Мақала тақырып: Мінез-құлқы қиын бала қайдан шығады?

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мінез-құлқы қиын бала қайдан шығады?


Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылықты жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені баланың «қиын» аталуы азғана уақыттың нәтижесі емес.

Қазіргі кезде, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда өз ұрпағымыздың салауатты өмір салтын күшейту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігі туындауда.Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі теріс, оқыс мінез-құлықтарды жойып, жетілген тұлға тәрбиелеу мәселелері алға қойылуы тиіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас әсер етеді. Отбасы, туыстар, мұғалімдер, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастардың тұлғаға тигізер ықпалы зор.

Жас ерекшелік психологиясының мәселелерімен айналысқан көптеген авторлардың А.Е.Личко, А.П.Крачковский, В.Г.Степанов пікірлерінше мінез-құлықтағы қиындық көп жағдайларда 6-8 сынып оқушыларында, әсіресе ұл балаларда тез байқала бастайды деп айтылған.

Баланың моральдық бейнесі, моральдық мінез-құлқы, психикасы негізінен оның іс-әрекетінің үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады. Демек, баланың моральдық тұңғыш мектебі жанұяда өтеді (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама-шарқынына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың мінез-құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді.

Жеке тұлғаның келешектегі мінез-құлқының бастапқы нышаны, іргетасы өте жас кезінде-ақ көріне бастайды. Мектепке келгеннен кейін баланың адамгершілік дамуын одан әрі дұрыс жолға қойып тәрбиелеу мұғалім мен үлкендердің, ата-аналардың бірлескен әрекеті, міндеті болуы тиіс, мұндай бірлескен істің болмауы, ретке келтірмеуі мінез-құлқы қиын балалардың пайда болуына себепкер болып жатады.

Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, психикалық даму кезінде байқалады. Ал, тәрбие процесін басқару өте қиын, күрделі, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өте бермейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Мұның себебі, жоғарыда айтылғандай бала дамуында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын педагогтар мен ата-аналар тарапынан ауытқулар болып, соның нәтижесінде тәрбиесі қиын балалардың мінез-құлықтары қалыптасады. Кейде мұндай жағдайларды жас жеткіншектердің өздеріне аудара салып, тәрбиеге көнбейтін оқушылар деп жатады. Оның әр түрлі себептермен туындап жататынына терең мән бере бермейміз. Сол себепті мінез-құлқы қиын балаларды анықтап, оларды тәрбиелеу жолдарын төмендегі ұсыныстармен байланыстыруына болады.

1.Мұғалімнің күнделікті оқу-тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есеп алып отыруы;

2.Педагогикалық-психологиялық нақты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерін байқауы;

3. Оқушылардың мінез-құлқын, олардың сана-сезімінің жетілу дәрежесін танып, біліп отыру;

4. Оқушылармен санасып отыру, яғни тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдердіқайта құру,түзету. Дәлірек айтқанда, балаларды қайта тәрбиелеу әдістерімен жүзеге асыру;

5.Балалардың ерекшелігін ескеріп, кейбір жағдайда жекіліксіз тәрбиенің нәтижесінде балалардың мінез-құлқына теріс әдеттер байқалатынына көңіл бөліп, оларды ізеттілік,ұстамдылық сияқты әдеттерге тәрбиелеу жолдарын іздестіру;

Қорыта келгенде, мінез-құлық және жүріс-тұрыс ауытқулары бірден пайда болмайды. Кейбір қылықтар қараусыз қалады. Міне, бұл соның нәтижесі. Ең басты міндет мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібінің дамуындағы ауытқулардың алдын алу.


© 2010-2022