Дәріс: Конфликтология бойынша практикум

  Конфликтология бойынша практикум тақырыбындағы дәріс «Заманауи тәлімгер: тұлға, коммуникация, ұжым және технологиялар» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп жанындағы лагерьлері, жазғы сауықтыру лагерьлері тәлімгерлерінің біліктілігін арттыру курсында оқылды. Негізгі мақсатым: Жеке тұлғалар, тәлімгер мен оқушы арасында жарасымды қарым-қатынас орнату арқылы, орын алуы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу және пайда болған жағдайда тиімді шешім табуына көмектесу. Бұл мат...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Заманауи тәлімгер: тұлға, коммуникация, ұжым және технологиялар» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп жанындағы лагерьлері, жазғы сауықтыру лагерьлері тәлімгерлерінің біліктілігін арттыру курсы

Есенова Ляззат Сайкомовна

Конфликтология бойынша практикум

Мақсаты: Жеке тұлғалар, тәлімгер мен оқушы арасында жарасымды қарым-қатынас орнату арқылы, орын алуы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу және пайда болған жағдайда тиімді шешім табуына көмектесу.

Жоспары:

  1. «Танысу» тренингі

  2. Конфликт (кикілжің) туралы түсінік.

  3. «Ассоциация» әдісі арқылы келіспеушіліктің туындау себептерін анықтау

  4. Келіспеушіліктің алдын алу ережелері.

  5. Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.

  6. Рефлексия

Жүру барысы:

  1. «Танысу» тренингі.

Қажетті құралдар: жабыстырғыш қағаз (заметок), қалам

Нұсқауы: Тренингке қатысушылар өздерінің есімдерін айтады (айтып болған соң, жабыстырғыш қағазға жазып, кеудесіне тағады), өз бойындағы бағалайтын бір қасиетін айтады. Мысалы: Менің есімім: Айгүл, мен оқушының бойындағы адамгершілік қасиетін бағалаймын.


  1. Конфликт (кикілжің) туралы түсінік.

Қазақстан - бүгінгі күні демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары екендігі айтылады. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын, әрі коммуникативті қабілетті жастарды тәрбиелеу керек екендігін ескертеді. Қарым-қатынас мәдениетін игеруде кикілжің жағдайларының қазіргі таңда орын алуы өзекті мәселелердің бірі.

Қарым-қатынас - бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады.

Конфликт (лат. тілінен - қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликтілік жағдайдың жағымды жақтары:

  • Көптеген мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі.

  • Іс- әрекеттің тиімді жолдарынның пайда болуына себеп болады.

  • Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

  • Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

  • Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

  • Көптеген адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көңілінің бөлінуі.

Сондықтан, конфликт - бұл кездейсоқ күрделі және қарама - қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.

Конфликттің негізгі құрылымдық компоненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).

Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық.

1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал.

2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді.

3. Ауыстырылған жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір басқа, латентті жанжал жатыр.

4. Қате тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген екі жақтың нәтижесі ретінде» яғни қате талданған мәселелер бойынша болады.

5. Жалған жанжал. Бұл «объективті себептердің» болмаған кездегі жанжал жағдайы, соңғысы тек қабылдаулар мен түсіндірулердің қате болғанында ғана орындалады.

Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс- бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған. Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады. Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.

Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу. Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб. Топаралық қақтығыс - тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:

а) рөльдік қақтығыс - бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше ольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.

б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.

Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.

Ішкі тұлғалық қақтығыс - ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.

Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:

а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.

б) «Жақындасу-жою» -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.

в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым.

Қақтығысты жеке тұлға - ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар. Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту

әлдеқайда қиын.

Қақтығыс түрлері:

- іскерлік өндірістік;

- топаралық;

- тұлғаралық;

- рольдік;

- тұлға ішіндегі;

- энтоұлттық;

- саяси;

- монокаузальды;

Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі.

Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі.

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Мұғалімдердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%). Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады. Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында және жоғары сынып оқушыларының арасында байқалады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу.

Келіспеушіліктің жағымды, жағымсыз жағы.

  • Жағымсыз жағы

    • адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы

    • күйзеліс (стресс)

    • денсаулықтың нашарлауы

    Жағымды жағы

    • даму көзі

    • өзгеріске белгі

    • жақындай түсуге мүмкіндік

    • қысымға күш беру

    • қарым-қатынасты жақсарту




  1. «Ассоциация» әдісі арқылы келіспеушіліктің туындау себептерін анықтау

Келіспеушіліктің пайда болу себептері






  • Мұғалімнің оқушыны түсінбеуінен;

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімсіздік;

  • Мұғалім тарапынан оқушы ойының тындалмауы;

  • Баланың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік бермеуінен;

  • Оқу үрдісіне байланысты (сабақ айту, баға т.б.)


  1. Келіспеушіліктің алдын алу ережелері

  • Егер серігіңіз соншалықты ашу ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектес.

  • Егер адам қатты ашуға берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толатынын естен шығармаңыз.

  • Серігіңізге қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңізді айтыңыз.

  • Серігіңіздің ар-намысына тимей, ауыр сөздер айтппаңыз.

  • Әрқашан да өзіңізді сабырлы, сенімді ұстаңыз.

  • Кінәлі болсаңыз, кешірім сұрауға ұялмаңыз.

  • Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңызды сақтауға тырысыңыз.

  • Өзіңізді сезімге, ашуға билетпеңіз.

  • Өзіңізді тым жоғары ұстамаңыз.

  • Есіңізде сақтаңыз: «Сабыр түбі - сары алтын»

  • Ең бастысы, кез келген мәселенің шешімі табылатындығын ұмытпаңыз.

Шиеленіскен жағдайларды алдын алу, оны басқара білу, ұжымдағы психологиялық ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:

  • - шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;

  • - қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу;

  • - толеранттылық;

  • - ынтымақтастық;

  • - келісімге, мәмілеге келу (компромисс)

  • - шиеленісті жағдайды тиімді шешудің жолдарын қарастыру;

  • - «оқытушы-студент» қатынасын сақтау

Д.Шапиро мектептік делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді:

  • Кикілжіңдерді шешудің альтернативті жолдары туындайды. Оқушылар арасындағы кикілжіңді болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты оқушылар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектептің әкімшілігінен көмек сұрау, төбелесу немесе даулы ситуациядан аяқ тарту.

  • Кикілжің оң процеске айналады. Делдалдылыққа бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, кикілжіңнің бір-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады.

  • Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады. Кикілжіңге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектептегі ортақ атмосфера және оқушылар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады.

  • Тәртіп жақсарады. Мектеп өміріне делдалдылықты енгізу тәртіпті жақсартады, оқушылардың сабақтан шеттетілуі азаяды.

  • Оқушылар кикілжіңді тек шешу жолдарын ғана үйренбейді. Делдалдылыққа иелену процесінде оқушылар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді. (Шапиро, 1997)


  1. Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.

Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.

Конфликт процесінің шарттары:

  • уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)

  • әлеуметтік - психологиялық (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).

  • Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.

Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.

Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:

  • мінез- құлықтың «с- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)

  • іске асуының деңгейі (активті - пассивті, ынталылығы т. б.).

Конфликттің шығу мүмкіндігі:

  • біреудің толық немесе жартылай бағынуы

  • ымыраға келуі (компрамисс)

  • конфликтті іс- әрекеттің үзілуі

  • интеграция және т.б.

Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:

  • Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі

  • Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде

Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.

К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:

1. Жарысу (бәсекелестік);

2. Бейімделу;

3. Компромисс (ымыраға келу);

4. Қашу;

5. Одақтасу.

Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.

Жарысу - жылдам шешім қабылдауды және өзндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:

  • конфликтіден кету өте қажет еткенде;

  • өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда

  • өте қиын тұғырыққа тап болғанда;

  • ешқандай амал- тәсіл болмағанда.

Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:

  • біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;

  • қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;

  • шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінде;

  • шындық сіздің жағыңызда болмағанда.

Компромисс - бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.

  • екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;

  • уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;

  • басқа амалдар тиімсіз болғанда;

  • өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.

Қашу мынандай жағдайларда тиімді:

- қозғалған мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;

  • өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді түсінгенде;

  • әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;

  • белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;

  • қозғалған мәселе бойынша мәлімет жеткіліксіз болғанда.

Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде тиімді:

  • мәселенің шешілуінің екі жаққа да өте қажет болғанда;

  • өзара өте тығыз қарым - қатынста болсаңыз;

  • мәселені шешуге уақытыңыз болғанда;

  • екі жақтың билігі болғанда.

Конфликт ол қарама -қарсы бағытталған қақтығыс, бір -бірімен сәйкес келмейтін тенденциялар, ой -пікірлер, жеке алған индивидтің саласындағы қатынастардың қақтығыстары болып табылады.


  1. Рефлексия

  • Қандай әсер алдыңыз?

  • Сіздің тарапыңыздан туындаған ұсыныстар:

  • Пікіріңіз:

© 2010-2022