Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

Қоғам ата-анадан қазіргі кезде балалармен тығыз байланысты , өмірді бағалай білетін етіп тәрбиелей білуге және соған талпынуды талап етіп қоймайды, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндетін терең сезіне білетін бала тәрбиелеуді талап етеді. Өмір, тәрбиелеу ісіне бәріміздің жұмыла кірісуіміздің қажет екенін көрсетуде. Психология  ғылымында айрықша сала бар, ол – жасқа байланысты психология. Әр жастағы балаларды , зерттеу мен байланысты олардың жеке ерекшеліктерін ашу проблемалары...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес


Қоғам ата-анадан қазіргі кезде балалармен тығыз байланысты , өмірді бағалай білетін етіп тәрбиелей білуге және соған талпынуды талап етіп қоймайды, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндетін терең сезіне білетін бала тәрбиелеуді талап етеді.
Өмір, тәрбиелеу ісіне бәріміздің жұмыла кірісуіміздің қажет екенін көрсетуде.
Психология ғылымында айрықша сала бар, ол - жасқа байланысты психология. Әр жастағы балаларды , зерттеу мен байланысты олардың жеке ерекшеліктерін ашу проблемалары ата-аналар үшін де маңызды мәселе болып табылады .Біздердің арамызда мектепте «қиын сынып» және «жақсы сынып» бар
«Қиын» сыныптарда үлгермеуші оқушы көп , яғни бір сыныпта екінші жылға қалғандар, тәртіп бұзушылық та жиі болып тұрады. Мұндай сыныптарда қандай да болсын жетістіктерге жету үшін мұғалімдер ұжымының зор күш жұмсауына тура келеді.
Жақсы сыныптарда қоғамдық өмір қызу қарқынмен жүріп жатады, үлгемеушілер бірлі -жарым ғана болады. Сыныптың белсенділері ұйымшыл, тәртіпті , әр нәрсені білгіш, жалынды , артта қалушыларға көмектесуге әзір тұрады, нашар оқып , артта қалушыларға көмектесіп өз қатарларына қосуға тырысады. Мұндай сыныптар мұғалімдерді де ата-аналарды да қуантады. Неге бір сынып жақсы , екінші бір сынып жаман болады ?
Ата-аналардың көпшілігі бұл жағдайды әр түрлі сыныптарда әр басқа мұғалімдер мен сынып жетекшілердің болуынан деп түсіндіреді. «Жақсы сынып жетекшінің сыныбы - алдыңғы қатарлы, сынып жетекшісі онша болмаса, сыныбы да нашар» дейді .
Әрине, мұғалім - сыныптағы негізгі бейне екені сөзсіз, оның тәжірибесіне, ұйымдастырушылық қабілетіне , біліміне , оқушылармен қарым-қатынасына өте көп жағдайларға байланысты .
Бірақ сыныптағы оқу және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктер ата-аналардың, мұғалімдердің тікелей бірлескен әрекетіне байланысты деп санаймын.
-Рас, тіпті өз балаларының тәрбиесімен де шын көңілден айналыспайтын ата-аналар да баршылық. Мұндайларды мектепке шақырып келтіру өте қиын.
-Баратын уақытымыз жоқ,- дейді кейбіреулері, - біз жұмыс істейміз.
-Біз баланы бағып-қағамыз , киіндіреміз, ал оны тәрбиелеу мұғалімдердің ісі, - дейді келесі біреулері. Міне, дәл осындай отбасылардан «қиын» балалар шығады. Осындай жағдайларды түзету және алдын-алу негізінде ата - аналарға бінеше психологиялық кеңестер ұсынылған дұрыс.

Әр отбасы өзінше өмір сүреді . Оның сипаты материалдық мүмкіншілігімен, пәтер жағдайымен , отбасындағы адамдардың санымен олардың өзара қарым-қатынасымен ғана белгіленбейді , сонымен бірге әке -шешенің еңбекті , оқуды қаржыны үй шаруашылығын, яғни өз үйінде бала тәрбиесіне көмегін тигізетін жағдай тудыруды дұрыс ұйымдастыра білумен де белгіленеді.
Тағы бір психологиялық кеңес баламен әңгімелескенде әңгімеңіз ақыл беру ретінде өтуіне тырысыңыз , өз тарапыңыздан қатал бұйрық беруге бой ұрмаңыз , қайта өтініш басым болсын . Сабағын тексергенде , кітап оқығанда кино көргеннен кейін : Сен мынаны байқадың ба ?Мынаны көрдің бе ?Ал мұнан басқа тағы не затқа көңіл бөлдің ?-деген сияқты сұрауларды оларға үнемі қойып отыру керек .
Баланың оқуына қандай жолмен көмектесу керек ? Мектептегі оқу жұмысына, жалпы ,баланың қызығушылығын қалай артыруға болады ? Ғылымдағы, өндірістегі, жетістіктер қандай болмасын мамандық саласындағы даму адамнан жаңа алуан түрлі білімді және ақыл-ой өрісінің жан-жақтылығын талап етеді. Сондықтан да барлық ата-аналар өз балаларының қызығушылығын арттыруға көмектесулері қажет . Ол үшін баланы әр түрлі сабақтан тыс үйірмелерге қатыстыру .
Ата-ананың көпшілігі жеткіншек жасты , қиын жас деп есептейді. Жеткішектер өздерінің қалауы мен білуге құмарлықтарының жан-жақтылығымен таң қалдырады . Егер балалар үлкендердің оған өзінің жақсы көретін ісімен шұғылдануға шын мәнінде мүмкіншілік тудырмақшы болғанын сезсе , онда ол оның ең жақсы адамы болып саналады , ал жеткіншектер -олармен барлық қиыншылықты жеңуге дайын , теңдесі жоқ , албырт көмекшісі .
Сабақтан үлгермеушілік және тәртіпсіздік 5-8 сынып оқушыларында әсіресе ұлдардың арасында , көп кездеседі . Жеткіншектер көпшілік жағдайда тұрпайы , өте менмен және ашуланшақ , құбылмалы болады.
Ал инспектор балалар бөлмесіне кімдерді жиі әкеледі ?
Тағы да сол 12,13,14,15 жастағы ұлдарды.
Жеткіншектер жөнінде мұндай қайшы пікірлердің болуының себебі неліктен? Мектеп оқушыларының ішінде шапшаң қарқынмен өсетін ол - жеткіншектер . Осының өзі оның жүріс тұрысына , бейнесіне әсерін тигізеді .
Адамның дүниеге көзқарасы қалыптасып , белгілі бір идеямен , сеніммен тумайтыны анық. Дүниеге деген көзқарас негізі балалық шақта қаланады. Оны кім және қалай қалыптастырады ?
Алдымен , әрине мектеп мұғалімдері , ата-ана . Бала мүмкіншіліктерін шектемеу қызығушылығын дамыту әрбір ата-ананың қолында . Әрбір ата-ана өз баласын дұрыс жолға қою қоғамдық талаптарға сай тәрбие беруге міндетті және бұл әр ата-ананың қолынан келетін жауапкершілік .
Баланы қажетіне сай мадақтап отыру маңызды . Яғни әр ата-ана өз баласының мінезін темперамент ерекшелігін ескеріп соған сай тәрбие беруге міндетті.


© 2010-2022