Қыз бала - болашақ ана

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыз бала болашақ ана.

«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең бесігіңді түзе», - деп емірене айтыпты. Ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, «Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл», - деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді?
Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл - ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортан. «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санағаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды. Қазіргі кездегі әке-шешесін, ата - әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші және арақ ішу, есірткі шегу, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарға ие жандар қоғамда бар екені рас.Қыз тәрбиесі - халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше қараған. Кішкентай кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, жаман әдеттерден аулақтатып, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. «Шешесін көр де, қызын ал» демекші, ең бірінші ретте анасының жүріс-тұрысы, мінез-құлқына ел арасындағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән беріп қараған. Үлкендер жағы көбінесе, «біздің заманымызда қыз бала ақырын күліп, жай сөйлейтін» деген әңгімелерінің астарынан - ақ сол заманғы тәрбиенің қандай деңгейде болғанын аңғару қиын емес.Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имандылық тәрбие болғаны қажет. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады екен.
I- кезең - Бастауыш сыныптар кезеңі - қыздарды тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақтылыққа үйрете отырып,білімге құштарлығын арттыру.
II- кезең - 5-8сыныптар арасындағы кезең - алғашқы кезеңдердегі тәрбиені дамыта отырып,қыз баланың келешегіне ең керекті,нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,шыншылдық, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру.
IIІ- кезең - 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты,таза махабатты түсінуге тәрбиелеу.Өнерге,мәдениеттілікке, өткен тарихқа,отаншылдыққа, отбасының алтын арқауы - негізі болуға үйрету. Сондықтан да қыздарымыз қоғамдағы алатын өз орнын біліп, көңілге қаяу түсірмесе екен дейміз. Бұл өте дұрыс, себебі қыздарымыздың, жалпы жас ұрпақтың тәрбиесі - халықтың ең қымбат байлығы.Еліміздің ертеңі,отбасының үміт күтер тірегі - бала.Жас ұрпақ тәрбиесіне қоғам болып,баршамыз мәселелерді шешуге атсалысуымыз керек.

Шестаков атындағы мектептің педагог - психологі К.У.Жандосова

© 2010-2022