Тренинг на тему Мен өмірді сүйемін

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен өмірді сүйемін

Мақсаты:

- Оқушылардың өз көңіл күйін игере білуге және басқаруға,қадағалай білуге тәрбиелеу;

- Оқушыларды мейірбандыққа,өзгенің көңіл-күйін түсінуге білуге тәрбиелеу,қобалжу,күйзеліс сезімдеріне қарсы тұруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ақ парақтар, қаламдар.

Сабақтың барысы

Құрметті мектеп бітіруші түлектер,оқушылар. Бүгінгі өткізігелі отырған ''Мен өмірді сүйемін '' атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер

Оқушылар,түлектер еліміздің болашағысыңдар болашақ бүгінен басталады демекші кеше ғана бүлдіршін бала бүгін ересектік өмірге қадам басқалы тұрған жас жеткіншексіңдер. Алдарыңда үлкен болашақ ,ұлы мақсат, үлкен міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Әр отбасының мақтанышы болар азаматтары мен азаматшаларысыңдар. Ұлы Абай атамыз айтқандай ,

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан - демекші өмірде өз орындарыңды тауып,қалаған мамандық иесі болуға шын жүректен тілектеспіз. Кім де кім аянбай еңбектенсе,соның бағы жанары сөзсіз. Сол себепті қандай да бір істі бастап оны аяқсыз қалдырмай еңбектенсе бәрі де өз қолыңда деп нық сеніммен сене білу керек. Еңбек етсең емерсің дегендей, алынбайтын қамал жоқ екені сөзсіз.

Сұрақ- жауап:

1 . Өмірде неге қол жеткізгің келеді?

2 . Мен өмірді сүйемін - дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар жауабы

Ойын: Саудаласу ойыны

Шарты:Ортаға алты оқушы шақырылады,қолдарына ақ парақ пен қалам беріліп.Парақты төртке бөліп өз есімдерін жазады оны бүктеп қорапқа салып,жүргізуші араластырады. Әр қатысушы төрт бүктелген парақты алып,оқиды.Өз есімдері жазылған парақты басқа қатысушылардан саудаласу арқылы есімдерін қайтарып алу керек.

Ойынды қортындылау.

Өз есіміңді сатып алу қиын болды ма?

Кездескен қиындықтарды қалай жеңуге болады?

Өміршеңдік ережесі. Енді оқушылар сендерді өздеріңе күш қуат беретін жігер беретін ережеге шақырамын.Осындай ұстаныммен жүрсеңдер еш уақытта ештеңеден жеңілмейсіңдер барлығы да өз қолдарыңда болады.

Әр адамның ережесі- өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып

Өміршеңдік ережелерін айтайық

  1. Жігер деген - Мен

  2. Күш деген - Мен

  3. Махаббат деген - Мен

  4. Кешірім деген - Мен

  5. Құдірет деген - Мен

  6. Жасөспірім деген - Мен

  7. Жастық шақ деген - Мен

  8. Денсаулық деген - Мен

  9. Адалдық деген - Мен

  10. Жарқындылық деген - Мен

  11. Бар ғажайып деген - Мен

Қортындылау; Құрметті оқушылар осымен сабағымыз аяқталды.

Бүгінгі тренинг сабағымыз ұнады ма?

Алдарыңдағы көңіл күйді білдіретін смайлик тұр сол арқылы өз көңіл күйлеріңді білдіріңдер.





© 2010-2022