Тренинг Қарым-қатынас және конфликт

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренингтер

Тренингтің тақырыбы: Қарым-қатынас және конфликт
Тренингтің мақсаты:коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Кикілжің және оны шешу жолдарын қарастыру. Кикілжің кезінде достасу тәсілдерін бойға қалыптастыру.
Қажетті құралдар: нақыл сөздер, маркер, ақ парақ, флепчарт, скотч.
Тренингтің барысы:
1. Жаттығу «Менің атым... Мен өзімді ... үшін жақсы көрем»
2. Кіріспе әңгіме. Қарым-қатынас адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас үрдісіне және оның нәтижесіне адамның психикалық денсаулығы-оның көңіл-күйі, сезімдері мен эмоциясының жағымды не жағымсыз жағдайда болуы тікелей байланысты. Өзінің үшті не әлсіз жақтарын білмейтін немесе дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтін адамда көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Адамдар арасындағы өзара үрдістерде әлеуметтік және жеке өмірі мәселесіндегі түрлі қарама-қайшы сұрақ туындайды - бұл конфликт болып табылады. Конфликтіні зерттейтін ғылым конфликтология деп, ал конфликтіні тудыратын сөздер конфликтогендер деп аталады.
Бүгінгі тренингте қарым-қатынас барысында көрінетін өз ерекшеліктерімізді танып біліп , қарым-қатынас жасауға үйрену және конфликтілі жағдайдан басқа адамдармен қатынасқа нұқсан келтірмей шыға білуге үйренеміз.

  1. * «Тұсаукесер».Әр топ өздерін таныстырады (кез келген формада)

  2. * Ойын «Тыйым салынған цифр». Тренер 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды айтады, қатысушылар қайталайды. Бір цифр «тыйым салынған». Тренер ол цифрды айтқан кезде қатысушылар 1 рет шапалақтайды. Сосын ойын күрделенеді. 2 цифр «тыйым салынған» болады.

5. Жаттығу «Даулы жағдай».Атақты психолог Дейл Карнеги даудан, конфликтен жыланның ордасынан қашқандай қашу керек деп санайды, өйткені конфликтіге қатысушылардың 90 % пайызы өздерінің пікірлерінің дұрыстығына конфликтіден кейін одан одан да сенімді бола түседі екен. Дауды жеңу мүмкін емес. Конфликтіде жеңімпаз болсақ та, досымызды, жолдасымызды жоғалтуымыз мүмкін. Сондықтан біздің пікірімізбен келіспейтін адамды дәлелмен өз сөзіміздің дұрыстығына сендіруіміз керек.
Топта мынадай жағдайға диалог ойластырылады.
А- жатақханадағы вахтер
Б -кездесуге келген адам.
А-ның міндеті - Б-ны қалай да өткізбеу.
Б-ның міндеті - қандай жолмен де жатақханаға кіру.


Талдау:

Өткендер қандай жолмен өтті? (алдау, сатып алу, сенімге кіру, вахтермен достасу),
Жатақханаға кіре алмағандар не себепті кіре алмады?

  1. Жаттығу «Конфликтілі эскалатор». Дау жиі -жиі бақылау шегінен шығып кетеді. Тура эскалатор секілді, өйтені эскалаторға мінгеннен кейін, одан түсіп кету мүмкін емес.

Саты баспалдағы түрінде конфликт эскалатордың суретін саламыз:
- Конфликт тууына себеп болатын сөз қандай? 1-баспалдақ (конфликтоген)
- Бұл сөзге берілетін әдеттегі жауап 2-баспалдақ (конфликтоген)
- Экскалатордың қозғалысын кері бағытқа қалай бұруға болады?

  1. Жаттығу«Сиқырлы сөз». Жақсы қарым-қатынас жасай алатын әр адамда сыпайы сөздер сөздік қорында көп болуы керек. Мұндай сөздер достық жақын қарым-қатынас орнатуда , тіпті «тарс жабылған есікті» қайта ашуға көмектеседі.

Әр топ 1 минут ішінде үлгергенше неғұрлым көп сыпайы сөздерді жазып шығу керек.
7. Бойжазар «Ал мен бақыттымын».Барлығы шеңбер болып отырады. 1 орындақ бос. Оң жағында бос орындық тұрған қатысушы «ал мен бақыттымын» деп бос орынға отырады, одан кейінгі қатысушы «мен де» деп босаған орынға отырады. Үшінші қатысушы «ал мен .. . үйреніп жүрмін» деп бос орынға отырады. Аты аталған қатысушы босаған орынға отырып, ойын тағы жалғасады.
8. Рөлдік ойын«Конфликт кезінде».
1) Мұғалім және сабақ оқымай келген оқушы
2) Дөрекі сатушы мен сатып алушы.
3) Кондуктор және жолақысын төлемеген жолаушы


P.S: Конфликтіден қашуға болмайды, өйткені шешілмей қалған конфликт - жаңа проблемалардың бастауы. Сол себепті конфликт кезінде басқа адам және өзі де ренжіген жағдайда қалмау үшін адам өзін ұстау ережелерін, конфликтіні шешу жолдарын білу керек.


9.Топпен жұмыс «Конфликтіні шешу жолдары». Презентация


10. Ойын «Комплимент».Әр қатысушы өз көршісіне қарап «Маған сенің ... мінезің ұнайды» деген сөйлемді аяқтайды.


11. «Көктем» ойыны. Қатысушылар «гүл», «бүршік», «құстар» болып бөлінеді. Басқарушы «гүл» дегенде гүлдер орын ауыстырады,т.с.с. Ал «көктем» дегенде барлығы орын ауыстырады.
12. «Бұл керемет!» әр қатысушы «бүгінгі тренингтен не алдым?» деген сұраққа жауап береді, ал қалғандары әр қатысушыдан кейін «бұл керемет!» деп бас бармағын көрсетеді.



© 2010-2022