«Біз және біздің сынып»

«Біз және біздің сынып» Мақсаты: ұжымдық қарым-қатынас орнату, әр оқушының өзіндік «Менін» бағалауды үйрету, ұл балалар мен қыздардың арасындағы бірбіріне деген негативтік көзқарасты жою. Міндеттері:-оқушылардың бір бірімен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін анықтау;- айналасындағыларға көмек көрсете алу қабілеттерін арттыру;- әр оқушыларға топтың мүшесі ретінде түсінік қалыптастыру. Барысы: І. Психологиялық ұйымдастыру. Әр оқушы оң жағындағы және сол жағындағы сыныптастарына жымиып...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біз және біздің сынып»

Мақсаты: ұжымдық қарым-қатынас орнату, әр оқушының өзіндік «Менін» бағалауды үйрету, ұл балалар мен қыздардың арасындағы бірбіріне деген негативтік көзқарасты жою.

Міндеттері:

-оқушылардың бір бірімен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін анықтау;

- айналасындағыларға көмек көрсете алу қабілеттерін арттыру;

- әр оқушыларға топтың мүшесі ретінде түсінік қалыптастыру.

Барысы:

І. Психологиялық ұйымдастыру. Әр оқушы оң жағындағы және сол жағындағы сыныптастарына жымиып, бір бірінің қолын алып, «Сәлеметсіңдер ме!» деп дауыстап айтулары керек.

ІІ. Психолог барлық оқушыларға бір уақытта үйінің мекен жайын айтуды тапсырады. Айта кететін жайт, оқушылар өз мекен жайларын басқаларға жеткізу үшін бәрінен де қатты айтуы керек. кез келген оқушы басқа оқушының мекен жайын айтуы керек. Оқушылардан ақпаратты неге түсінбей қалғандарын сұрау керек. Соңында қарым қатынастағы басты ережелерді айту керек:

Басқаның сөзін бөлуге болмайды;

Сені тыңдасын десең, алдымен өзің тыңдап үйрен.

ІІІ. Психолог мынадай қызықты дисскуссия ұсынады. Мына көрсетілген қасиеттер кімнің бойынан табылады?

Біздің сыныпта барлығын өз бетімен жасайтын...........

Мені әрқашан таң қалдыратын........

Өмір деген қиын сын, бірақ өмірде әрқашан өз орнын табатын......

Бұзақының жолы болмайды, егер алдынан шықса.......

Сыныптағы ең дарынды оқушы.......

Сыныпта тыңдай білетін және ақыл айта білетін......

Сыныпта барлығын күлдіретін......

Маған тақтада жауап бергені ұнайды..........

Жақында біз оқу үздіктерінен көреміз.......

Менің түсіме күнде кіреді........

Тапқырлыққа бай.........

Мектеп ісшараларының жұлдызы......

Сыныпта ең ақкөңіл адам......

Саясаттан хабары бар.......

Қолындағы бар затын аямайды......

Қарапайымдылық тән......

ІҮ. Оқушыларға кезекпен биылғы оқу жылында жеткен жетістіктерін айту ұсынылады. Қалған оқушылар «Бұл керемет!» деп оң қолдарының үлкен саусақтарын көрсетеді.

Ү. Сергіту сәті:

Сыныпта отырған барлығы қол шапалақтасын;

Тек қыздар;

Тек жақсы тамақтанғанды ұнататындар;

Тек сабаққа кешігіп келетіндер;

Тек сабақты жақсы оқитындар;

Тек каникулды ұнатпайтындар;

Тек тәттіні ұнататындар;

Тек футболды ұнататындар;

Тек өмірді сүйетіндер;

Тек ата-аналарын сүйетіндер;

Тек көңілділер!

ҮІ. «Күн сәулесіндегі менің портретім» жаттығуы.

Тақтаның ортасына «Менің қолымнан келеді» деген жазу жазылады. Оқушылар кезекпен шығып, басқалары үшін не істей алатындарын жазады. Жаттығуды қорыта келе, психолог оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерінің арқасында сынып ұйымшыл болатындығын айтады.

ҮІІ. Әр оқушыға өзінің эмблемасын жасау тапсырылады. Ол үшін әр оқушыға алтыбұрыш формасында парақ таратылады.Эмблемада өзінің есімі мен жағымды қасиеттері жазылады. Эмблеманы әдемілеп өрнектеп жасау керек. Эмблеманы жасап болғаннан кейін, магнитпен тақтаға жабыстыру керек. Парақтарды жабыстырғанда барлығы алтыбұрышты форма шығару керек. Яғни араның ұясы тәріздес болуы керек.Соңында оқушылар «Біз барлығымыз» деп бастап, әр эмблемадағы жағымды қасиеттерді оқып шығады. Бұл жаттығудың маңызы, «Мен» болмаса, «Біз» деген ұғым қалыптаспайды, ал «Біз» дегеніміз ол біздің ұжым, яғни біздің сыныбымыз.

ҮІІІ. Рефлексия.

«Ұялы телефон» әдістемесі.

Оқушыларға параққа ұялы телефонның суретін салып, сол үялы телефон арқылы хабарлама жіберу тапсырылады. Хабарламада бүгінгі тренинг жайлы пікірлері және өздерінің қатысу белсенділіктері жазылады.

ІХ. Релаксация. «Мен»



© 2010-2022