Ата аналармен жүргізілетін жиналыс тренингі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналармен ұйымдастырылған жиналыс-тренингтің жоспары


Күні:

Тобы: 2(9) «жа»

Түрі: жиналыс-тренинг

Топ жетекшінің аты-жөні

Рабай Күнайым Түйешіқызы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Мектепке дейінгі тәрбие ж/е оқыту» бөлімі

Бөлім басшысы: Кыдырова Л.Ғ.

Тақырыбы: "Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі"

Мақсаты:

Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата-аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу. Ата-ананың бала өміріндегі орнымен рөлі туралы ой- түрткі салу, өз баласын жақсы тану мақсатында психологиялық көмек және кеңес беру. Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық тұрғыда ақпараттандыру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу. Балалар бақыттың бастауы, отбасы алтын діңгегі болу үшін,ата-ана ролі қандай болу керек? - деген, сұрақтың жауабын табу.


Сілтеме:

  • Презентациялар

  • Тақырыптық кеңес

  • «Тренингтер» жинағы авторы: ЕлеусизоваС. Алматы 1995 ж., Рауан

«Психологиялық тесттер» жинағы , авторы: Ф.Бизакова, Тараз 2012 ж.Сенім

Күтілетін

нәтиже:

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін және білім беру орындарында алған тәрбиесі мен отбасылық тәрбиесі- бір тұтас үрдіс екенін сезініп, колледж, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, білімді, білікті, тәрбиелі, майталман маман тәрбиелеу.

Түйінді идеялар:

«Алтын ереже» топпен бірігіп жұмыс істеу ережесі.

Түрі:

Жиналыс-тренинг

Әдіс-тәсілдері:

Тренинг , психологиялық тесті, жағдаяттар, релаксация, видеоролик,

Қажетті құралдар:

Стикерлер, смайликтер, үн таспа, слайд, түрлі -түсті конферттер, психологиялық жазбаша , суретті тестілер,

Қытысушылар

Ата-аналар, студенттер, колледж әкімшілігі

Жүру бурысы:



І Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

б) Ата аналармен тренинг «Бала жүрегі баршамызға аманат»

в) Студенттермен тренинг «Қос менің бәтерегім...»

ІІ Кіріспе бөлім. «Қызығушылықты ояту» а) Ата-аналарға сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»

б) «Бүгінгі күн тәртінде қозғалатын ойлар»

ІІІ Негізгі бөлім: топ студенттерінің бүгінгі таңдағы жағдайы төмендегі төрт тақырып аясында өрбиді. Ата-аналар әрбір тақырып бойынша әңгіме қозғалғанкезде, баласына қатысты тұстарын байқап, өз эмоциясын алдарындағы смайликтер арқылы көрсетіп отырады.

  • «Біз, немізбен мақтана аламыз»

  • «Біздің әлсіз жақтарымыз»

  • «Біз үшін қауіп»

  • «Біздің мүмкіндіктеріміз»

Топ жетекшісі: « Бала сізбен бірге болатын - мәңгілік мейрам!» Видеоролик: «Ата -аналар жауапкершілігі»

ІV Қорытынды бөлім

а)Ата-аналар жиналыс -тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісіп, «Ашығын айтсам» тақырыбындағы кестені толтырады.

б) Студенттердің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру

г) Рефлексия

Жүру барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Топқа бөлу.

  3. Жиналыс барысымен таныстыру.


  1. Ата -аналармен өткізілетін тренинг

«Жан жылуы»

(Бір шеңберге тұрайық, көзімізді жұмып, терең демаламыз. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Ішкі дүниеміз жап-жарық болып кетті. Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Осы гүлді елестетіңіздер .Бұл жай гүл емес. Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелекм - бұл сіздің балаңыз. Біз гүлге жылуымызды беріп, аялап өсірдік. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

Құрметті ата-аналар, елестегі гүлді парақ бетіне түсіріп, жапырақтарына балаңызға деген жылы сөздерді жазып көріңіздер.
Студенттермен өткізілетін тренинг

«Мен үшін ең қымбат жандар...»

Студенттеге өздеріне ең жақын адамдарының есімдерін стикерге жазуды сұрайды . Студентте бір шеңберге тұрып, қолдарындағы есімдері жазылған стиккерді мыжып, ортаға лақтыруды сұрайды.

1.Сәлемдесу. Өздерін ретке келтіру

2.Топқа бөліну

І топ ата -аналар тобы

ІІ топ оқушылар тобы

Ата-аналар көз алдарына есететкен гүлді қағаз бетіне түсіріп, жапырақтарына балаларына деген сүйіспеншілік сөздерін жазады


1. Студенттер стиккерге өздерінің жүректеріне жақын жандардың есімдерін жазып қояды.

2.Стиккерді лақтыруға қарсылық білдірген оқушылар себебін түсіндіреді.

Кіріспе бөлімі: қызығушылықты ояту

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

1.Сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»

1.Биылғы оқу жылында қанша жаңа пәндер қосылғанын білесіз ?

а) 9 б) 10 в) 5

2. Сізге балаңызға сабақ беретін мұғалімдерінің барлығы таныс па ?

а) бәрін білемін б) жартысын білемін в) кейбірін білемін

3.Балаңызд оқу-құралдарымен дәптерлерін тексеріп тұрасыз ба?

а) үнемі б) тоқсанында 1-2 рет в) тексермеймін

4.Егер сіздің балаңызға кейбір пәндерді оқуда қиындық туғызатынын байқадыңыз, өзіңіз көмектесе алмадыңыз, не істейсіз?

а) мұғалімдерінің көмегіне жүгінемін

б) топ жетекшісіне жолығамын.

в) баламнан пәнді тереңірек оқығанын талап етемін

5.Балаңыздың қызығушылығын білесіз бе?

а) ия, білемін б) білмеймін в) сеземін

6.Балаңыз бос уақытың қайда, кіммен өткізетінін білесізбе?

а) ия б) білмеймін в) білетін сияқтымын

7. Балаңызбен бірге бос уақытын тиімді өткізу үшін қолөнермен айналысып, театрға барып көрдіңіз бе?

а) қолөнермен айналысып көрдім

б) жоқ в) театрға бардық

7.Балаңыздың ең жақын достары кім?

8.Балаңыздың ұнататын түсі?

9. Колледж өміріндегі іс-тәжірибе туралы хабардарсызба?

А) иа б) жоқ в) білгім келеді


Ата-аналар саулнаманы толтырады




Мағынаны тану «Ата-анам менің көзіммен»


«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі. Ата-аналар тобы мен оқушылар тобына жағдаяттардің шешімін табуға ұсынады

Ата-аналарға арналған жағдаяттар

1 Сіздің балаңызда күдікті орта пайда болғанын білдіңіз, барлық бос уақытың солармен бірге өткізеді, сіздің сөзіңізді емес, сол достарының айтқандарына құлақ асады. Сіздің әрекетіңіз?

2. Жаңа жыл мерекесін дәстүр бойынша бірге қарсы аласыздар, бірақ 16 жастағы балаңыз қарсылық білдіріп, мейрамды достарымен бірге өткізгісі келді. Сіздің әрекетіңіз?

3.Сіздің балаңыз сізге сабақ үлгерімі туралы жалған айтты.Сынып жетекшіден балаңыздың сабақ үлгерімі төмендеп кеткенін білдіңіз.Сіздің әрекетіңіз?

4 Сынып жетекшіден, балаңыздың сабаққа қатыспай жүргенін білдіңіз. Бірақ балаңыз күнде сағат 12.30 жиналып сабаққа кетіп, сағат 18.30 сабақтан келеген сияқты болады. Сіздің әрекетіңіз

5 Сіз жұмыстан шаршап келесіз, әдеттегідей балаңыз затарын өз орнына қоймай, шашып тастапты. Үндемей жинап қойдыңыз. Келесе күн осындай жағдай қайта қайталанды. Сіз балаңызбен сөйлестіңіз. Балаңыз түсінген сияқты болды. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ.Сіздің әрекетіңіз?

Студенттер тобына жағдаяттар:

1.Қалаға қызықты цирк келді. Сенің қолыңда екі билет ғана бар. Отбасы мүшелерінің арасында кімнің сенімен барғанын қалар едің?

2.Үй тапсырмасын орындауда қиындық туды. Отбасы мүшелерінің арасынан кімді көмекке шақырар едің ?

3 Үй тапсырмасын орындауда қиындық туды. Отбасы мүшелерінің арасынан кімді көмекке шақырар едің ?

4.Отбасы мүшелерімен бірге Лото ойының ойнауға келістіңіздер. Лото ойынына 4 адам ғана қатысу керек. Бір отбасы мүшесі артық, ойынға қатыспайды. Ол кім болмақ ?

5.Сенде өзің шеше алмайтын жағдай болды. Кімнен кеңес сұрар едің?

6.Саған дүкенен ұнаған затыңды сатып алуға ақшаң жетпеді. Жетпей қалған сомманы отбасы мүшелерінің қайсысыңнан сұрар едің?









Ата аналар тобы өзара жағдаяттарды талқылап ,ойларын ортаға салады

















Оқушылар тобы өзара жағдаяттарды талқылап ,ойларын ортаға салады

Қорытындалау. Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Жүректен жүрекке

Ата -аналар мен оқушыларға бір-біріне деген жылы тілектерін стикерге жазып , ағашты көркейтуге ұсынады

Ата -аналар стикерге балаларына тілектер жазады

Балалар ата- аналарына тілектер жазады.

Рефлексия


Топ жетекшісінің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Тренингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Жиналыс-тренингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады



© 2010-2022