Конспекты на темуҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау

Мақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ - ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Психолог: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі ҰБТ - ге психологиялық дайындық атты тренингке қош келдіңіздер! Сіздер - Қазақстанның болашағысыздар! Кеше ғана бүлдіршін бала болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сәйгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады.

Амандасу " Үйрек, үйрек, қаз".

Мақсаты: Бір - бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу.

Барысы: қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ішінде айналып жүріп, қолымен көрсетіп "үйрек, үйрек, үйрек...қаз" дейді. Қаз жүргізушіге қарай, қарама - қарсы жүгіреді. Бұл екеуінің орындайтын тапсырмасы - тезірек босаған орынға барып тұру. Ойынның қиындығы - олар ортада кездескенде бір - бірінің қолын алып, реверанс (қимылмен ілтипат білдіру) жасау керек, бір - біріне күлімдеп қарап: "Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш" деп сәлемдеседі де бос орынға қайтадан жүгіреді. Осылай ойын жалғаса береді.

Ескерту: Жүргізуші барлық балалар "Қаз" рөлінде ойнап шығуын қадағалап тұрады. Сәлемдесу мен реверанс нақты көтеріңкі дауыс ырғағымен орындалу қажет.

Трининг "Минасы бар дала"

Ойға алғаныңды іске асыруға бірінші қадамды жасау өте қиын. Адамдарда иррационалды түсініксіз, яғни, қателесу, дұрыс жасамау сияқты қорқыныштар пайда болады. Осының бәрі әрекетсіздікке әкеледі. Осы күйдің себептерін өте ұзақ айқындауға болады немесе бұл жағдайда тәуекел ету жаттығуларының көмегімен түзетуге болады.

Мақсаты: қойған мақсатыңа жету жолыңда шешімдерді қабылдауда батылдықты дамытуға себеп болу.

Ұйымдастыру: бөлмеде кеңістік босатылады. Еденде түрлі түсті қағаздар шашылып жатады. Олардың ара - қашықтығы 40-50 см болу керек. Қағаздар көп болуы керек және олар кеңістікті қабырғаға дейін жабу керек. Қабырға бойынша қатар - қатар орындықтар қойылады. Егер тринингке қатысушылар көп болса, онда жаттығу барлық 6 - 8 адаммен орындалады. Қалғандары көрермен болып қалады. Бұл жаттығудан қатысушылар тек қана ұтады. Ал көрермендер қатысушыларға жанкүйер болады.

  1. Әрбір қатысушыға өзі үшін өзекті болатын, бірақ оған қол жеткізе алмай жүрген мақсатты ойлауды ұсыныңыз

  2. Әрбір қатысушы орындыққа сол мақсатты көрсететін бір зат қояды: бұл жеке зат, немесе сурет болуы мүмкін.

  3. Барлық қатысушылар өздерінің орындықтарына қарама - қарсы тұрады. Олардың алдында қағаз беттеріне толы кеңістік.

  4. Жүргізуші: Біз өзіміздің мақсатымызға жетуге, қателіктер жасауға қорқамыз. Тіпті алғашқы қадам жасауға да қорқамыз. Қазір сендердің алдарыңа мақсаттарың жатыр. Бірақ оған жету үшін сендер "минасы бар даламен" жүрулерің керек. Орындыққа қағаздарды басып қана жетуге болады. Бірақ естеріңде болсын: мұнда мина бар. Олардың қай жерде орналасқандарын мен ғана білемін. Егер біреулеріңіз минаны басып кетсеңіз, ол тарс етеді. Ал іске сәт!

4. Барлық қатысушылар өздерінің орындықтарына, яғни, мақсаттарына жылжи бастайды. Олар әр түрлі әдістерді қолданады: мүмкіндігінше аз қадамжасауға тырысады, "қауіпсіз" қағаздарды есіне сақтайды, ойланбай жүре береді...

5. Барлығы орындықтарына жеткен кезде жаттықтырушы мұнда мүлдем мина болмағанын, бұл жердің қауіпсіз екенін айтады.

Трининг: - Жаттығудың орындау кезінде қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіз қалай және неге әрекеттендіңіз?

  • "Мина бар даламен" жүруіңе не себеп болды?

  • Бұл жаттығу өміріңізде болған қандай жағдайды еске түсіреді?

  • Сіздің ойыңызша, "Мина бар дала" неге қауіпсіз болып шықты?

Тест

1. С. Спилбергер бойынша өзін - өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.

2. Э. Ховард бойынша стресске төзімділікдеңгейін анықтау.

3. Депрессиялық деңгейді анықтауға арналған тест.

Тренинг: "Қар қиыршықтары"

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасын бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығынашып қараймыз.
Талдау: Кімде бірдей, бір - бірінен ауымайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ . Себебі не деп ойлайсыздар?
- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды.

Тренинг "Өз жұлдызыңды тап"
Мақсаты: оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдарыңа елестетіңдер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық немесе күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз. Олар бірде жақындайды,бірде алыстайды. Жұлдыздарға анықтап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің болашақ арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге қуаныш бақыт, сәттілік серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін болар. Тағы да сол жұлдызыңды тамашалап енді бар күшіңізді салып сол жұлдызға қолыңызды созыңыз және міндетті түрде сол жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан мұқият түсіріп алып, ептеп алдыңызға қойыңыз, қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз. Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік , достық өзара көмек колдау сәулесін шашып тұрады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырыңыздар. Арман картасына ҰБТ - дан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек.

Ән. "ҰБТ - да жетістікке жетейік!"
Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.
Білім болған бастау алар тірегіміз ,
Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәріміз де дайым
Көрмей қайғы уайым,
ҰБТ - дан жетістікке жетейік

Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашан берік болсын.
Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық

Қайырмасы

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәріміз де дайым
Көрмей қайғы уайым,
ҰБТ - дан жетістікке жетейік











© 2010-2022