Тест по казахскому языку для 7 класса Қазақ тілінен тест сұрақтары

7 сыныпқа арналған қазақ тілінен тест сұрақтары (Бұл тест орыс сыныбы үшін). Тестте 2 нұсқа берілген. 1 нұсқада 25 сұрақ. Тест 7 сыныптың бағдарламасын сай құрастырылған. Мұнда лексикалық тақырыптармен қатар грамматикалық тақырыптарда қамтылған. Айта кетсем, олар - етістіктің райлары, етістіктің шақтары, етіс жіне оның түрлері, тұйық етістік. Бұл тест сұрақтарын оқу жылының аяғында қайталау сабақтарында қолдануға болады. Өйткені лексикалық, грамматикалық тақырыптар жыл бойында өтілген тақырыптар...
Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 «А» сынып

1 - нұсқа

  1. Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясы қай елде орналасқан?

А. Солтүстік Кореяда В. Оңтүстік Кореяда

С. Қытайда Д. Жапонияда

2. «Футбол» сөзінің қай тілден енгенін табыңдар.

А. орыс тілінен В. ағылшын тілінен

С. неміс тілінен Д.француз тілінен

3. Спорт түріне жатпайтын қатарды табыңдар.

А. жүгіру В. жаттығу жасау

С. ойлану Д. арқан тарту

4. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Табиғат қандай ... !

А. тамаша В. табиғат

С. ыстық Д. салқын

5. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Денсаулық жақсы болу үшін ... керек.

А. дәрігер В. үй

С. таза ауа Д.сабақ оқу

6. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

А. қырық В. отыз жеті

С. отыз сегіз Д. қырық екі

7. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. Мен қазақша жақсы ... .

А. көрсетемін В. дайындаймын

С. ойланамын Д. сөйлеймін

8. Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы?

А. ағылшын тілі В. орыс тілі

С. қытай тілі Д. қазақ тілі

9. Берілген сөйлемді аяқтаңдар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - ... .

А. ағылшын тілі В. орыс тілі

С. қытай тілі Д.қазақ тілі

10. Интернет қайда пайда болды?

А. Еуропада В. Ресейде

С. Францияда Д. АҚШ - та

11. Осы шақ неше түрге бөлінеді?

А. 2 В. 3

С. 4 Д. 5

12. Ауыспалы осы шақта тұрған қатарды табыңдар.

А. Біз ауылға жиі баратын едік В. Біз күнде сабаққа барамыз.

С. Біз сабаққа келе жатырмыз. Д. Ертең ауылға баратын едік

13. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қанша тараудан тұрады?

А. алты В. жеті

С. он Д. он бес

14. Осы шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. ойлап отыр В. ойлайды

С. ойлады Д. ойладыңыз

15. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. сұрады В. оқисың

С. туған Д. ойлап тұр

16. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А. оқыды В. ойлады

С. сұрайды Д. жатыр

17. Өткен шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А. айтады В. жазды

С. тұрмыз Д. жүрдік

18. Ортақ етісті табыңыз,

А. айтқыз В. сөйлес

С. хабарла Д. биле

19. Ырықсыз етісті табыңыз.

А. жуды В. жуыс

С. жуғыз Д. жуылды

20. Өзгелік етісті белгілеңіз.

А. жаздыр В. жазыс

С. жазар Д. жазбақ

21. Сан есімді көрсет.

А. жұмсақ В. әдемі

С. жарық Д. отыз

22. Қазақ тілінде рай категориясы нешеге бөлінеді?

А. 6 В. 5

С. 4 Д. 3

23. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

А. -а, -е В. -лар, -лер

С. - са, -се Д. - ын, -ін

24. Қалау рай қалай жасалады?

А. жалғау арқылы

В. -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары жалғану арқылы

С. -са, -се жұрнақтары жалғану арқылы.

Д. -ма, -ме жұрнақтары жалғану арқылы.

25. Қалау райда тұрған етістікті табыңыз.

А. әкелгім келеді В. әкелді

С. әкелсін Д. әкелмессің



7 «А» сынып

2 - нұсқа


  1. Футболдың әр командасында қанша ойыншыдан болады?

А. 10 ойыншы В. 11 ойыншы

С. 12 ойыншы Д. 13 ойыншы

2. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар.

А. уәзір В. хан

С. әскер Д. ат

3. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.

А. күрес В. тоғызқұмалақ

С. көкпар Д.шахмат

4. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар:

Мен дәріханадан дәрі ....

А. іштім В. жедім

С. алдым Д. көрдім

5. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Мен мектепке ... .

А. барасың В. барды

С. барамын Д. бара жатыр

6. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

А. қырық В. отыз жеті

С. отыз сегіз Д. қырық екі

7. Халық бар жерде не бар?

А. дүкен В. үй

С. тіл Д. жұмыс

8. Берілген мақалда сан есім қандай септікте тұр? «Білімді бірді жығады».

А. атау септігі В. ілік септігі

С. барыс септігі Д. табыс септігі

9. Интернет дүкеннің қызметін табыңдар.

А. өзге адамдармен танысатын сайт

В. ауа райы туралы хабар беретін сайт

С. тауарды не қызметті жарнамалайтын сайт

Д. әскери қызметтер туралы хабар беретін сайт

10. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?

А. 1989 жылы 22 қыркүйекте В. 1990 жылы 23 қыркүйекте

С. 1991 жылы 24 қыркүйекте Д. 1992 жылы 25 қыркүйекте

11. Тұйық етістікті табыңдар.

А. барады В. келе жатыр

С. жүру Д. оқып отыр

12. Өткен шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А. көреді В. келесің

С. айтшы Д. тұрдық

13. Өткен шақта тұрған етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А. Бүгін жиналыс өтті. В. Бүгін жиналыс өтпек.

С. Бүгін жиналыс өтіп жатыр. Д. Бүгін жиналыс өтеді.

14. Өткен шақта тұрған етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А. Театрда қойылым болады В. Театрда қойылым болды.

С. Театрда қойылым болып жатыр. Д. Театрда қойылым болмайды.

15. Етістігі осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Асқар ауылда демалып жатыр. В. Асқар ауылда демалады.

С. Асқар ауылда демалды. Д. Асқар ауылда демалмақшы.

16. Етістігі осы шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Марат Мәскеуден келді. В. Марат Мәскеуден келген жоқ.

С. Марат Мәскеуден келе жатыр. Д. Марат Мәскеуден келеді.

17. Етістің түрлерін табыңыз

А. негізгі, туынды, көмекші В. өздік, ырықсыз, ортақ, өзгелік

С. салт, болымды, болымсыз Д. өздік, ырықсыз, өзгелік

18. Өздік етістің жұрнақтарын анықтаңыз.

А. -са, -се, та, -те В. -да, -де

С. - нан, -нен, -тан, -тен Д. -н, -ын, -ін

19. Ырықсыз етістің жұрнақтарын анықтаңыз.

А. -л, -ыл, -іл, -н, -ын, -ін В. -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз

С. -ын, -ін, -н Д. -а, -е, -й

20. Ашық райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. көрсем В. көремін

С. көргім келеді Д. көрсін

21. Ашық райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. оқимын В. оқыса

С. оқығым келеді Д. оқысын

22. Шартты райда тұрған етістікті белгілеңіз.

А. барма В. барды

С. барса Д. барады

23. Тұйық етістікті белгілеңіз.

А. көрсет В. дәлелде

С. түсіндіру Д. көмектес

24. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз

А. барумен В. сөйлеуден

С. келгенмен Д. айтуы

25. Ілік септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.

А. келуге В. келгеннің

С. келудің Д. келуден


© 2010-2022