Тема доклада: Жасөспірімдер арасындағы Суицид және оны болдырмаудың жолдары

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасөспірімдер арасындағы Суицид және оны болдырмаудың жолдары



Мелдебекова Ұ.С.


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан - 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Ал дүние жүзін толғандыратын мәселелердің бірі өзіне-өзі қол жұмсау немесе өз өмірімен қош айтысу яғни Суицид болып табылады. Өкінішке орай біздің елімізде де өзін-өзі өлтіру жылдан жылға артуда. Әсіресе соңғы жылдары «Жас өспірімдер суициді» көбеюде . Мамандардың айтуынша жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне, отбасылық жағдайларға, қоғамдағы тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, көптеген фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Отбасылық жағдайды алатын болсақ материалдық тапшылықтан жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсау мүмкін десек, алайда бай адамдардың өзі , өзіне қол жұмсауға барады. Мұны қалай түсінуге болады . Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды.

Қазрігі бүкіл елді алаңдататын жайттардың бірі жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмасу немесе суицид. Соңғы бес жылда 15-19 жас шамасы арасындағы суицид 7 пайызға өскенің көрсетеді. Ал статистикалық мәліметерге жүгінсек қазіргі таңда 2\3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады екен. Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқ екенің сезінеді, сонымен қатар оларда жалғыздық сезім пайда болады. Осылардың салдарынан өзінің өмірімен қош айтысуға тура келеді.Тығырықтан шығудың жолын осылай шешеді.

Осы жағдайларды болдырмау үшін оқу-орындарында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр . Осыған қарамастан жасөспірімдер арасындағы суицид көбейіп бара жатқаны әр қайсымызды алаңдатады.

Қазіргі кезде психологтың көмегін қажет ететін адамдардың көбі психолог мамандардың алдына бара бермейді. Мұның себебі көбіміз психолог мамандарды психиаторлармен шатастырамыз. Осының салдарынан мәселені шешуде адам өз-өмірін қош айтысуды оңай деп шешеді.

Әсіресе мектептегі , арнайы оқу орындарындағы психологтарының алдында үлкен бір жауапкершілік жатыр десек болады. Бірақ арнайы мамандарға осы мәселені жүктеп қойюымызға болмайды, себебі кез-келген ата-ана, ұстаздар қауымы өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бірлесіп атқарған жұмыс әрқашан өнімді шығады. Кез-келген ата-ана өз баласының жеке басындағы жағдайларды білуі тиіс, тіпті баланың күнделікті іс-әрекетін ұйымдастырып отыруы қажет.

Бала - отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, отбасындағы ата-ананың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез-құлқы -тәрбиенің бастау бұлағы. Қазіргі жасөспірімдерге тәрбие беруде ерекше көңіл бөліп отыру қажет . Тәрбиедегі негізгі түп - тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру - ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына үлгі өнеге болуы тиіс.

Американ социологтары Т.Парсонс, Р.Мертон жеке тұлғаның белгілі ортаға бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену деп атайды. Адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу деңгейімен анықталады.

Кез-келген адам сәтсіздікке , қиын жағдайларға ұшырап жатады. Бірақ олардың ешқайсысы текке кетпейді. Оған біз төзе білуіміз қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Қиналған сәтте адам өз-өзіне деген сенмі болу керек.

Гуманистік психологияның өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс «жеке тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни «Мен» тұжырымдамасының процесінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие болуынан көрінеді» - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Тәрбие - өмір бойы үздіксіз болып отыратын процесс. Тәрбие және оқыту жеке тұлғаның әлеуметтену негізі бола алады.

© 2010-2022