- Преподавателю
- Школьному психологу
- Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату. Тренинг
Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату. Тренинг
Раздел | Школьному психологу |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Нұрбергенова Ж.Н. |
Дата | 10.04.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Тренинг сабағы
Тақырыбы: Ата - ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым - қатынас орнату.
Сәлеметсіз бе! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Кіріспе сөз: Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі - ата - аналар жиналысы. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады?
Бүгін біз ата - аналар жиналысына кішігірім тренинг ұйымдастырғалы отырмыз. Бәріміз бірге атсалыса отырып, қызықты өткіземіз деген ойдамын.
Тренинг тақырыбы: Ата - аналар мен бала арасындағы мәдениетті қарым - қатынас.
Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Әдісі: сұрақ -жауап, топпен жұмыс, илюстративті, тест, баяндау,
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, шам, А4, түрлі-түсті қарандаштар, жапсырмалар.
Тренинг бағдарламасы:
1. Кіріспе.
2. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.
3. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Біздің отбасымыздың суреті».
6.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы.
7. «Тілек шамы».
8. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.
9. Ой толғаныс: «Бақытты отбасы».
10. Қорытынды.
-
Кіріспе.
-
«Біздің эмоциямыз бен көңіл - күйіміз».
Құрметті оқушылар және ата - аналар мына түстердің біреуін таңдаңыз және есте сақтаңыз. Түстер сырын тренинг соңында білетін боласыз.
-
«Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.
Құрметті ата - аналар алдыңғы сабақта оқушылар отбасы суретін салған болатын, енді осы алдарыңдағы суреттер арсынан өз балаңыздыңсалған, суретін табуыңыз сұралады.
-
Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
-
Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
-
Суреттерден өз отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
-
«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-
Құрметті ата - аналар, студенттер! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіңдер?
-
Рахмет, өтінемін, т.б
-
Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-
Секіріңдер
-
Оң аяқтарыңды көтеріңдер
-
Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-
Өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар
-
Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
-
«Біздің отбасымыздың суреті».
Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастыру және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
-
Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
-
Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
-
Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
-
Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
-
Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы
Мақсаты:Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы - бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.
Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.
-
«Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті ата - аналар, студенттер. Біз сіздермен жанұядағы ата - ан мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екнін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
-
«Біздің эмоциямыз бен көңіл - күйіміз»
Құрметті оқушылар және ата - аналар қазір мына түстерден біреуін таңдаңыз және тренинг басында қандай түс таңдағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Тренинг басында қандай түс болды, енді қандай түс? Түстер өзгерді ме? Жауабын білгенде қандай сезімде болдыңыз?
-
Ой - толғаныс: «Бақытты отбасы»
Алдарыңдағы түрлі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата -анаға, оқушыларға, оқытушыға өз ұсынысыңызды немесе ой - пікіріңізді жазуыңызға болады. Жағзан пікірлеріңізді оқи отырып, «Бақытты отбасы» бейнесін шығарамыз.
-
Қорытынды.