Тренингттер Жақсы көңіл - күй - денсаулық кепілі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жақсы көңіл - күй - денсаулық кепілі» педагогтар үшін тренингттер

Міндеттері: Қысымды шешу үшін жағдай ұйымдастыру; педагогикалық ұжымды біріктіру; сенімдерін дамыту; өзін - өзі бағалау дағдыларын дамыту және психологиялық кедергіден өту.

Тренингті өткізудің ережелері:

Ашық қатынаста болу;

Белсенділік және әзіл - сықақ;

Осында және қазір.

Тренингті өткізудің барысы:

1. «Сәлем достым» жаттығуы (қатысушылар жұпқа бөлінеді).

Сәлем достым - қатысушылар бір - бірінің қолын қысады;

Қалайсын - қатысушылар бір - бірінің иығынан соғады;

Қайда болдын - қатысушылар бір - бірінің құлағын ұстайды;

Мен сағындым - қатысушы өзіне қарай көрсетіп, кеудеде қолын айқастырады;

Сен келдің - қатысушылар қолдарын жан - жаққа

Жақсы - қатысушылар өз жұптарын құшақтап, бір - бірінің арқаларынан сипайды.

2. «Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

3. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы.

Қатысушылар орнынан тұрады. Байсалды, босаң қалыпта, арқаларын түзу ұстайды. Мұрындарымызбен ішке қарай қатты дем тартып, дем шығарған кезде дауыстап екпінмен дыбыс шығарамыз:

• А - бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді;

• Е - қалқанша бездеріне әсер етеді;

• И - миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсерін тигізеді;

• О - жүрекке, өкпеге әсер етеді;

• У - мүшелерге әсерән тигізеді;

• Я - бүкіл ағзаның жұмыс жасауына септігін тигізеді;

• М - бүкіл ағзаның жұмыс жасауына септігін тигізеді;

• Х - ағзаның тазарылуына көмектеседі.

• ХА - көңіл - күйдің көтерілуіне көмектеседі.

4. «Дене мүшелерінің» биі. (Ырғақты ән ойналады). Біз қоршаған ортаны толыққанды, махаббатпен қабылдауымыз үшін денеміздің барлық қуаттық орталықтарын ашуымыз керекпіз.

Сондықтан барлықтарыңыз менің айтқандарымды және жасап жатқандарымды артымнан қайталаңыздар: алдымен қолдың буындарын қимылдатамыз…кейін шынтақтарымен…басымен…іштерімен…жамбастарымен…аяқтарымен…табандарымен…бәрін бірге қимылдату.

Рефлексия
Біздің тренингттен сендер қандай үміт күттіңдер?
Тренинг үміттеріңізді ақтай алды ма?
Бір - бірімізге рахмет деп айтайық!

«Жақсы көңіл - күй - денсаулық кепілі» екенін ұмытпаңыздар!


© 2010-2022