«Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру» атты ата-аналар жиналысы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру» атты ата-аналар жиналысы.

Мақсаты:

  • баланың тұлға ретінде дамуындағы ата-ана мен педагогикалық ұжымының бірлесе жасалған жұмысын ұйымдастыру, қарым-қатынасты нығайтып және қолайлы жағдайды жасау.

  • ата -аналардың психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіру;

  • ата -анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез- құлық тұстарын айқындауға көмектесу;

Барысы:

  1. Мұғалімнің сөзі

«Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы - ертеңгі ел болашағы» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда.Бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесі үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне құлақ түрсек, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең біріншіден ата-анаға байланысты болады. Сондықтан, бала тәрбиесі жайында сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар-алғашқы педагогтар» деп жазылған. Олар баланың мінез-құлқына, жан дүниесіне терең үңіліп, отбасындағы бірлік пен тыныштықты сақтаулары қажет. Әр бала дүниеге келген сәтінен бастап, ес біліп, ер жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады. Олардан жақсы мен жамандықты, мейірімділік пен қатыгездікті үйренеді. Алайда, бала тәрбиесіне мектеп пен мұғалім де аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ең бастысы, ата-аналар білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы шарт. Мектептерде екі жақтың бірігуімен балалар тәрбиесіне бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылғаны жөн.

Әр халықтың алға қойған асыл мұраты - көзі ашық, көкірегі ояу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Баланы ақылды, есті етіп тәрбиелеу - отбасы мен мектептің бірлесіп істеген жұмыстарына тікелей байланысты екені анық. Жас ұрпақ тәрбиесі тек ата-ана мен мектептің ғана мәселесі емес, ол бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Атам қазақ қай заманда болсын тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл бөлген ғой. Ендеше, ұрпақ қамы үшін, бауыр еті баласының болашақта ел қатарлы жақсы азамат болып өсуі үшін әр ата-ана бүгіннен бастап ойланғаны абзал...

Сондықтан бүгінгі өткізгелі отырған ата-аналарға арналған тренингімізге қош келіпсіздер!

Амандасу. Шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып алайық. Амандасқанда күнделікті амандасудан бөлек, арқа түйістіріп, тізімен, құшақтасып амандасу түрлерін қолданамыз./Енді осы амандасулардың ішінен қандай түрі ұнады?/ /ата-аналар жауабы/. Рахмет. Келесі бөлім

«Сіздердің отбасыларыңызбен танысайық».

Ол үшін сіздерге ақ парақ пен қарандаштар беріледі.

Тапсырма: Параққа үйдің суретін салыңыздар. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. ( Өз отбасыларыңызбен таныстырыңыздар). Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық!

Ия, әрбір ата - ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім - тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз.

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол - бірінші ата- анасынан , себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады .

Ал -екінші ұстазынан өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазынан алады.

Мұғалім Қашанда отбасы үшін бала тәрбиесі туралы ғылыми білімнің негізі болған, мұғалім ғана ата-анаға баласы нашар оқыса, кеңес бере алатын мұғалім ғана ата-анаға өз баласын түсіне алуына көмектеседі.

Бүгінгі таңда осының бәрін педагогикалық журналдар, газеттерде, кітаптардан табуға болады. Бірақ, қандай да болмасын кітаптар журналдар, мақалалар ата-анаға көмек көрсете алдмайды. Көмекті мұғалім ғана бере алады. Мысалы, бастауыш және орта мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ата-ана мен мұғалімнің күнделікті қатынасын талап етеді.

а)балалар мен ата-аналар қарым-қатынасымен және баланың дамуындағы мақсаттармен мәселелерді шешу саласында ата-аналардың психологиялық компентенциясын жоғарлату;

б) балалардың проблемаларын шешу мен даму мақсаттарымен байланысты сұрақтарда ата-аналармен ынтымақтастық жасау;

Осы міндеттерді шешу үшін келесі қызметтер орындалады:

а) Балалардың психологиялық дамуы мен тәрбие мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру;

б) психологиялық диагностиканы өткізу қорытындысы бойынша ақпараттандыру.

Оқушыларға жеке және топтық түрде психологиялық диагностиканы өткізу қорытындысы бойынша ата-аналарды ақпараттандыру;

Ата-аналардан бала тәрбиесіне байланысты сауалнама алу.

1.Сіздің отбасыңызда тікелей бала тәрбиесімен кім айналысады ?
Шешесі; әкесі; әжесі;
атасы; ағасы; әпкесі; көршісі
2.Сізге ұл-қыздың тәрбиесімен айналысуға не кедергі жасайды?
уақыт жоқ; педагогикалық білімім жетпейді;
мектеп тәрбиелеу керек деп есептеймін
3.Өз балалңызбен көбіне қайда бірге боласыз?
музейде, театрда, кинотеатрда,
табиғатта, ешқайда болмаймыз 
4. Балаңыздың мектептегі, үйдегі достарын, үйірмедегі жетекшілерін танисыз ба? (аттарын жазыңыз)
5.Балаңыздың қандай мінездерін жағымды және жағымсыз деп санайсыз?(өз жауабыңызды жазыңыз)
6.Сіздің ойыңызша, тәрбиенің қандай әдістері барынша тиімді ?
сенімге,
талап етуге,
құрметке,
қатал тәртіпке негізделген тәрбие /ата-аналар жауабын қортындылау/

Біздің педагогикалық ұжым ата-анамен жұмысты жоспарлай отырып, мына мақсаттарды іске асырады:

1) Ағартушылық - баласының өзгеруін көре алуын;

Ата-ананың өзін оқытып, тәрбиелеу қажетті, біріншіден баланың өзіне керек;

2)Кеңестік - қоғамдық және оқу дағдыларын алу үрдісінде балаға жақсы әсер етуіне қажетті психологиялық-педагогикалық әдістерді іздеу;

3) Коммуникативтік - отбасында ата-ана мен баланың қарым-қатынасының мәдениетін байыту;

Осы міндеттерге сәйкес, өткен оқу жылында ата-анамен жұмыстың әртүрлі формалары өткізілді. Ол конференция, «Ашық есік күні», консилиум, тренингтер, практикумдар, ата-аналардың белсенділіктеріне қарағанда, оларды немқұрайлы қалдырған жоқ. Көбі ашық сабақтарда көрді. Ол ата-ана үшін де, мұғалімдер үшін де өте пайдалы.

Практикумдар ата-аналардың педагогикалық дағдыларын шығару үшін көзделді.

Дискуссиялар - педагогикалық мәдениеттің көтерілуінің қызықты формалары.

Оқу жылында ата-аналар сұранысы бойынша, мамандарды шақырып жеке тақырыптық кеңестер өткізді. Кеңестер екі жаққа да пайдалы. Екі жақ ақпаратпен ауысып, бірыңғай келісімге келіп, мәселелердің шешу жолдарын табар.

Осындай дәстүрлі емес жұмыстарды өткізу нәтижесінде ата-ана мен мұғалім қарым-қатынас жүйесін баламен диалог өнері ретінде қарастырады деп ойлаймын. Олардың бала игілігі үшін одағы әр баланың күшті жақтарын анықтап, қателіктерді жоюға мүмкіндік береді.

«Баламен қарым-қатынас- проблемаларды шешу» мақсатында төмендегі кеңеске құлақ асыіыз.

1-кезең. Баланың проблемасын естіңіз, оны тыңдаңыз. Проблеманы шешу үшін ортақ ізденіс жасаңыз.

2-кезең. «Не істеуіміз керек?» деген сұрақтан басталады. Осыдан кейін баланың өз шешімін тыңдап, содан кейін өз шешіміңізді ұсыныңыз.

3-кезең. Ұсынылған шешім бағалары мен ең тиімдісін таңдау. Шешімнің әр нұсқасы бірге бірге талқыланады. «Екі жақ» бір-бірінің шешімін сыйлайды. Ең жақсы шешімді бірлесе таңдайды.

4-кезең. Қабылданған шешімді детализациялау. Мысалы, отбасының барлық мүшелері баланы «ересек» деп санасын, енді ол өзі ерте тұруы керек, таңғы асын өзі ішіп , мектепке өз іжиналуы керек делік. Бұл анасын көптеген шаруадан босыатып, ұйқысын қандырып тұруға мүмкіндік береді. Бірақ бір ғана шешім аз. Мүмкін бірінші күндері баламен бірге тұрып үйрету керек болар. Балаға сағатты беріп өзі оянуын үйрету керек. Бірінші күні тамақтың қай жерде тұрғанын көрсетіп, қалай жылыту керек екенін көрсету қажет болар. Осы жағдай бойынша «екі жақты келісішартқа» отыру шарт болар.

5-кезең. Шешімді орындау. Бақылау.

Егер балаға күнделікті бір нәрсені істесе, (ыдыс-аяқ жуу, нан сатып алу, т.б.,) бірінші күндерде дұрыс болмауы мүмкін. Ол үшін балаға қатаң ескерту жасаудың қажеті жоқ, керісінше, бірнеше күн күту керек. Ыңғайлы күні , уақыт болғандаі сұраған жөн. «Халің қалай?», «Бәрі жақсы ма?». Осы сұрақтарға баланың өзі жауап берген жөн.

Осы әдісті қалай бастау керек?

Оның отбасындағы жағдайы туралы айту.Негізгі көңіл нені талап етеді? Ең астысы сіз баланың жағында болуыңыз керек. Сіздің негізгі көмекшіңіз белсенді тыңдау. Егер үлкен адам баланы белсенді түрде тыңдаса, шиеленіс болмайды.

Ақын ағамыз Еслам Зікібаевтың

Уа, адамдар

Айға атылған армандар!

Жақсылықты жақсылықпен жалғаңдар,

Игілікті, ізгілікті таңдаңдар,

Өмір кілті қолдарыңда сендердің,

Абайлаңдар-

Тек түсіріп алмаңдар! - дегендей, отбасының бірлігі мен берекеті ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл- өте қымбат ұлттық құндылық.



© 2010-2022