Тренинг Стреске қарсы жаттығулар

Тақырыбы: Стреске қарсы жаттығулар Мақсаты: жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру. Түрі: тренинг      Жаттығу. «Менің көңіл-күйімнің түсі»    Тренинг басында қатысушыларға түрлі-түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды. Тренинг соңында дәл осындай түрлі-түсті парақ тағы да беріледі және тренингке неше адамның қандай көңіл-күймен келгендігі және тренинг соңында қандай күйде екендігі анықталады.      Жаттығу. «Менің атым және ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Стреске қарсы жаттығулар

Мақсаты: жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Түрі: тренинг

Жаттығу. «Менің көңіл-күйімнің түсі»

Тренинг басында қатысушыларға түрлі-түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды. Тренинг соңында дәл осындай түрлі-түсті парақ тағы да беріледі және тренингке неше адамның қандай көңіл-күймен келгендігі және тренинг соңында қандай күйде екендігі анықталады.

Жаттығу. «Менің атым және қасиетім»

Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір-біріне допты немесе ойыншық беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады: әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.

Жүргізуші жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушылардың қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.

Жаттығу. «Менің мекен-жайым»

Қатысушылар өздерінің мекен-жайын бірдей айтады, әркім өзінің мекен-жайын басқалардың барлығы еститіндей етіп даусын шығарып айтуы керек, содан кейін жүргізуші бөлменің соңында отырған адамның мекен-жайын қайталауын сұрайды.

Тест. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»

Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.

Иә/ Кейде/ Жоқ

1.Мен өзімді бақытты сезінемін

0 1 2

2. Мен өзімді бақытты ете аламын.

0 1 2

3. Мені шарасыздық сезімі мазалайды.

2 1 0

4. Мен стрестік ситуацияларда дәрі-дәрмек пен алкогольдің көмегінсіз өз-өзіме келе аламын.

0 1 2

5. Егер мен өте қатты стресс алсам, міндетті түрде маманның көмегіне жүгінер едім.

0 1 2

6. Мен қайғыруға бейіммін.

2 1 0

7. Менің кейде басқа біреу болғым келеді.

2 1 0

8. Мен кейде басқа жерде болғым келеді.

2 1 0

9. Менің көңіл-күйім тез түседі.

2 1 0

Тесттің кілті

0 - 3 ұпай. Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз.

4 - 7 ұпай. Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.

8 және одан жоғары ұпай. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе, онда сізге стресс жағдайында көмектесетін әдістерді тиімді пайдаланудыүйрену қажет.

Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»

Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

А - барлық ағзаға жайлы әсер береді;

Е - қалқанша безге әсер етеді;

И - миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

О - жүрекке, өкпеге әсер етеді;

У - асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

Я - барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

М - барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

Х - ағзаның тазаруына көмектеседі;

ХА - көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

ЖАРЫҚТАР

Сіздің эмоционалдық жағдайыңыз

Тренинг Стреске қарсы жаттығулар

Тесттің кілті

  • Егер сіз жарықтарды айналдыра қоршасаңыз, онда, сіздің дәл қазіргі уақыттағы жағдайыңыз мәз емес. Сіздің стресті бастан кешіруіңіз мүмкін, сіз өте қобалжып, біреуге өкпелеп жүрсіз. Сізде жағымсыз эмоциялар толы.

  • Егер сіз бір немесе бірнеше жарықтың ішін боясаңыз, онда сіздің бір нәрсе мазаңызды алуда, дегенмен сіздің жағдайыңыз бірқалыпты, сіз өз проблемаңызды басқалардың көмегінсіз шеше аласыз.

  • Егер сіз жаңа жарықтар қосып салсаңыз, онда сіз өз эмоцияңызды басқара аласыз.

  • Егер сіз жарықтардың арасына бір заттың суретін салсаңыз, онда сіз қиын сәтте мойымайтын, өмірсүйгіш адамсыз. Сіз мұңаймайсыз. Эмоционалды дені сау адамсыз.

  • Егер сіз жарықтың үстіне немесе арасына адамның немесе жануардың суретін салсаңыз, Сіздің жағдайыңыз нашар, дегенмен сіз өз проблемаңызды ойламауға, жаман ойлардан аулақ жүруге тырысасыз.

  • Егер сіз жарықтардың шетін бір-біріне қоссаңыз, Сіз шындыққа тіке қарай алмайсыз, сіз жұрттың бәріне өз проблемаңыздың жоқ екендігін айтасыз, бірақ бұған өзіңіз сенбейсіз.

  • Егер сіз жарығыңызды шаршының ішіне орналастырсаңыз, онда Сіз өзіңізге сын көзбен қарауға бейімсіз, сіздің эмоцияңыз үнемі ақылыңызға бағынады.

  • Егер сіздің салған суретіңіз дөңгелек тәрізді болса, онда Сіз өз эмоцияларыңызды басқаларға көрсету арқылы жеңесіз.

Қорытынды. Көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе ауыл сыртына шығып айқайлаңыз. Бұндай адекватты емес әрекеттер адамды стрестен құтқаруға көмектеседі. Табиғат аясына шығып демалыңыз. Табиғаттың түрлі құбылыстарын тамашалаңыз.


  • Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ғана нәрсе, солай емес пе? Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал күлімдегенде беттегі 14 бұлшық ет жұмыс істейді екен. Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан байқайтын бірінші нәрсеңіз.

З.Зиглар «Жетістікке жету»









© 2010-2022