«Өмір – таңғажайып әлем» семинар - тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

«Өмір – таңғажайып әлем» семинар - тренинг



«Өмір - таңғажайып әлем»

«Өмір – таңғажайып әлем» семинар - тренинг





Педагог - психолог: Есенова Л.С.




Орал қаласы

2015- 2016 оқу жылы



Тақырыбы: «Өмір - таңғажайып әлем»

Мақсаты: Өмірдің ғажайып дүние екендігін насихаттау

Күтілетін нәтижелер:

  • Өзінде бар құндылықтарды бағалай біледі;

  • Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғыады;

  • Өмірге деген құштарлықтары, қызығушылықтары оянады,

  • Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салады, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиеленеді;

  • Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйренеді.

Түрі: тренинг

Формасы: топтық

Қатысушы: 1-2курс студенттері

Құрал - жабдық: қағаз, қалам


Барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…

Жоғарыдағы М.Мақатаевтың өлең жолдары бойынша сұрақтарға жауап алынады.

  1. Осы өлең жолдарынан неі аңғаруға болады?

  2. Бұл өлең сөздерінен қандай әсер алдың?

«Өмір – таңғажайып әлем» семинар - тренинг

«Өмір – таңғажайып әлем» семинар - тренинг


  1. Бейнероликтен алған әсерің қандай?

Берілетін уақыт: 7 минут

ІІ. Мағынаны тану:

  1. Өмірге деген қызығушылықты арттыру мақсатындағы бейнеролик көрсетіледі. Содан алған әсерлері ойынша «Өмір - таңғажайып әлем» деген тақырыпта презентация дайындайды.

Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топта 7 студенттен болады. Қалған студенттер көрермен ретінде ескеріледі.

Берілетін уақыт: 15 минут

1 топ: «Тек қана, алға!».

2топ: «Бәрі де өз қолымызда!».

3 топ: «Біз, саған сенеміз!»

4топ: «Біз біргеміз!»

Кейін әр топ өз презентацияларын қорғайды. Қорғау тәртібі топ шешімімен байланысты болады.

  1. Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.



  1. «Мен өз әлемімнің қожайынымын» жаттығуы.

Нұсқау: Қазір-бір-бірлеп орынан тұрып, омыртқаны тік ұстап, екі иықты түзулеп, үлкен қуаныш және мақтанышпен: «Мен-өз әлемімнің қожайынымын. Өмірімнің әр сәтіне жауапкершілік пен алдағы арманымның да жүзеге асуын өз міндетіме аламын», деген сөзді айту керек.

  1. «Өмір, қымбатсың, маған!»» тақырыбында эссе жазу ұсынылады. Оны қатысушылардың барлығы да орындайды.

Берілетін уақыт: 7 минут

  1. Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсын ба? Жағдаятты рөлдік ойын түрінде сахналап түсіндіру керек.

Жағдаяттар:

1. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.

2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.

3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады.

Шешімі қоштасу болады.

Жауабы:

1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.

2. Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»

3. Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.

Қорытынды:

Өмір деген тұрады:таң мен кештен,

Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.

Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,

Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,

Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.

Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,

Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.

Күн десең де, тірлікті түн десең де,

Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,

Жолында жолығатын қос тағдыр бар:

Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.

Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір дәмі - екі дәм: улы - усыз,

Тірлік татып жатады шулы - шусыз.

Кез келіп тағдырына келеді Адам,

Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.

Қолға түспес дүние жұрт таласқан,

Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.

Сезінер жүрегімен,жаныменен,

Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.

ІІІ. Ой толғаныс:

Рефлексия парағы беріледі. «Галереяға саяхат» стратегиясы бойынша өз ойларын жар қағазына жапсырады, қалғандары сонымен танысады.

«Мен және менің өмірімнің құндылықтары»

Аты - жөні Тобы:

Қымбатты дос! Саған өмір және өмір құндылықтары жайында ой салуды ұсынамыз. Ол үшін келесі тапсырмаларды орында:

  1. Сөйлемдерді аяқта:

Керемет өмір - бұл...

Бақытты адам - бұл...

Адам бойындағы ең бағалысы...

Менің өмірлік мақсатым...


  1. Ең асыл арманың:

Бірінші арман:

Екінші арман:

Үшінші арман:


  1. Өзіңді және өз мүмкіндіктеріңді қалай және қай жерде көрсете аласың (төмендегі сөздердің ішінен ойыңа сәйкес сөзді көрсет):

Сабақта, көпшілік жұмыстарда, үйірме сабақтарында, бос уақытыңда тағы басқа жерлерде толықтырып жаз.


  1. Сенің ойыңша, қайда және қай жерде сені көп түсінеді және сыйлайды. (ойыңа сәйкес сөзді белгіле): сыныпта, үйірмеде, достарыңның арасында тағы басқа жерлерде толықтырып жаз.

Қорытынды:

І.Есенберлин өмір туралы сөзімен аяқталады.

Өмір жолы көшкен керуен соқпақ тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп - қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел белес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп, өзінің деген жеріне жетеді.

© 2010-2022