Серуен кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына экологиялық білімнің әсері

Экологиялық тәрбие сабағын  тиімді жүзеге асыру кіші жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға қоятын талаптарына тоқталамыз. Отбасында баланың қарапайым іс-әрекетке деген талпынысы ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КММЖББ 77 мектеп-балабақша кешені












Серуен кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына экологиялық білімнің әсері











Дайындаған: Акедилова М.К.















Қарағанды 2014 жыл

Экологиялық тәрбие сабағын тиімді жүзеге асыру кіші жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға қоятын талаптарына тоқталамыз.

Отбасында баланың қарапайым іс-әрекетке деген талпынысы мен оны іске асыра білу дағдылары пайда болып, жетіле түседі. Мұның жәй талпынудан, ниет білдіруден өзгешелігі сол - бала өз мақсатын ұғынумен қатар, оған жету жолдарына ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балаларда қоршаған дүниеге деген қызығушылық басым болып, таным үрдістері қалыптасып, бақылампаздығы, ережеге бағына білуі жетіледі, мінез-құлқы орныға бастайды. Табиғаттағы заттардың жалпы белгілерін сыртқы қасиеттеріне, материалына, қажетіне қарап ажырата бастайды, заттарды топтап, құбылыстар арасындағы қарапайым себепті байланыстыруға әрекет жасайды. Белгісізді анықтауға бағытталған тәжірибесіне сүйеніп, ата-аналарынан көптеген сұрақтарға жауап алуға талаптанады.

Сол себепті экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын материалда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп оны тәрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау, өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға ғана тән табиғат қорғау іс-әрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады

Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды. Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады.

О т б а с ы

Мазмұны

Құралы

Әдісі

1

Баланың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыруда ата-ананың ықпалы

Аңыз-әңгімелер, ырымдар, тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер

Әңгімелеу, мысал келтіру, түсіндіру, көрсету, сендіру, іс жүзінде көрсету

2

Табиғаттағы жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырлары

Балаларға арналған теледидар хабарлары, ботаникалық бақ, хайуанаттар паркіне саяхатқа бару, әңгімелер, тақпақтар, сазды әуендер, ойындар

Бақылау, көргендерін бейнелеп әңгімелеп беру, табиғат туралы тақпақ - ән айтқызу, ойын түрлерін ұйымдастыру

3

Отбасындағы қарапайым еңбек түрлері

Құстарға, балықтарға жем беру, гүлдерді суару, ағаш отырғызуға көмектесу

Еңбек түрлерін орындау, мақтау, мадақтау, сенім арту

4

Табиғаттың әдеби шығармаларда бейнеленуі

Табиғат туралы өлең, әңгіме, қызықты жағдаяттар, бейнелеу жұмыстары

Бейнелеу жұмыстары, қызықты жағдаяттар туғызу, әңгіме құрастыру

5

Табиғатпен қарым-қатынаста болу

Саяжайдағы, саябақтағы демалыс кезіндегі серуен

Табиғатқа деген қамқорлық белсенділік, жауапкершілік дағдысы



Б а л а б а қ ш а

1

Өлі және тірі табиғат туралы түсінік қалыптастырудағы балабақшаның орны

Өлі және тірі табиғаттың

ерекшеліктерін

бақылау

Табиғат және оның ерекшеліктерін әңгімелеу, түсіндіру, мысал келтіру бейнелеу

2

Жылдың төрт мезгіліндегі табиғат, құстар мен жануарлар

Жыл мезгілінің ерекшеліктеріне арналған әңгімелер, көріністер, кепкен жапырақтар, гербариилер

Балалардың табиғат туралы көзқарасы, бейнелеп-суреттеу, салыстырып көрсету

3

Балабақшаның табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттері

Табиғат бұрышындағы құстарға, балықтарға, қояндарға жем - су беру, астын тазалау, гүлдерге су құйып, түбін қопсыту және т.б.

Тапсырма беру, мадақтау, ынталандыру, белсенділіктерін дамыту, ұқыптылыққа баулу

4

Баланың табиғаттағы әсері

Табиғаттың көрінісі бейнеленген көрнекіліктер, алдын-ала дайындалған жағдаяттар

Баланың қиялын дамыту, әсерін бөлісу, жағдаяттардан қорытынды шығару, тез шешім қабылдау

5

Табиғатпен қамқорлық қарым-қатынасы

Балабақша ауласындағы ата-аналармен бірігіп жүргізілетін табиғат қорғау іс-шаралары, «экологиялық соқпақ»

Бейнелеу өнері түрінен жарыс ұйымдастыру, балабақшадан тыс табиғат қорғау жұмыстары

Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайтып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір бала - қоршаған ортаның кішкентай зерттеушісі. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серун арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым- қатынас кезінде танып біледі.

Мысалы: «Жәндіктерді бакылау». Максаты: балаларды жәндіктермен таныстыру, сөздіқ қорларын молайту, тіл мәдениетін жетілдіру. 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап мысалы: үлкен шыны қүмыраға салып кобелекті олардың құрылысын айтқызу д/ойын арқылы, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді, сондыктан балалармен жаңылтпаш айтқызу болады. «Ақ кобелек, көқ кобелек, коп кобелек». Көркем сөздерді колдана отырып, сөздік жұмысын бекіту. «Жәндіктер ұшады, гүлге қонып құшады». Ал ортанғы, ересек топтарда мақал- мәтелдер «Табиғат -тіршілік бесігі», тиімді сөздер, тақпактар колдана отырып жәндіктердін пайдасы, тіршілігі туралы туралы түсініктерін қалыптастыру, қызушылыктарын арттыру. Ересек , даярлық топтарда экологиялық пирамиданы мысалға ала отырып, барлық жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің пайдалы, бір-бірімен байланысты өмір сүретініне қөздерін жеткізу.
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары -
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Қорыта айтқанда
«Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, б аланың тілінің дамуы барысында қоршаған ортаның, ойынның әсерінің қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Қоршаған ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі.




© 2010-2022