Статья по психологии на тему Роль народной педагогики в развитие дошкольного возраста

Мектеп жасына дейінгі балалардың, ақыл-ойын дамытудағы халықтық педагогиканың рөлі. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің  ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп  тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы « №62 ЖББОМ » КММ

Педагог-психолог Шакирянова М.Р.


Мектеп жасына дейінгі балалардың, ақыл-ойын дамытудағы халықтық педагогиканың рөлі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәріне игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінің беташарын: «Қазақтың қаны бар, жаны бір жолбасшысы-мұғалім.. алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдікі» деп бастаған екен. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету - бізге парыз. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірбиесі бар. Ол туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай тағы басқа ғалымдар, өз еңбектерінде халықтық педагогикасы идеяларын оқу- тәрбие процесінде пайдалану мәселелерін терең , және жан-жақты қарастырған. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану,оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр[1].

Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтықтарының ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған, тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру болып табылады [2].

«Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек», дейді Мұхтар Әуезов. Зерттеу жұмысы барысында мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту кезінде, мектеп тәрбиешілері халықтық педагогиканы балалардың ақыл-ой дамытуда қаншалықты қолданатынын айқындай түсті. Олар мынадай көрсеткіштерді көрсетті:

сурет-1

Сондықтан да, бұл көрсеткіштерді жоғарлату үшін халықтық педагогиканың зерттеудің көзі-педагогика мазмұны және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесін мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда кеңірек қолдану керек. Мәселен, басқа елді-мекендердің ұлттық қасиеттеріне еліктемей, иығына мылтық ілген американдық ковбойды, жер шарын жарып жібермек кебінген роботтардың орнына көңілді де, мейірімді (тымқұрыса Алдар көсе, Тазша бала, Қошақан, сияқты) кейіпкерлермен мектепке дейінгі ұйымдар сүрелерін толтырған жөн деп санаймыз. Егер қазіргі таңнан бастап біз халықтық педагогика арқылы ұлттық қасиеттерімізді дәріптеген жағдайда ғана саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз.

«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиеленсең, ол да солай тәрбиеленеді», дейді француз ағартушысы Жан-Жак Руссо.

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор. Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Оларды айта кететін болсақ: бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ақыл-ойды дамытып, тәлім - тәрбие беріп, дүниені танытатын ғаламат туындылар. Ақыл-ойға, терең тәлім-тәрбиеге құрылған қазақтың поэзиялық сөз түйіндерінен мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның құндылық дүниесін бала кезден бастап бойына сіңірген жөн. Ұлттық тәрбиенің барлық түрлері, әдіс-тәсілдері ауыз әдебиетінің жанрларында жан-жақты көрініс тапқан. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - мәдениеттің құнды бөлігі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстар бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік- имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі [3].

Алайда, бүгінгі күнде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар бұндай тамаша, рухани, этнографиялық құнды деректердің үштен бірін әрең ғана пайдаланады десек, қателеспейміз. Осыған қазақ жұрты ден қойса, намысына жаныса, рухсыздықтан арылған жағдайда ғана, ұл-қызы нағыз қазақ елін дүниежүзіне танытар еді. Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі дейтін болсақ, сол жастарымыз ұлтын сүйетін ұлтжанды, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Программа «Step bu step» - новая инновационная технология в дошкольном образовании // Современные технологии в системе образования: материалы респуб. науч. - прак. конф. (29-30 мая 2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. - С. 79-80. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаева).

  2. Этностық-мәдени сәйкестіліктің педагогикалық-психологиялық аспектілері // Проблемы Казахстанской психологии: история и перспективы: материалы межвуз. науч.-прак.конф. (29 октября,2001 г.).- Алматы: Изд-во,2001.-С.67-72.

  3. Әлеуметтік психология. 032240 «Әлеуметтік педагогика» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Алматы: баспасы, 2003. - 10 б.).

© 2010-2022