Емтиханға даярланудың тиімді жолдары

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Емтиханға даярланудың тиімді жолдары».

Мақсаты: тиімді әдістер туралы түсінікті түрде хабарлау; қалай психологиялық дайындалу қажеттігін ашу.

Барысы: Дағдарысты ахуал жағдайда басты жоғалтпай, мақсаттан тыс жетістікке жету үшін өзінің алдына міндетіңді асырма. Апатты жағдайға жеткізбе.

Сабырлық сақтап, ерте, бөліп-бөліп, бірте-бірте дайындалуды баста.

Егер күшінді және ойынды жинақтауға қиналсаң, алдымен ең жеңілді есте сақтауға тырыс, кейін қиын материалды оқуға көш.

Күн сайын ішкі қобалжушылықты, шаршағандықты, әлсірегендікті жеңілдететін жаттығуларды орында.

Көзін шаршаған уақытта не істеу қажет

ОЖСБ-ға дайындық барысында көзге салмақ түсуі жоғарлайды. Егер көз шаршаса, адам ағзасыда шаршайды, оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпейді. Көздің шаршағаның кетіру үшін келесі жаттығуларды орында.

Кез-келген екі жаттығуды орында

Кезекпен үстіне-астына қара (25 секунд)

Оңға - солға (15 секунд)

Көзінмен тегінді, атынды, әкеннің атын жаз

Кезектесіп алыстағы затқа көзінді тоқтат (20 секунд)

Кейін алдындағы параққа (20 секунд)

Шаршы, үшбұрышты сал - алдымен сағат тілімен, кейін сағат тіліне қарсы

Күн тәртібі

Бір күнді үшке бөл

ОЖСБ-ға күніне - 8 сағат дайындал

Спортпен шұғылдан, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле - 8 сағат

8 сағаттан аз емес ұйықта. Қажет болса түскі астан кейін ұйықтап ал.

Тамақтану

Тамақ дәруменге бай, құнарлы болып, күніне 3-4 рет тамақтану қажет. Шоколад, жеміс, көкөніс, ет, балық, сүт тағамдары, грек жаңғағын жеу қажет. Тағы бір кеңес - ОЖСБ алдында көп тамақ ішпе.

Оқу орны

Өзінің жұмыс орнынды дұрыс ұйымдастыр. Үстелінің үстіне зияткерлік белсенділікті арттыратын сары немесе күлгін түсті сурет немесе зат қой.

Материалдың көп бөлігін қалай есте сақтауға болады

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен білетін нәрселерінді еске түсір және жазып қой, кейін дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырып ең маңызды ойларды белгілеп қой - бұл жауаптың тірек пункті. Кішкентай парақтарға әр сұрақтың жауабының қысқа жоспарын құрастыруға үйрен. ОЖСБ алдында соңғы күні қысқа конспекті бар парақтарды қарап шық.

Ойлауды қалай дамытады

Ақылды болғын келсе - орынды сұрақтар қоюға үйрен, зейін қойып тыңда, сұрақтарға асықпай жауап бер және айтарын болмаса сөйлеме.

Білімді меңгеру үшін ойлануға тырыс, бірақ білімсіз ойлау мүмкін емес.

Ойлауды дамыту - ақылынды біліммен толықтыру. Білім бұлағы түрлі болады - мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар адам, құбылыс, заттар туралы ақпарат береді.

Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылған жаналықтар «Неге» және «Қалай» деген сұрақтар нәтижесінде жасалынды. Сұрақ қойып, оларға жауап іздеуді үйреңіңіз.

Дайын стандартты шешімдер қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, ойлауды белсендіреді. Ойлауды дамыту үшін затты немесе оқиғаны жан-жақтан көру икемділігін қалыптастыру маңызды, үйреншікті жағдайдан жаңалықты байқау қажет.

Затта немесе оқиғада түрлі белгілерді байқау қабілеті, заттарды немесе оқиғаларды салыстыру - ойлаудың қажетті қасиеті.

Адам объектің түрлі жақтарын қаншалық көп көрсе, соншалық оның ойлауы икемді және жетілген болады. Бұл икемділікті логикалық есептер, жұмбақтар шешу, тапқырлық ойындармен жаттықтыруға болады.

Сөйлеу мен ойлау бір бірінен ажырамайтын байланысты. Ойлауды дамытудың негізгі шарты - оқығанды еркін әңгімелеп беру, пікірсайыстарға қатысу, жазба сөзді белсенді қолдану, өзінің есінде дұрыс сақталмағанды басқа адамға айтып беру.

Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.

1. Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.
2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.
3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.
4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

Психикалық-жүйке әсерін төмендету әдістері

Релаксация - күш салу - релаксация күш салу және тағы солай.

Дене шынықтыру жаттығулары.

Контрасты душ.

Кір жуу.

Ыдыс жуу.

Саусақпен сурет салу: 1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу. Кляксалар. Кейін олар туралы сөйлесу.

Газетті бұзып, кейін оны қоқысқа тастау.

Сайыс: өзіңді кернеп тұрған эмоцияларыңды, қорқыныш сезімдеріңді уқаланған газетке салып, оны ең кішкентай пішінге келтір де, ең алыс жерге лақтыр.

Газетті ұсақтап жырту, кейін лақтырып тастау.

Газеттен өзіңнің көңіл-күйіңді жасау, құрастыру.

Газетті әр түрлі бояулармен бояу.

Өзіңнің жақсы көретін әніңді өте жоғары дауыспен айту.

Бірде қатты, бірде ақырын ғана айқайлау.

Жылдам да, баяу да ойнайтын музыкаға билеу.

Жанып тұрған шамға қарап отыру.

10 рет терең тыныс алу.

Орманға барып серуендеу, онда айқайлауға болады.

Тістерді тілмен сезініп, санау.

Қандай киім киген дұрыс

Киген киімдердің түсі жеңіл-түсті болу керек. Емтиханда кездескен адамдарға жағымды эмоция білдіру үшін ашық-түсті киімдерді кию қажет емес. Әдептілік сақтауды әрқашан ұмытпау керек. Артық кетпеу керек. Емтихан өткеннен кейін барлық қалағаныңыз болады.

Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар

Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.

Емтихан алдында жақсылап демалып ал.

Міне, сен кабинеттің жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоғарлап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.

Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.

Сыныпқа «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кір.

Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңынан қолыңды жұдырықтап қатты қыс.

Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

- Жайлы отыр.

- Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).

- Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд).

Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріппен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.

Жан-жағына көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тесті орындау уақыты және тапсырма берілген бланк маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы. Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.

Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласын. Кез-келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.

Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырманы ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.

Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.

Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнің интуицияңа сен!

Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт.

Барлық тапсырманы орындауға тырыс.



© 2010-2022