Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің

Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті.            Мұғалім-тәрбиеші  Кубаева  Айкерім  Жеңісқызы Тақырыбы: Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің. Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде                    асыра білуге үйрету. Ситуациялық сұрақтар арқылы ойларын                    дамыту. Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, нақыл сөздер.                    Барысы: а) Кіріспе:             Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат – арба, пәуеске кезінде – ақ талпыныс жасалған еді. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды. 1730 жылы жаңа указ болып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. «Кімде – кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.             1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.             1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

sabak.ucoz.org/load/2-1-0-223

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының психологиялық - педагогикалық

түзеу кабинеті. Мұғалім-тәрбиеші Кубаева Айкерім Жеңісқызы

Тақырыбы: Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің.

Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде

асыра білуге үйрету. Ситуациялық сұрақтар арқылы ойларын

дамыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, нақыл сөздер.

Барысы:

а) Кіріспе:

Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат - арба, пәуеске кезінде - ақ талпыныс жасалған еді. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды. 1730 жылы жаңа указ болып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. «Кімде - кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.

1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.

1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді.

б) Сұрақ - жауап:

1.Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (Бағдаршам)

2.Көше қиылыстарынан қалай өту керек? (Мысал келтіру)

3.Қанша жасқа дейін көшеде велосипедпен жүруге болмайды? (14 жасқа дейін)

4.Көше қиылысы деген не. Ол не себептен қауіпті?

5.Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз? (Алдымен сол жағымызға 6.қараймыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз)

7.Балалар қай жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда)

8.Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (Арнайы аялдамада)

9.Тротуар деген не? (Жаяу жүргіншінің жолы)

10.Біздің адал досымыз не? Оның әрбір түсін түсіндір.

11.«STOP» белгісі нені білдіреді?

в) Жұмбақтар.

а) Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

Үзеңгісін тептім

б) Зымырап кеттім (Велосипед)

Төрт аяғы дөңгелек,

в) Адамсыз ол жүрмейді (Машина)

Өзі тым күшті

г) Аяғы тісті

Ілезде тындырады

Қыруар істі (Трактор)

г) Өлеңдер

1. Ұмытпа жүру тәртібін,

Ойыншық көрмей сен оны.

Құриетпен қара, жарқыным,

Қызыл шам жанса от болып.

Өтуге жолдың жоқтығы,

Егер ол жанса көк болып,

Өтесің сонда, ұқ мұны.

2. «Чайка», «Волга», «Жигули»,

Ертемен «Автомашина».

Жұмыстан елді бөгемей,

Тасиды тауар асыға.

3.Қамтып балабақшасын,

Магазинге жеткізу.

Нан, май, жеміс, басқасын,

Тың астығын тасиды,

Терезеден жол соғып Элеваторға тасиды.

4. Құмырсқадай құжынап ,

Зулап жатсын машина.

Жол тәртібін біл бірақ,

Білмесе, үйрет досыңа.

5. Тротуармен өтерде,

Оңға, солға қарағын.

Далаң қақпай бекерге,

Тап қауіпсіз аралын.

6. Алды - артыңды мұқият,

Байқап алып, сосын өт.

Асығам деп шұқырап,

Тартып жүрме қасірет.

7. Ысқырықты тыңдамай,

Мұса шапты доп қуып.

Машинаға жазған - ай,

Ұшып түсті соқтығып.

8. Мейлі автобус, трамвай,

Жетем деме қуалай.

Жүр есіңнен шығармай,

Жасама іс ойланбай.

9. Тентектігін қоймаған,

Жаман әдет бас тігіп.

Жол үстінде ойнаған,

Әпермейді жақсылық.

10.Бағдаршам жанса қызыл боп,

Өтуге жолдан болмайды.

Егер ол жанса көк болып,

«Өт» деп сені қолдайды.

д) Қорытынды.

  1. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?

Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.

  1. Бағдаршамның неше түрі болады?

Бағдаршам бір немесе екі - үш бөліктен құралған қосымша көрсеткіштермен беріледі. Олар тік немесе көлденең қалыпта орналасады.

  1. Бағдаршам жарықтығының қызметін айтып бере аласың ба?

- Бағдаршамның жасыл жарығы жанса, жүруге рұқсат етіледі, сары жарығы жанса, жүруге дайындалу керек, қызыл жарық жүруге тыйым салады.

  1. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгімен реттеледі?

- Арнайы бағанаға орнатылған жасыл - қызыл түсті «жүріңіз»,

«тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.

Өмір - сыйлық. Өмір - жарық. Өмір - сәуле. Осы нұрлы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу - әрбір азаматтың парызы. Жол тәртібін әрдайым орындап жүрсеңіз, қиыншылыққа тап келмейсіз.

Ендеше, үнемі жолдарыңыз болсын! - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022