Психологиялық баяндама 1-11 сыныптарға

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ислам діні - адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гуманизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты.

Біз - өзіндік діні, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан бабаларымыз. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқанымыз да бар. Ілгеріде өткен бабаларымыз, мысалы, Абай атамыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу - бүгінгі біздің міндетіміз.

Абай атамыздың дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор. Абай Ислам дінін үгіт - өсиет ете халықты, жастарды имандылыққа, терең білімге, өнерге, адамның асыл қаситеттеріне шақырады. Қазақ даласында Ислам дінін үстемтаптың идеялогиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші дүмше молдалар мен сопылар, ишандар мен имамдар, қажылар мен қазіреттердің іс - әрекеттері мен теріс қылықтарын аяусыз әшкерелейді.

Абай атамыз дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М.Әуезов пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін қарасөздерінде де алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды.

Абай атамыз «Отыз сегізінші қара сөзінде»: Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.

Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді.

Дүние жүзінде Аллаға құлшылығынан бастап, мінез-құлқы, адамгершілік қаситетері, саясаты, әкімшілік басқару істері, тәлім-тәрбиесі, әлеуметтік жұмыстары, әскери шаралары секілді әмбебап іс - әрекеттері мен жеке басына қатысты қарапайым амалдарына дейін үлгі ретінде ұсынылып, ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп, әр бір іс-әрекеттеріне дейін қайталанып келе жатқан Мұхаммед пайғамбардан басқа ешқандай жан жоқ.

Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата - баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел - көптеген әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдеріміздің хадис және сүннеттерімен үндесіп жаттуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін:

1.Әрбір істің бастауында «Бисмилла» сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: «Бисмиллаhпен басталмаған әрбір істің соңы келте»

2.Сәлемдесу. «Сәлем - сөздің анасы», дейді дана халқымыз. Пайғамбарымыздан бір күні «Қандай амал ең қайырлы?» - деп сұрағанда: «Адамдарға тамақ беру және таныған, танымағандардың бәрімен амандасу», - деген.

3.Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: «Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті», - деген өсиетінен туындағаны анық.

Ислам дінінде ата-анаға құрмет көрсетуге, сыйлауға үлкен мән берілген. Қасиетті Құран қадисттерінде де, аяттардада ата-анаға қатты келмеуге,ренжітпеуге,үлкенді сыйлауға шақырады.

Адамзаттың атасы хазіреті Адамнан (ғ.с) бастап,ақырзаман үмбеті ақырғы пайғамбар хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы 23 жыл түсірілген уахи кітапты қастерлі тұтқан ақын жазушыларымыздың өзі былайша өлең жолдарын тармақтаған. Шал ақын:

Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі.

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші, - деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:

Атаңды сыйла анаңмен

Меккені іздеп таппаққа, - деп, ата-ананы сыйлауға үндейді. Ал Ақтамберді жырау:

«Меккені іздеп нетесің,

Меккеге қашан жетесің?

Әзір мекке алдыңда

Пейіліңмен сыйласаң

Атаң менен анаңды!» - деп ата-анаңа көрсеткен сый - құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды қорытады.

Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді. Ұлы педагог: "Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді" деген тұжырым жасаған.

"Иман" араб тілінде - сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.

Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды.

Абай айтқан «толық адам» болу үшін не істеу керек деген сауалға да нақты шарттар қойылған. Ол кемелдік кілті қалай іске асады? Себебі «өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндет әлем жаратылысындағы осындай сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын танып, Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету». Аллаһ тағала осы жолды көрсетіп адамның үлгілі өмір сүре алатынын іске асырып кеткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) әрине «күллі әлемге тек рахым етіп қана жіберілді». Оның нұрлы жолы - адамзат үшін өнеге.

Ислам дінінің негізін қалаушы ұлы пайғамбар Мұхаммед жаңаша күнтізбекпен алғанда 569 жылы, сәуір айында, Меккеде дүниеге келген.

Аллаһ тағала бізді өзінің сән-салтанатты, таңғажайып сарайын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесіктей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды салуы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы келген болар еді. Оның үстіне мұның бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жасай алмайды. Жомарт Жаратушымыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма? Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білді.

Ғалым Айферн Уильям: «Шебер Жаратушының бар екеніне сенемін. Өйткені, Оның қасиетті болмысы ғана көз алдымыздағы түпсіз әлемнің жалғыз қисынды түсіндірушісі бола алады», - десе аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешкен мына бір жайтты да осы тұста айта кеткен жөн.

Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшілігі сол - тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осьі мен Күнді айнала бастайды.

Бірде Аллаһ тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:

- Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? - деп сұрайды. Ньютон сыр алдырмай:

- Өздігінен пайда болған да, Әйтпесе ешкім де жасаған жоқ, - деп жауап береді. Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, - деп досы сұрағын қайта қояды. Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:

- Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл аппарат өз-өзінен кенеттен пайда болды. Сөйтті де эволюция (сатылай даму) жолымен осындай дәрежеге жетті, - деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.

- Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? - деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:

- Көз алдыңдағы бұл аппарат - заңдылықтары өзіңе де теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті.

Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың. Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір екенін қалайша түсінбейсің? - деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.

Оқушыларды имандылыққа, ата-анасын сыйлауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу мақсатында 2013-2014 оқу жылы 17 наурызда мектеп психологының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар аралығында «Имандылық- қастерлі қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Діни тағылым арқылы оқушыларды имандылыққа, ата-анасын сыйлауға, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мұсылман дінінің өміршеңдігі, оның басқа діндерден негізгі айырмашылығын түсіндіру. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін негізгі құрал екенін жеткізу. Мұсылман дінінің маңызы мен қасиетін ұғындыру.

Сабақтың барысы:

Егеменді еліміздің ертеңі - болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері өйткені екеуі біріне -бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты адам баласын асып- таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім- ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Қазіргі кезде әке- шешесін қартар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем, нашақорлар өзіміздің мұсылман екенімізді түсінбей, өзге дінге еліктеп беттерін тұмшалаған қыз, балағын түрген жігіттер, ұрылар, кісі өлтірушілердің көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан мектептерде имандылық тәрбиесінің берілуі оқушы өзін мұсылман деп тануға, ұлтының озық дәстүрін, әдет- ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсуіне игі әсер етеді. Сондықтан да «Имандылық - қастерлі қасиет» атты танымдық кеш оқушылардың дөңгелек үстел басындағы пікірлесуі түрінде өтті. Оқушылар имандылық, мұсылман дінінің құдіреті туралы ақпарат хабарлардан өз білімдерін, ой- пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Дөңгелек үстелге «Шындық» және «Адалдық» топтары қатысты.

І бөлім. Таныстыру рәсімімен басталды.. Екі топ бір-бірін таныстырып өтті.

Топ басшылары алдымен мына сұрақтарға жауап берді:

«Шындық» тобына сұрақ:

Алла мықты жаратқан екі батыр.

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып жатып- тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: жақсылық пен жамандық .

«Адалдық» топ басшысына:

Сыналар ей құрбылар, келді кезең,

Сенім болса ұмтылатын талаптанып.

Жан құмары дүниеде немене екен?

Соны білсең әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық.

ІІ. Екінші бөлімі.

«Имандылық- дінде».Топ жетекшілерінің ой-пікірлерін ортаға салу мақсатында конверттерге жасырылған сұрақтар берілді. Бұл сұрақтарға 2 минут ішінде жауап беру қажет.

Алдымен «Шындық» тобының жауабы,пікірлері тыңдалды.

Сұрағы: Иманды адам деп кімді айтамыз?

«Адалдық» тобы жалғастырады.

Сұрағы: Имансыз адам деп қандай адамды айтамыз? Имандылыққа жету үшін нені үйреніп, неден жиренуіміз керек! ?

«Шындық» тобы

Сұрағы: Ислам деген не?

«Адалдық» тобы

Сұрағы: Мұсылман деп кімдерді атаймыз?

«Шындық» тобы.

Сұрағы: Мұсылман діні адамзат баласына қалай келді?

Оқушылардың пікірі тыңдалды.

«Адалдық» тобы

Сұрағы : Мұсылман дінінің өзге діннен ерекшелігі неде?

«Шындық» тобы.

Сұрағы: Исламның қасиетті бірінші кітабы қалай аталады?

«Адалдық» тобы

Сұрағы: Исламның екінші қасиетті кітабы қалай аталады?

«Шындық» тобы.

Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге өз көзқарасың.

«Адалдық» тобы

Сұрағы: Әр ұлттың қандай дінді қалауына өз еркі бар деген пікірге, сен қалай жауап бересің?

Оқушылардың жауаптары мен ой пікірлері тыңдалды.

ІІІ бөлім. Бейнетаспадан өмірден алынған көріністер көрсетілді.

ІҮ. Бөлім. Екі топқа «Дін және біз» тақырыбында тест сұрақтары берілді.

Ү. Қорытынды.

Тәрбие сағатында оқушылар имандылықтың нұрын, адамгершіліктің нәрін алды. Қазіргі кезеңде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерімізді негіздеуіші дініміздің бар екенін біліп оны дәлелдеуге тырысты. Осындай асыл дініміз тұрғанда басқа дінге еліктемей, болшақтарына мол сенім артып, адамгершілігі жоғары адамзат болады деп сенеміз.

Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек-

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден ерек - деп, Абай атамыз айтқандай болашақта жаман әдет қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, имандылық сезімдерге бай, елден ерек адам болыңдар деген сөзімен қорытындылады.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Алла Тағала сіздердің жүректеріңізге нұр, шапағат, шаңырақтарыңызға жылылық ұялатсын. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі - салт - дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет - ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым - зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі - ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан - ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

Міне, осындай басты - басты үш қасиетті берік ұстаған ата - бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата - бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш - жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

© 2010-2022