Ашық сабақ

Мейірімге толы жүрегім. Шығармашылық сайыс Тақырыбы: Мейірімге толы жүрегім. Шығармашылық сайыс Мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: Оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге, мейірбандылыққа тәрбиелеу.Қажетті құрал-жабдықтар: Плакат, желім, қиылған шаршылар, маркер, қ...
Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мейірімге толы жүрегім. Шығармашылық сайыс (7«в»,7«г»-сыныптар)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп - лицейдің

өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мустафаева Зульфира

Тақырыбы: Мейірімге толы жүрегім. Шығармашылық сайыс (7«в»,7«г»-сыныптар)

Мақсаты: Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Плакат, желім, қиылған шаршылар, маркер, қайшы, түрлі-түсті қаламдар

Шаттық шеңбері:

Қане барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, көңілімізді көтерейік

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Шығармашылық жұмысымызды бастамас бұрын біз өзімізге деген сенімділігімізді қалыптастырып алайық. Ол үшін:

,,Мен - ғажаппын,,жаттығуын орындайық.

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады.Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек.Әр адамның өзіне арнаған жақсы,жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы керек.Қазір мен сондай сөздер айтамын,сендер менен кейін сол сөздерді қайталаңдар

Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

Мен ғажаппын, мен кереметпін.

Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

Мен тамаша жанмын.

Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

Мен сабырлымын,салмақтымын.

Мені ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

Мен әділетті,адал жанмын.

Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

Менің қолымнан бәрі келеді.

Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

Мен үшін өмірдің қызығы мол.

Мен бәріне ризамын.

Мен бақытты адаммын.

Шығармашылық жұмыс

Шарты:

І Әуен қойылады. Үйден қиып әкелген шаршыларға қойылған әуеннен алған әсерлеріңді суреттеп саласыңдар.

- Ашық түстер - көңілді,барлық істі оңай шешеді,жолы болғыш адамдар

- Ақ немесе ештеңе салмағандар - пессимист, ештеңемен шаруасы жоқ,ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүретін адамдар

- Қоңыр,қара түстер - оптимист,бәрін өзім білем,ешкімнің ақылымен санаспайтын, қиындық кездесе қалса қалай болса да жол тауып шыға алатын адамдарды айтамыз.

ІІ Сол салған суреттеріңді жинақтап тақырып қоясыңдар. өз өмірлеріңнің өткені, бүгінгі күні, келешегіңді қосып өз тұжырымыңды жаса.

ІІІ Енді сол салған суреттеріңді топтарыңмен бір плакатқа жинақтап,

,,мейірімділік,, тақырыбымен байланыстырып, плакаттарыңды қорғайсыңдар

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

Дәйексөз

Мейірімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы

Ана -халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Тапсырма

«Мейірімділік гүлін» құрастыру

Оқушылар алдарыңызда тұрған ақ параққа түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайсыздар. Сіздер тапсырманы орындап боламын дегенше мен сіздерге жаңа ақпарат оқып берейін.

Жаңа ақпарат

Өмірдің мақсаты не? Тойып ішіп-жеу, өлең айту, бос уақыт өткізу ме? Жоқ олай емес. Өмірдің мақсаты - өзіңді-өзің танып білуде. Бәрінен бұрын, өзіңізге «Мен кіммін?» деп сауал қойыңыз. Біз бұдан аулақта жүреміз. Өз табиғатымызды ұмытып: «Сен кімсің? Ол кім? Ол қайдан? Оның аты-жөні кім?» деген басқа сұрақтарды қоямыз. Ал сіз мен кіммін? Деген сұрақты қойып көрдіңіз бе?

Өзгелер сіздің барлық сұрағыңызға жауап берер, бірақолар сіздің кім екеніңіз туралы ешқашан айта алмайды. Егер сіз өзіңізді танып білсеңіз, өзгені де танып білу қиынға соқпайды. Мен адаммын, ол да адам. Бәрі қарапайым. Өз табиғатын шынайы білмейтіндер үнемі әркімді бір сынап, кемсітеді, көңілін қалдырады. Ол дұрыс емес. әр адам өз бойындағы махаббат шоғын сөндіріп алмауы тиіс.

Саи Баба

Жүректен жүрекке

- Кәне, барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық. Және де өзіміз қолдан жасаған мейірімділік гүлін ортамызда отырған ең мейірімді деген адамға тапсырайық.

(Оқушылар сабақ соңында өздерінің жасаған гүлдерін ұстаздарға табыстайды.)

- Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022