«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болар дана.

Ақжан әл-Машани

Тақырыбы: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»

Мақсаты:

«Адамның» жоғары құндылық ретіндегі мәнін кеңейтіп түсіндіру. Жалпы құндылықтар арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері:

Өзін тануға, өзінің қол жеткізген табыстарын саралауға, шығармашыл ойлауға бағыттау.Өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, тыныштық сәті, әңгімелесу, талқылау жаттығулары, шаттық шеңбері.

Сабақтың жабдықталуы:

Проектор, музыкалық сүйемелдеу, маркер, ақ қағаз, дидактикалық материалдар, айна.

Барысы:

Шаттық шеңбері: Тілек айту.

Қызығушылықты ояту.

1.Танысу тренингі (өздерін таныстырып өтеді).

2.Екі шындық, бір өтірік.

3.Амандасу «Бумба-Юмба тайпасы» (Маңдай, құлақ, иық, шынтақ, тізе)

Топқа бөлу:тренинг: «Үш түс-үш есік»

Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:

Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.

Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.

Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.

ІІ.Мағынаны тану

-Не көріп тұрсыздар? (ақ қағаз, қара ноқат)Топтастыру стратегиясы.

-Әрбір адамның бойында жақсы қасиеттері болады, өз бойыңыздағы асыл қасиеттерді бағалаңыз және қабылдаңыз, сонымен қатар, ол қасиеттеріңіз сіздің өз күшіңізге сенімділік береді және қиын сәттерді жеңе білуге көмектеседі.Ешқашан өз қабілеттеріңізді төмендетпеңіздер.

І-топ

  1. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деп өздеріңе сұрақ қойып көрдіңдер ме?

  2. Алдыңа қандай мақсат қойдың?

  3. «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?»

ІІ-топ

1.Ұстанымың қандай?

2.Өз өміріңді қалай бағдарлайсың?

3. «Ең керекті кісі кім?»

ІІІ-топ

1.Адам баласына өмірде не қажет деп ойлайсыңдар?

2.Психологиялық саулық деген не?

3.«Ең керекті іс не?»

Өздерің айтқандай, әр адам өзін-өзі қабылдай білсе, жасаған іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса, болашағын жоспарлай алса біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болатын еді.Өмірімізде ғажайыптар көбірек болатын еді.Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді.Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратын едік.Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.

-Ал енді бойымыздағы жақсы қасиеттерді жазайық н/е суретпен салуға болады.Сонымен қатар, өзіміздің бойымызда жоқ, бірақ болса екен деген қасиеттерді жазуларыңызға, суретін салуларыңызға болады.

Мына төмендегі сызба бойынша тізім жасауға сіздерге 5 минут уақыт беріледі.

Маған өзімнің бойымнан не ұнайды?

Өз бойымнан қандай қасиеттерді өзгерткім келеді?


Талдау үшін қойылатын сұрақтар:

1.Сұрақтарға жауап бергенде қандай сезімде болдың?

2.Сізге сенімділік қалай әсер етеді?

3.Бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

«Ой толғаныс»

І-топ

«Менің болашағым» тақырыбында эссе, өлең жазу

ІІ-топ

«Менің болашағым» тақырыбында сөз, сурет, таңба, сызба, рәміз арқылы шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңіз.

Мәтінмен жұмыс

Гүлдің сыры (аңыз).

Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан ағаштарды, бұталарды және гүлдерді байқайды.Таңданған хан еменге бұрылып мән-жайды сұрайды.Сонда емен: «Мен қарағай секілді ұзын бола алмадым, сол себепті мен құса болып қурап бара жатырмын»- дейді.Хан қасындағы қарағайға қарап еді, ол: «Жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағанымнан қурап бара жатырмын»- дейді.Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүлі сияқты құлпыра алмайтындығына өкінді.Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды.Таң-тамаша болып тұрған ханға ырғай гүлінің айтқаны: «Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың.сен егер менің орныма еменді, қарағайды, раушан гүлін өсіргің келсе, соларды отырғызушы едің.Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені отырғызған адам маған қарап ләззат алсын деп, әдемі болып гүлдеуге тырыстым »-дейді.

Әрбір адамның, яғни сіздің бұл өмірге келуіңіз кездейсоқтық емес, демек әлемге сіз керексіз, әйтпесе сіздің орныңызға басқа адам дүниеге келетін еді.Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын адал атқаруы тиіс.

-Не үшін сіз басқа адам болуыңыз керек?Неліктен басқа біреуге еліктеуіңіз керек?Сіз бұл өмірге өз үлесіңізді қосу үшін келдіңіз және бұл сіздің ғана қолыңыздан келеді.Өзіңізге мұқият қарасаңыз, сіз сияқты адам бар, бірақ дәл сіздей адам бұл әлемде жоқ екенін байқайсыз, сондықтан басқа адам болудың қажеті жоқ.Демек, адам өзі ғана өз өміріне қуаныш, жарық нұр сыйлай алады.

Андирова Айман Амандыковна, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің педагог-психологы, БҚО.

© 2010-2022