Тренинг по психологии на тему Әріптестік қарым-қатынас

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Әріптестік қарым-қатынас тренингі»

Мақсаты: әрбір қатысушының өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

  1. Танысу тренингі. «Көрші».

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жыми.

Сол жақтағы көршіңе бір жыми.

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

  1. Менің серігім қандай адам?

Дөңгеленіп отырамыз. Сіздер 2-2ден бөлініп, бір-бірлеріңізге қарап отырыңыздар. Музыканың ырғағымен бір-бірлеріңізге зер салып ойлана қарап, алдарыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені, менің алдымда... көріп тұрмын деп бастайсыз. Адамның сыртқы бейнесін суреттеңіз. Әңгімеге оның жеке қасиеттері, өз бағалауыңызды қоспаңыз. Мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар т.б. осы сияқты. Рөлдеріңізді сосын ауыстырасыздар.

1.Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?

2.Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?

3. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы

Сандықша. Сандықша ішінде ең жақсы, ашық, білімді, өз мамандығының шебері, белсенді адамның суреті бар. Ол кімнің суреті деп ойлайсыңдар. Көрмес бұрын барлығы көздерін жұмады. Сандықшаны алған адам ғана көзін ашады. Көргенін келесі адамға айтпауы керек.Соңында айнадан өз бейнесін, өзін-өзі көреді. Жаттығудың соңында сұрақтар бойынша талқылау.

1)Көргенімен келіспейтін адамдар бар ма?

2)Өз бейнелеріңізді көргенде қандай сезімде болдыңыздар?

4. «Майшам» жаттығуы.

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін жылы сөз айтып майшамды алғанымыз, жарық дегеніміз жақсы нәрсе. Алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.

г

© 2010-2022