Тренинг Өзіңе деген махаббат, өмірге деген махаббат

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№75 орта мектеп бойынша 9 - 11 сыныптар арасында ОЖСБ , ҰБТ-ға қатысушы оқушылармен фобия , фрустрациялық күйдің алдын алу мақсатында «Өзіңе деген махаббат , өмірге деген махаббат» атты - тренингі


1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті - мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.

Талдау:

Жаттығу сіздерге ұнады ма?

Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?

Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?

Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?

Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?


2. «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.

Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.

Талдау: Өздеріңнің көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер?

Бұл ойын неге бағытталған?


3. «Достық үйі» мінездеме беру .

Мақсаты: Оқушыларға мінездеме беру .

Нұсқау:Берілген «достық үйіне» өзіңіздің қай этажда тұрғыңыз келетінін белгілеңіз.Сол арқылы сенің қандай жеке тұлғалық ерекшеліктерің бар екенін байқаймыз.


ІҮ қабат

ІІІ қбат

ІІ қабат

І қабат

Сенімді адам;

Көмегін ешкімнен аямайтын адам;

Шыдамды адам ;

Сабырлы адам ;



4. «Қар шиыршықтары» тренинг

Нұсқау:Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз.Оның оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз .Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз.Тағы да ортасынан бүктеп , оң жақ жоғары бұрышын жыртамыз.Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз.Енді өзіміздің әдемі қар қиыршықтарымызға қарайық.

Талдау: Кімде бірдей , Таптыңыздар ма ?Жоқ.Себебі неде деп ойлайсыңдар ?

Не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра , қиыршықтарымыз әртүрлі шықты?

- себебі , әрбіріміз әр түрлі адамдармыз , жан дүниемізде әр түрлі , біздің жүріп өтер өмір жолымызда әр түрлі болмақ.

5. «Стресті жеңу үшін не істеу қажет» мини дәріс.

Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.

Екіншіден:денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

Төртіншіден:үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.

6.Релаксация

7.«Терезе» жаттығу

Мақсаты: бұлшық еттерді босаңсыту, сергіту.

Нұсқау:бәріміз шеңбер бойымен арқамызды беріп отырамыз.Саусақ қимылдары арқылы жаттығу жасаймыз.

  • Жай жауын басталды- саусақтар арқылы тықылдату

  • Нөсер күшейді - жұдырықпен соғу

  • Қатты жел тұрды - сипау

  • Су ақты - арқаны сипау

8.«Пандора жәшігі» жаттығуы.Нұсқау: қатысушыларға Пандора жәшігі жайлы аңыз айтылады. Сосын қатысушыларға бір қағаздан беріледі «Осы қағазға алдағы емтиханды жақсы тапсыру үшін сендерге не кедергі болып тұрғанын жазыңыздар. Кедергілеріңді мына \пандора жәшігіне салып жабыңдар!».

Жаттығу аяқталғаннан кейін талқылау.

9. «Кездескенше , күн нұрлы болсын!».

Нұсқау:Ыңғайласып үлкен шеңбер құрып отырайық, менің қолымдағы керемет күнге қараныздаршы. Қазiр ол сiздердiң қолдарыңыздың бойымен көңiлдi домалайды. Жеп жеңіл , жып - жылы күн кімнің қолына түссе, сол адам топка тілегін айтады. Қалғандары сөзді бөлмей аяғына дейін мұқият тыңдау керек.

10.«ҰБТ - да жетістікке жетейік» әнін хормен орындау

1.Арман , мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз

Білім болған бастау алар тірегіміз

Әннен шашу шашайық .

Қ/с: Болашаққа қанат қаққан түлегіміз

Орындалсын үміт толы тілегіміз

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы уайым,

ҰБТ - дан жетістікке жетейік.

2.Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын

Асулардан асайық.

11. «Ізгілік хаты»

Балаларға арналған ізгілік хаты таратылып , тілектер айтылады.

Құрметті Жас түлек! Адамның бала кезіндегі мақсаттары көбінесе ата-анасының араласуымен жүзеге асып жатады. Бірақ үлкен жетістіктерге жеткісі келетін адам, өз алдына мақсат қойып, оған қол жеткізіп үйренуі керек. Әр адамның кез-келген бір арманына қолы жетсе, екінші бір арманы кезекке тұрып, қол бұлғап, оның алдынан жаңа бір мақсатты меже күтеді. Сіздің де өміріңіздегі бір мақсаттың кезекке тұру сәті де келіп қалған сияқты. ҰБТ жасөспірімдердің 11 жыл оқыған білімдерінің есебі болып табылады. Ол есепке жан-тәндеріңізбен дайындалу үстіндесіздер. Өзіңіздің жоғары оқу орнына түсуге деген құлшынысыңыз бен ата-анаңыздың артқан үміті ойыңыздан еш шықпай, сынаққа дайындалу кезінде кедергілер келтіруі мүмкін.

Қазіргі қоғамдағы балалардың кез келген мәселеге, әдеттегі болып жататын жағдайларға қобалжып мазасызданып, көңіл-күйлерін төмендетіп отырады. Мұндай жайт қоғам өмірінің, қазіргі қоғам адамдарының ғана емес, жасөспірімдердің де бойларында жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына себепкер болуда.

Сіз есіңізге түсірсеңіз, тоғызыншы сыныпты бітіргенде қобалжып, сол емтиханнан өте алмай қалармын деген күдік мазаңызды алған болатын. Бірақ ол емтиханнан да өтіп қуанған кездеріңізді қазір есіңізге алып күліп те жатасыз. Сол секілді алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестте жақындаған сайын қорқыныш туындатады. Бірақ қорқыныш, мазасыздық сіздің физиологиялық жүрек қағысыңыз, терлеу, дем жетпеу сияқты симптомдар арқылы көрініп, дайындығыңызға кедергі келтіреді.

Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар арқылы көмектесе аласыз: Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз. Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз. Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз. Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретіңізді естен шығармаңыз. Болашаққа қойған асыл армандарыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз. Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз. Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз. Өзіңіздің шын мәнінде білімді екенніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз.

Бұл сынақ - үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, өзіңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз. Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.

Өмір жаңғырық іспетті құбылыс , шындығында ол сен не айтсаң да , не істесең де соның бәрін өзіңе қайтарады.Сондықтан ҰБТ - ға дайындалған әрбір сәттеріңіз жемісін , жеңісін береді деп сеніңіздер.Біз ұстаздар сіздердің кеуделеріңізге үкілі үміт тағып, қадамдарыңызға ақ жол жайдық ! Іске сәт!

Игі тілекпен: Барша ұстаздарыңыз





















































© 2010-2022