“Ата-ананың балаға сүйіспеншілігі” (тренинг)

“Ата-ананың балаға сүйіспеншілігі” (тренинг)   І.Кіріспе   ІІ.Негізгі бөлім:   1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)   2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)   3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:   А)”Мейірімділік  шуағы”;   4.”Жағымсыз қылықтар”   5.”Жақсы қасиеттер”   6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар   7.Клип “Ана жүрегі”   8.Жаттығу “Тілек шырағданы”   9.Ойтолғаныс   - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.  Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған  тренингтің та...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Ата-ананың балаға сүйіспеншілігі"

(тренинг)

  • І.Кіріспе

  • ІІ.Негізгі бөлім:

  • 1."Мен үшін қымбат..."(Ой қозғау)

  • 2."Бала деген кім?"(Ой қозғау)

  • 3."Жүректен шыққан жылы сөз":

  • А)"Мейірімділік шуағы";

  • 4."Жағымсыз қылықтар"

  • 5."Жақсы қасиеттер"

  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  • 7.Клип "Ана жүрегі"

  • 8.Жаттығу "Тілек шырағданы"

  • 9.Ойтолғаныс

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар!

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған

тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны -

балаға айдынды қоныс» деп аталады.

Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.

Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары

жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы

болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.

Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.

Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы

саналады. Қазіргі таңда ата - ананың бірінші мақсаты

- қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж

етпеу болып қалды. Бала - шағаның қамымен

жүрген ата - ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле

алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,

қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны

іледі» демекші жақсы - жаман әдеттерді бала

отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар

баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,

еңбекқор, әдепті болып өсуі - отбасында жайлы ,

жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын

тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл

бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Бала - ата - ананың үміті, өмірінің жалғасы.

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата - ананың жатса - тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.

Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

С и т у а ц и я л ы қ с ұ р а қ т а р

1 - сұрақ

«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 - сұрақ

«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3 - сұрақ

«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата - анасы әй - шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата - ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»

4 - сұрақ

«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай - ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз? Ата - ана мен баласына жеке сұрақтар беру арқылы ата - анамен бала арасындағы байланысты анықтап, мәліметтерді саралау»



© 2010-2022