СӘУЛЕСІМЕН САНАҢНЫҢ, ЖІГЕРЛЕНСІН ТАЛАБЫҢ ашық сабақ

Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СӘУЛЕСІМЕН САНАҢНЫҢ, ЖІГЕРЛЕНСІН ТАЛАБЫҢ

(Өзін-өзі тану сабағы)

7-сынып

МАҚСАТЫ:

- оқушыларға ерік-жігер, күш-қуат, сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

- оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

- оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;

- оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлылыққа, ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу.

РЕСУРСТАР: компьютер, сурет салу парақтары, ватман, маркерлер, фломастерлер, кітап, жазу дәптерлері.

САБАҚ БАРЫСЫ:

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

  1. Сәлемдесу.

Түгендеу.

  1. Тыныштық сәті. (әуен)

  2. Әрбір күн - таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Менің нәзік қыздарым!

Қайырлы күн!

Менің ержүрек ұлдарым!

Орындықтарды үстелдің жанына қою керек!

  1. Сыныпты 3 топқа бөлу. Мұғалім: бүгінгі сабақта біз үш топқа бөлінеміз. Өздеріңіз білетіндей, әр топтың көшбасшысы болады, иә? Кім көшбасшы болғысы келеді? Ал құрметті көшбасшылар, қазір біз ойын ойнаймыз, ойын «Адам - адамға» деп аталады. Әр топта 5 оқушыдан болу шарт. Сондықтан ойын барысында көшбасшы жанына 4 оқушы жинап, тобын толтырса, «біз дайынбыз» деп айту керек.

  2. Топтағы рольдерін анықтау: Ал көшбасшылар топтарында рольдерінді анықтап алыңыздар, дайын болсаңыздар «белгі беріңіздер» (көшбасшы, бақылаушы, ақылшы, таймер, хатшы)

Отырыңыздар!

  1. Топ ережесін қайталау.

  2. «Білемін». Алдыңғы сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық? Жақыс, көп деген қызықты ақпарат алдық, иә? Естеріңізде қалды ма? Сол өткен сабақта не білдіңіздер? Осы айтқандарыңызды стикер бетінде жазып, тақтаға ілулеріңізді сұраймын! Білемін бөлігіне.

  3. Сабақ тақырыбы: «Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың» жалғастыру. Сабақтың мақсатын анықтау.

ДӘЙЕКСӨЗ:

«Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш - қайрат болады». И. Гете

Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп көріңдер. Дәйексөздегі ойды жалғастыру үшін мұғалім жетелеме сұрақтар береді. Дәйексөзді жазу дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

«Не білдік? Не түсіндік? Нені қолдана аламыз?»

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС:

1 - топ - «Күш - қайрат», 2 - топ - «Ерік - жігер», 3 - топ «Қол жеткізу». Осы сөздердің мағынасын ашу.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ:

Үй тапсырмасын орындау үшін, кітаптағы «Ерік күшің мықты болсын» мәтіннің мағынасын ашу керек.

1 - топ - мәтіннің бас жағын айта бастайды;

2 - топ - ортасынан жалғастырады;

3 - топ - мәтіннің соңын айтып, аяқтайды.

Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды жинақтап, олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдайды.

Сұрақтар:

1 - топ - Думанның ісі неге оңға баспады?

2 - топ - Өздеріңнің де аталарыңнан ақыл сұраған кекздерің болды ма? Қандай жағдайда?

3 - топ - Әңгіменің мәні неде деп ойлайсыңдар?

«Не білдік? Не түсіндік? Нені қолдана аламыз?»

МҰҒАЛІМНІҢ ӘҢГІМЕЛЕУІ: Назар аударыңдар

Үлкен ерік - әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезде әлденеден өзін бас тартқыза білу де. Ерік дегеніміз - жай ғана тілек емес. Оның үстіне сол тілектерді қанағаттандыру, ал мұның өзі әрі тілеу, әрі тоқтау, әрі бас тарту.

«Не білдік? Не түсіндік? Нені қолдана аламыз?»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:

20 беттегі «Өзіңе сен!» өлең - шумақтарын оқып, өлеңдегі ойды негізге ала отырып, келесі жұмыстар атқарыңдар:

1 - топ: эссе жазу;

2 - топ: сахналау, үлгі көрініс көрсету ;

3 - топ: сурет салу.

ЖАҒДАЯТТЫ ТАЛДАУ: 21 БЕТ

Әр топ осы жағдаятты оқиды, топта бір шешім қабылдап, шешімін хабарлайды.

Сұрақтар:

1 - топ: Даниярға қандай ақыл қосуға болады?

2 - топ: Ерік - жігерді қалай дамытуға болады деп ойлайсыңдар?

3 - топ: Өздерің Даниярдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

ҚОРЫТУ: Оқушылар үйлерінде жасап келген «Менің жетсітіктерім, өзімді қабылдауым, мақсатым, менің өмірлік ұраным» кестлерін тақтаға іліп, өз ойларын қысқаша айтып кетеді.

ӘН АЙТУ: «Өміріңе немқұрайлы қарама»

САБАҚТЫҢ СОҢҒЫ ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ: күй әуеніне ойын жинақтап бүгінгі сабақта не біліп, не түсініп, не қолдана алатының түйіндейді.

КЕРІ БАЙЛАНЫС: «Не білдік? Не түсіндік? Нені қолдана аламыз?»

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 23-24 бет «Тоғжан ауылында» мәтін оқып келу, мағынасын ашуға тырысу.

САБАҚТЫ БЕКІТУ: «БІЛДІМ! БІЛГІМ КЕЛЕДІ?»

БАҒАЛАУ: Бақылаушылар топтарында жасалған жұмысқа есеп беріп, әр оқушыны талдап кетіп, мадақтайды.



© 2010-2022