Ата - анаға арналған жадынама

Бала - әр адамның, әр ата – ананың болашағы, өмірінің жалғасы. Баланың тәртібі сыныптағы беделіне байланысты, баланың беделі ата – анаға да тікелей байланысты. Сіз балаңыздың сыныптағы беделін білесіз бе? Сіз үшін баланың беделі маңызды ма? Оқушының сыныптағы беделі келесі типтерге бөлінеді:   Ø     Лидер – басшы, барлық сыныптастарына сөзі жүретін, қандай да болмасын жағдайға араласып, өз ойы мен пікірін ашық айта алатын оқушы.   Ø     Бақылаушы - өзін сыныптастарынан үлкен санайтын оқушы, бұл оқушының өзінен үлкен достары бар немесе ақыл – ойы ерте жетілген бала.     Ø     Жұлдызша – сыныптағы ең сүйкімді иә ұл, иә қыз. Бұл бала барлығына көмекке келгіш, аяғыш, артық қаламын бере салғыш.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



  • «Топқа қабылданған» - бұл оқушының ата - анасы өз ойын ашық айтуды үйреткен жөн және де балаға лидер болуға не жетпейтіндігін қарап көріңіз, киімі түгел ме, құрдастарымен бірге жүруіне не кедергі келтіретінін анықтап көріңз.

  • «Ақ қарға» - бұл жаста ұлға қыздың, қызға ұлдың киімін кигізбеңіз, соңғы сән үлгілеріне сай киім алып беріңіз, балаға өмірге көзқарасын қалыптастыруға үйретіңіз.

  • «Шеттелген» - балаңыздың жағдайы өте қиын, бұл сыныпта беделі өте төмен, балаға өзге ортадан дос табуға мүмкіндік жасаңыз, секция, спорт мектебі, шығармашылық үйінің үйірмелеріне қатыстырыңыз, сол жерде дос тауып беделі, бақылаушыға дейін көтерілу мүмкін.





Ембі қаласы № 2 орта мекттің педагогикалық - психологиялық көмек көрсету, қолдау қызметі.

Ембі - 2011 ж.

Бала - әр адамның, әр ата - ананың болашағы, өмірінің жалғасы. Баланың тәртібі сыныптағы беделіне байланысты, баланың беделі ата - анаға да тікелей байланысты. Сіз балаңыздың сыныптағы беделін білесіз бе? Сіз үшін баланың беделі маңызды ма?

Баланың сыныптағы беделі.

(Ата - анаға жадынама)

Ата - анаға арналған жадынама



Психолог: Курманова Г.М.









Ата - анаға арналған жадынама



  • «Топқа қабылданған» - сыныптағы көпшіліктің бірі, лидердің соңынан ереді, көпшіліктің сөзіне ереді. Өз ойын ашық айта алмайды.


  • «Ақ қарға» - елден ерекше бала, бұл жастағы сәнге сай киіне алмайтын, музыкалық топтарды айыра алмайтын оқушы болуы мүмкін.


  • «Шеттелген» - бұл оқушы барлық сыныптастарының мазағына айналып, сыныптан оқшауланып, өзімен өзі жүреді.

Ата - анаға арналған жадынама

Ата - анаға берілетін кеңес:

  • Егер балаңыз лидер болса - балаға бос сөйлемей өз ойын айтарда оған дәлел, нақты фактілерге сүйене отырып айтуды және өзінен үлкен адамға қарсы көзқарас айтарда сыпайы формада, дауыс көтермей айтуды үйрету керек.

  • Егер балаңыз бақылаушы болса - сізді шын жүректен құттықтағым келеді, өйткені сіздің балаңызды, барлығы сыйлап, оның айтқанын істейді. Бұл бала билікке таласпайды, бірақ лидердің өзі бұл баламен ақылдасады.

  • Жұлдызша болса - балаңызға өзге адамдарға көмекке келерде, ол адамды мейіріммен құртып алуға болатынын айтыңыз. Әр бала өздігімен есеп шығарып, өздігімен жазып үйрену керектігін айтыңыз.

© 2010-2022