Открытый урок по самопознанию Жылы жүрек - жақсы тілек (3 класс)

Раздел Школьному психологу
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 09. 01. 2016ж.

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: Өзін - өзі тану

Тақырыбы: 17 - сабақ. Жылы жүрек - жақсы тілек

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Білімділік: Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;



  • Дамытушылық: қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Тәрбиелік: мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, оқулық

Кезеңдері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Шаттық шеңбері



III. Әңгімелесу


V. Тыныштық сәті

V. Мәтінмен жұмыс

VI. Дәйексөз

VII. Тапсырма

VIII. Сергіту сәті





IX. Дәптермен жұмыс

X. Қорытындылау

XI. Жүректен жүрекке

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа психологиялық дайындық.

Жылы жүрек-жақсы тілек

Жақсы сөз-жан семіртер. Халық мақалы.

Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досмыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:

-Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің, т.б.

- Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып, «Көңілді балалар» өлеңін айтайық.

  • Адамдарға жылы жүрек пен жақсы тілек тілегенде қандай сезімде болдыңдар?

  • Ал өздеріңе жақсы тілек ,жылы сөз айтқанда қандай сезімге бөлендіңдер?

-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға,айналамыздағыларға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

Жылы жүрек,жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында Е.Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін оқып беру.

-Жақсы ой,жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

Оқулықта берілген суреттегі кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап саған көрсеткен жақсылықтар мен айтқан жылы сөздер, тілектерді жазып жүру.

-Бір-бірімізге жақсы ,жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жақсы тиетін жылы сөздерді жиі айтып жүрейік.

«Жақсылық шеңберін» құру үшін әр оқушы ортаға шығып, өзінің айналасына жасаған игі істерін қимылмен көрсетуі немесе сөзбен айтуы тиіс. Осылайша шеңбер кеңейе береді.

Балалар жақсы қасиеттерін бір-біріне көрсете отырып, жақсылық шеңберін құрады. Мұғалім оқушыларға жақсы болу адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін, жасаған жақсылық әрқашан да өзіңе қайтып келетінін түсіндіріп, оқушылар бір - біріне тек жақсы болуды уәде етеді.



© 2010-2022