

4. Шатыр, қабырға

9. Сезім, адам

5. Бөлінгіш, бөлінді

10.Кітап, оқырман

Нәтижесі бес баллдық шкалада бағаланады.

Баға, баллдар

5

4

3

2

1

Дұрыс жауаптар

10

9 - 8

7 - 6

5 - 4

3 - 2


© 2010-2022