«Сенім - менің серігім»

1.  Оқушыларға психологиялық кеңес . 1. Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал - жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қой; 2. Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді енгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарайды; 3.Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықта: сен кімсің «үкі», әлде «бозторғайсың ба». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. 4.Әр күнг...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

мемлекеттік мекемесінің педагог - психологы

Шуакбаева Бактигул Сабитовна

Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім

Мақсаты:

11 сынып оқушыларын ҰБТ - ге байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту.

Қажетті құрал жабдықтар:

Ақ парақ, қаламсап, интерактивті тақта. «Тілек ағашы», жапсырма қағаздар, үнтаспа, бейне ролик.

Талапкер - 2013

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай

1. Оқушыларға психологиялық кеңес .
1. Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал - жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қой;
2. Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді енгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарайды;
3.Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықта: сен кімсің «үкі», әлде «бозторғайсың ба». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан.
4.Әр күнге жоспар құру. Жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» деген сияқты нақты ойда болу және өзін анықтау керек;
5. Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;
6. Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу.
7. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;
8. Берілген пәндер бойынша өте көп тесттер мен тапсырмаларды шығарыңдар,өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;
9. Секундомерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағандарыңды есепте; 10. Емтихандарға дайындалу кезінде өзіңнің жақсы тапсырғаныңды көз алдыңа елестет; «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;
11. Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес, бір күнді қалдыр. 2. "Сенімді немесе сенімсіз статуясы" жаттығуы

Мақсаты: өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды дамыту.

Нұсқау: Сендер мектеп алдына скульптура қоюды ақылдастыңдар.

"Өз - өзіне сенімді немесе сенімсіз бейне " скульптурасы. Қазір біз барлығымыз скульптура бейнесіне енуге тырысамыз. Екі топқа бөлінуіміз керек. 1 топ сенімді скульптураны сомдаса, 2 - топ сенімсіз скульптураны сомдайды. 4 минуттан кейін өздері сомдайтын скульптураны көрсетеді. "Сенімді бейне" образын құрастыру қажет.

3. "Менің ресурстарым" жаттығуы

Мақсаты: Қатысушыларға ҰБТ кезінде өзін сенімді сезінуіне көмектесетін қасиеттерін табуға көмектесу қажет.

Нұсқау:

Парақты екі бөлікке бөліңдер. Бір бөлігіне: «Мен немен мақтана аламын». Бұл жерге өздерің мақтанар күшті қасиеттеріңді жазыңдар.

Екінші бөлімге: «Менің бойымдағы осы қасиеттердің қайсысы ҰБТ кезінде көмектеседі?» соны жазу.

4. «Сенімділік образы» жаттығуы

Мақсаты : қатысушыларға өзіне сенімділікті нықтап қалыптастыруға үйрету.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, өздеріңді сенімділікке алып келетін қалыпты елестетіңдер. Енді елестеткен бейнелеріңді суретпен, символдармен бейнелеңдер »

Жаттығу аяқталғанда, қысқаша баяндама беруге болады.

Талдау:

  • Қандай жағдай қиын болды немесе жеңіл болды?

  • Бұл символ саған қалай әсер етеді?

Егер қатысушылар өздері айта алмаса, оларға бұл символдар қиын жағдайда өздеріңді сенімділікті күшейте алады деп түсіндіру керек. 5. Қорытынды:
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз - дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы, балалар. Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, өмірмен бетпе - бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең - кезең проблема туындай береді, өзіңмен - өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі - дей келе бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Қорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады.



© 2010-2022