Тренинг «Ата-ананың бала өміріндегі рөлі»

«Ата-ананың бала өміріндегі рөлі» Сабақтың мақсаты : қазіргі кездегі баланың  дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына  ата- ана  тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Міндеттері:   ата-аналардың мектеппен ,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру. Балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету,бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету. Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар,А4 ф...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата-ананың бала өміріндегі рөлі»

Сабақтың мақсаты : қазіргі кездегі баланың дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым -қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері: ата-аналардың мектеппен ,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру.

Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету,бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп ,бейнетаспа.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

Психолог сөзі:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар,ұстаздар!

Бүгінгі біздің «Ата-ананың адам өміріндегі ролі» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі -баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі,оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата -ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл -ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші -ата -ана.

І.Сәлемдесу.

Бір күнгі танысына қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір - бірімізбен

дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Бір - бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.

Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

ІІ. Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала - болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

1.Баланыздың сүйікті ісі - өлең айту, би билеу, спорттық ойындар, сурет салу.

2. Балаңыз болашақта қандай мамандық иесі болса екен дейсіз? Дәрігер,банк қызметкері,инженер,аспаз.

3.Балаңыздың сүйікті жануары-мысық,ит,жылқы,қоян.

4.Балаңыздың сүйікті пәні-математика,тіл сабақтары,спорт,сурет.

5.Балаңыздың сүйікті түсі-қызыл,сары, жасыл,көк.

4.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген

бірнеше шағым айтылады. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

2. Баланыз мектепке барғысы келмейді,балалар тиседі,қорқамын,- дейді.Сіздің әрекетіңіз?

3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

4 .Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

3. Бейне таспа «Бала тәрбиесі»

Бала дүниеге келгенде,барлығымыз қуанамыз,бірақ уақыт өте келе,бәріміз жұмыс басты болып,тіршілік қарекетімен айналысып,бала екінші орынға қалады.Сол кезде бала өзімен-өзі болып,жан-дүниесін түсінетін адам болмайтын жағдайға тап болады.

Ата-аналарға кеңес:
1. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу.
2. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу.
3. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу.
4. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз.
5. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.
6. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
7. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кінәламаңыз.

Бір сөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде көмек беру қажет. Бұл ата-ана , бала және қоғам үшін өте тиімді.

Баланы нәресте кезінен бастап, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі уақыттағы отбасын, өмір - айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа тенесек, оның қос ескегі - әке мен ана дер едік.
«Балалар - ата-аналар қолына берілген аяулы аманат.» Бұл ғажайып құдайшылдық аңықтаманы жадында ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қоюға тұрарлық,- деп өз сөзімді аяқтаймын.






© 2010-2022