Семинар сабак

Тұлғаны танып білу, оның өзін өзі тануына жол ашу. Оқушылардың жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.1.Балаларды әртүрлі жақсылықпен таныстыру2.Мектепте және үйде  жақсы қарым-қатынас құру3. Критикалық ойларын дамыту.Сабақтың түрі: Психологиялық трининг сабақКөрнекілігі: Ұлағатты сөздер,бояуқарандаштар,түрлі түсті  гүлдер.Сабақтың барысы: І.ұйымдастыру кезеңі. «Танысу» тринингі.Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, өз орындарына жайғастыру.Ойын... ІІ.Кімде қандай қасиет бар. Оқушыларға  кемпірқосақтың суретін салғызып, оның әр бөлегіне өзіміздің   бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді жазып, оны жеке-жеке оқып береміз.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді білуің адамгершілікке жетелейді

Мақсаты:

Тұлғаны танып білу, оның өзін өзі тануына жол ашу. Оқушылардың жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.

Міндеттері:

1.Балаларды әртүрлі жақсылықпен таныстыру

2.Мектепте және үйде жақсы қарым-қатынас құру

3. Критикалық ойларын дамыту.

Сабақтың түрі: Психологиялық трининг сабақ

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер,бояуқарандаштар,түрлі түсті гүлдер.

Сабақтың барысы: І.ұйымдастыру кезеңі. «Танысу» тринингі.

Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, өз орындарына жайғастыру.

Ойынның шарты:атымыздың алғашқы әріпіне байланысты жағымды сөздер айтып танысамыз.Мысалы: Айзере ақылды,Сандуғаш салмақты,

Бибігүл биші.

ІІ.Кімде қандай қасиет бар. Оқушыларға кемпірқосақтың суретін салғызып, оның әр бөлегіне өзіміздің бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді жазып, оны жеке-жеке оқып береміз.


ІІІ. Трининг "Кірпі ойыны"

Мақсаты:Кірпіні жазуымыз керек.

Бір оқушы кірпі болып бүрісіп отырады,кірпіге мақтау сөздер айтып немесеөз өнерін көрсетседе болады тілін тауып кірпіні жазу керек.

Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің есебінде.Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?

ІҮ.Сыпайылық ойыны Жағымды әуенді балалар тыңдайды. (2-3) минут

Тексеру тестісі:


  1. «Менің есімім» атты жаттығу.

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.

  1. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар: түрлі -түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ -анықталмаған көңіл-күй.

б) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Ү. Гүлдер әлеміне саяхат.

Мақсаты: Өзінің және айналасындағылардың психалогиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Оқушыларға әр түрлі гүлдер таратылады, кім қандай гүлді ұнатса,алып өз аттарын жазады, оны бүктеп араластырып, бір-біреуден аламыз.Алған гүлде кімнің таңдаған гүлі екенін біліп сол адамға мінездеме береміз.Мысалы осы жерде вен диаграммасын құрастырып жіберуге болады.Сол адамның жақсы қасиеттерін бір жаққа, жағымсыз қасиеттерін бір жаққа жазамыз,

жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушыларға бір-бірімен өздерінің ойларымен және рольдерді ойнауға алған әсерлерімен бөліседі.Бұл рольдердің кейбіреулері кейбір қатысушыларға өте қатты эмоцианалды әсер етуі мүмкін.бақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа,инабатылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест «Өз-араңызда қандайсыз?» ұсынамын.

  1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?

А). Бір қалыпты - 3 ұпай

Ә). Өрши түсемін - 2 ұпай

Б). Үндемей құтыласыз - 1 ұпай

2. Достарыңызбен ара-қатынасыңыз қалай?

А). Жиі араласып тұрасыз - 3 ұпай

Ә). Онша араласпайсыңыз - 0 ұпай

Б). Реті келгенде - 2 ұпай

3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?

А). Үйде - 3 ұпай

Ә). Достарыңызбен бірге - 2 ұпай

Б). Кино, кафе, дискотекада - 3 ұпай

4. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?

А).Иә - 0 ұпай

Ә). Уақытыңыз болғанда - 3 ұпай

Б). Анда-санда - 2 ұпай

5. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?

А).Әрине - 3 ұпай

Ә). Киім таңдамайсыңыз - 2 ұпай

Б). Модамен киінесіз - 0 ұпай

6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?

А).Иә - 4 ұпай

Ә). Жоқ - 3 ұпай

Б). Біреудін шаруасына араласпайсыңыз - 1 ұпай

6. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыңыз?

А).Бір қалыпты - 3 ұпай

Ә). Үндемей қаласыңыз - 0 ұпай

Б). Жеңілдей сезінесіңіз - 1 ұпай

10-15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды. Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.

16-25 ұпай. Ұрыс - керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әр дайым ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен шешу керекпіз.

Әрине, әр сәтте сабырлықты сақтау өте қиын, өйткені өмірімізде адамдармен тығыс қарым-қатынаста болғандықтан кейде арадағы түсінбеушілікпен келіспеушілік ұрыс-керіске алып келуі мүлдем мүмкін. Қалай сонда әңгіменелүшінің көңілін, қөз-қарасын сабырлықпен өзгертуге болады деген сауалдарға жауап іздейк.

Қорытынды: Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа,инабатылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Міне осындай жақсы мінез құлықтарды оқушылар әрдайым естеріне сақтап жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. Жүректен-жүрекке шеңбері.Біздің жүрек түкпірімізде жатқан жылы-жылы сөздерімізді сыртымызға шығарып, тренингтен алған әсерлеріміз туралы ,және бір-бірімізге жылы сезімдерімізді, жылы тілектерімізді арнау.Міне осындай жақсы қасиеттерімізді оқушылар әрдайым естерінде сақтап жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.Біздің әрбір оқушымыз тек қана сабақта емес, өмірде бақытты, көңіл -күйі көтеріңкі болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022