Тест по психологии (1-4классы)

Раздел Школьному психологу
Класс 4 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ниязова Дамира-Жылыбұлақ негізгі білім беру мектебінің психологы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Үлгі және ереже.

МАҚСАТЫ: оқушының ойлау қабілеттілігін және алаңдататын факторлар әсеріне қарамастан берілген тапсырманы қаншалықты деңгейде орындайтындығын бағалау.

Қажетті материалдар: тапсырмалар жиынтығы бар кітапша.

Жұмыс барысы: Мына кітапшада әр түрлі кескіндер көрсетілген және сол суреттің қасында басқада белгілер тұр. Сенің мақсатың негізгі суретке қарап отырып, 3 түрлі фигураларды Δ , +, 0 қолданып кескінді салу.

Талдау: 2 балл-дұрыс көшіріп салынған, әрі шарттарды орындаған.

1 балл - кішкене кемістігі бар.

0 балл - дұрыс орындалмаған.

Қорытынды: Ең жоғары балл жинаған баланың ойлау қабілеттілігі мен аландатарлық факторлар әсеріне қарамастан берілген тапсырманы орындау деңгейі жоғары.

МЕКТЕП_________________________________

СЫНЫП _________________________________

АТЫ-ЖӨНІ_______________________________

ЖАСЫ __________________________________

ЗЕРТТЕУ КҮНІ___________________________

Тест по психологии (1-4классы)

«Лабиринт» әдістемесі.

Мақсаты: оқушының мектепке дайындығымен оқу іс-әрекетіне қатынасып, оқу түрткісін анықтау.

Қажетті материалдар: қатты қағазға жапсырылған мектептің, балмұздақ сататын кафенің, театрдың, дүкеннің, кинотеатрдың суреттері қажет және әр біреуіне барар жолдар керек.

Зерттеушінің сұрағы: ең бірінші сен қайда барар едің?

Талдау: Егер 1,2,3-ші орында мектеп тұратын болса, онда оқушының мектепке оқуға дайындығы жеткілікті деңгейде деп айтуға болады. Ал егер ақырғы орында тұрса, оқушыда әліде болса ойын әрекеті қызықтырады, ал оқуға деген қызығушылығы әліде болса қалыптаспаған деп тұжырым жасауға болады.

© 2010-2022