Құстар асханасы

БҚО Жәнібек ауданының Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ерте жастан түзеу педагогі Лукпанова Асель Букенбаевна   Сабақтың тақырыбы:     Құстар асханасы.   Сабақтың мақсаты: Балалардың құстар жайлы, олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Құстарды қорғауға, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: құстардың суреті, жемшашардың суреті, күннің суреті, қатты қағаз, жіп, желім, құстардың қорегі (тары, дәндер,нан қалдығы). Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Кіріспе: психологиялық жаттығу -бүркітке не жарасады? (самғаған) қолдарын жазып көрсетеді -шегірткеге не жарасады? (секірген) секіреді -ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған) шөп шоқиды -адамға не жарасады? (оқыған) кітап оқиды
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

sabak.ucoz.org/load/2-1-0-221

Сабақтың тақырыбы: Құстар асханасы.

Сабақтың мақсаты: Балалардың құстар жайлы, олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Құстарды қорғауға, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстардың суреті, жемшашардың суреті, күннің суреті, қатты қағаз, жіп, желім, құстардың қорегі (тары, дәндер,нан қалдығы).

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе: психологиялық жаттығу

-бүркітке не жарасады? (самғаған) қолдарын жазып көрсетеді

-шегірткеге не жарасады? (секірген) секіреді

-ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған) шөп шоқиды

-адамға не жарасады? (оқыған) кітап оқиды

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Ал,бүгін сабағымызда біздер құстар және олардың тіршілігі туралы танысып, олардың ішіндегі қыстап қалатын және жыл құстарын ажырата білуге үйренеміз. Құстар адамға көп пайдасын тигізеді. Құстар табиғатты әсемдейді. Құстар күнбағыстың, қарбыздың, қауынның, асқабақтың дәндерін және нанның қоқымдарымен қоректенеді. Біздің ауылда әдемі құстар өте көп: олар қарлығаш, бұлбұл, аққу, торғай сауысқан, көгершін, қарға. т.б. Кейбір құстар суыққа шыдамай жылы жаққа ұшып кетеді. Ал, қыстап қалатын құстарға біз қамқорлық жасауымыз керек.Сондықтан қыста адамдар құстарға жем,нан қоқымын береді.Олар ағаштарға жемшашар іліп қояды.Құстар тонып,қарындары ашқанда жемшашарға қонып тамақтанады. Құстарды таспен атуға,ұясын бұзуға,құстың ұясынан жұмыртқа алып жаруға болмайды.

  2. «Құстарды топтастыру» ойыны.

Күннің жанына жыл құстарын,жемшашардың жанына қыстап қалатын құстарды қою.Күн - қарлығаш, бұлбұл, аққу. Жемшашар - торғай, сауысқан, көгершін, қарға.


  • Жыл құстары туралы не айта аламыз?

  • Жыл құстары,олар жылы жаққа ұшып кететіндер.

  • Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?

  • Олар қысы- жазы өз мекенінде тіршілік етеді.

  • Адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?

  • Адамдар оларға жемшашар жасап,оған нан қоқымын, жем шашып береді.

  1. Дидактикалық тапсырма. Құстың бейнесін жасау.

Қағаздағы құс суретіне сұйық желімді қылқаламмен жағып, үстіне ақ- қара мамық қауырсындарды жапсырып,сауысқанның суретін шығару.

  1. Сергіту сәті.

Құстар болып ұшамыз (қанат жайып ұшу)

Құстарға жем шашамыз (саусақтармен жем себелеу)

Құстарға ұқсап жем жейміз (бастарын жоғары - төмен көтеру)

Құстар болып ұшамыз (қанат жайып ұшу)

  1. Қол еңбегі.

Жемшашар жасау.

Қолданылатын материалдар: төрт бұрышты қатты қағаз,қалың жіп,желім.

Жасалуы:дайын қатты қағаздан жасалған жемшашардың макетін желімдеу және жіпті өткізу. Дайын болған жемшашарды ағаш бұтағына ілгізу.

ІІІ. Қорытынды.

Балалар, біздер бүгін не туралы айттық?

Құстарға не жасадық?

Құстарды қорғау керек пе?

Қалай қорғаймыз?

Бағалау: Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!

Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!


БҚО Жәнібек ауданының Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ерте жастан түзеу педагогі Лукпанова Асель Букенбаевна


© 2010-2022