Тренинг на тему: Я люблю тебя, Жизнь!

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг на тему: Я люблю тебя, Жизнь!Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп













ТРЕНИНГ


«МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!»

6-7 - сынып оқушыларына арналған









Есенова Ботагөз Серікболқызы

Педагог - психолог






Сабақтың тақырыбы: Мен өмірді таңдаймын!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өмірге деген қызығушылығын және өмір туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:
♦ Өзіндік сенімді болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету
Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: Ақ қағаз,қалам,плакат слайд,жабыстырғыш.


Тренингтің барысы:


Адам баласы үшін өмірде қымбат нәрселер көп, мысалы: өмірге әкелген ата-анасы, туған-туыстары, бірге туған бауырлары, бауыр еті балалары, қимас сырлас достары, кіндік қаны тамған туған жері, тіпті денсаулығы да қымбат. Қара топырақтан нәр алып, күннің нұрынан жылулық алған әрбір тіршілік иесіне өмір қымбат. Осы қымбат дүниелерді бір арнаға тоғыстырып мен тренингімнің тақырыбын «Мен өмірді таңдаймын!» деп алдым.

Мақсаты: «Адам - өмір,

Өмір - адам».

Өмір жолында кездескен қиыншылық - уақыттың сатысы ,әуелі қорқыныш, күйзеліс, қиналыс содан соң күрес одан кейін ояну, көңілдену өмір сүруге үміттің болуы толық жеңіске әкеледі. Өмірге деген құштарлығымызды оятады. Құштарлық бар жерде өмір сүру бар, талпыныс бар.

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Төзімділік.
5. Сыйластық.

1.Салемдесу жаттығуы

Мақсаты: Бір -бірімен жағымды қарым -қатынас орнату.

Шарты: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Әр оқушының қолында гулдері бар,сол гүлдерді беру арқылы өз есімдерін айтып, бір -біріне сәттілік,жақсылық, табыс тілейді.

2. «Өмір дегеніміз не?» Ой-толғау.

Оқушылар өмір туралы түсініктерін және өлең жолдарымен түсіндіреді.

3. «Бинго» жаттығуы

Мақсаты: Есте сақтау процесін жаңғырту.

Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отыру керек. Адам естігенінің 90 % ұмытады, көргендерінің 50%, ал өзі істегенінің 10 % ұмытады екен. Сондықтан мақсаттарыңа жету үшін әр уақытта өз қолдарыңмен істеуге тырысыңдар

4. «Әңгіме құрайық» әдістемесі

Мақсаты: қиял деңгейін анықтауға арналған. Оқушыларға газет таратылады,сол газеттен не жасағысы келеді. Соны көрсетеді.

5. «Алтын балық» сергіту жаттығуы

6. «Тілек ағашы» тренингтен алған әсерлерін жазады.

Қорытынды

© 2010-2022