Стресті қалай жеңуге болады?

Біздің өміріміздің жылдамдығының үдей түскені сонша, бұл тек біздің жүйке жүйемізге әсер етіп қана қоймай,адамның денсаулығына да кері әсерін тигізуде.Ғалымдар қазіргі "өркениетті "адамдарға  стрестік қоршауда  қалып қоймас үшін өздерінің әдістерін талмай шығаруда. Психологтың көмегі ҰБТ шаралары туралы толық ақпарат беріп, позитивті жақтарына көңіл бөлу керек.Егерде ҰБТ шараларынан төмен баға алса не болады деген сұрақтарға жауап беріп, нәтиже  реакциясына психологиялық әзірлік жұмыстары жүргіз...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «ҰБТ-ға дайындық кезінде стресті қалай жеңуге болады?»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға стресс туралы түсінік бере отырып, жағымсыз әрекеттермен әдеттерден арылу барысында жұмыстануды жандандыру.

Сабақтың түрі: әңгіме сағаты

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Кіріспе

Стресс - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс 3 кезеңнен тұрады:

  1. Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

  2. Төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус - гипофоз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гармондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлщық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

  3. Әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезодаптация (бейімделудің нашарлап жайылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал, екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп - жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестірген одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стесс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежелуі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стерстің физиологиялық тетігі гипоталамус -гипофоз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотиннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

Қорытынды:Бүгінгі әңгіме сабағымызды қорытындылай келе отырып, жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясын туждыру қажет.


© 2010-2022