Бақыт-алда тұрған арман мақсат сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Бақыт-алда тұрған арман, мақсат. Сабақтың мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу.   Міндеті. Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру. ата-аналар мен оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, адамгершілікке, шындыққа, достыққа, тәрбиелікке үйрету. бұл тренингке қатысушылар жаттығу арқылы бір-бірін жақсы білуге, ортада өз ойларымен бөлісуге, ашық болуға, еш нәрседен қорықпауғ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бақыт- алда тұрған арман мақсат

Сабақтың тақырыбы: Бақыт-алда тұрған арман, мақсат.

Сабақтың мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу.

Міндеті. Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс.

Сабақ барысы:

  1. Шаттық шеңбері

Бақыт сәтін сезіну.

  1. Кіріспе сөз. Қазақ халқының ғұлама ғалымы Аль-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»-деп ой түйіндеген екен. Ал өзіңді жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталса керек. өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін, қандай мінез- құлық қалыптастыру қажеттігін қайдан білеміз.

  2. - Бақыт деген не? Бақыттың сыры. ( Оқушылардың жауаптарын тыңдау).

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез-келген адамнан сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Сондай-ақ, біз бәріміз сол үшін жаралғанбыз.

Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білуі керек.

Шынайы бақыттың бірінші сыры - көзқарас күші. (Қоңыр және көгілдір түстер). Тренинг жүргізу.

  • Осы сәттен бастап өз өмірімнен тек жақсылық іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын.

Шынайы бақыттың екінші сыры - дене күші.

Қимыл-қозғалыс біздің сезімдерімізге әсер етеді.

Шынайы бақыттың үшінші сыры - бір сәттік өмір күші.

Бақытты апталар, айлар, жылдар тіпті күндер қалтарынан емес, әрбір сәттен іздеу керек.

  • Не туралы ойласам да, не істесем де, өмірімнің әр сәтіне: біреумен сөйлессем-сол адамға, жұмыс істесем-сол нысанға, жолдан өтсем-машинаға көңіл бөлем.

Шынайы бақыттың төртінші сыры-өзін-өзі тану күші.

-Адамды қарт, сырқат және бақытсыз ететін оның жасы, ауруы және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ , сондай боламыз.өзімізге көңіліміз толмаса, өмірімізге де риза болмаймыз.

Шынайы бақыттың бесінші сыры-мақсат күші.

  • Адам жанына ең қажеті - өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсаттар өмірімнің қиын кезеңдерін неғұрлым жеңіл, жеңіл кезеңдерін одан да жарқын етеді. Ол өміріме мән мен мағына береді.

Шынайы бақыттың алтыншы сыры - шаттық күші.

  • Егер сен ешқашан күлмейтін болсаң, бақытты болу оңайға түспейді.

Шынайы бақыттың жетінші сыры - кешірім күші.

Бұл сезімдерден өзіңнен басқа ешкім қиналмайды.

Шынайы бақыттың сегізінші сыры - сыйлық күші.

Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры-қарым-қатынас күші.

Шынайы бақыттың оныншы сыры-сенім күші.


Фильм Китайский балет.



Өзін - өзі билеген - ер бақытты,

Өзін - өзі билеген - ел бақытты

Бақытты өмір сүру үшін:

  1. Өмірлік бағытты дұрыс таңдай білу керек.

  2. Ой-өріс кеңдігі.

  3. Ақыл-парасат.

  4. Ниет тазалығы-ізгілік бастауы.

  5. Рухани байлық-игілік көзі.

  6. Алынбайтын асу жоқ.

  7. Салауатты өмір салты.

  8. Қанағат, рақым ойлап қой!

  9. Қайсарлық пен батылдық.

  10. Екі сөйлеу - ерге сы

Жүректен-жүрекке .

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы МАБ-тан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік!

М. Мақатаев.

Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген-бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол-тәрік етіп түндерің,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бақыт деген әркімдерге бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген-дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.


© 2010-2022