Қарым – қатынас мәдениеті. тренинг сабак

Сабақтың тақырыбы: Қарым – қатынас мәдениеті. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, ұжымда сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету. Сабақтың дамытушылық  мақсаты: Оқушыларға жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Дәйексөз. Суреттер. Сабақ барысы: 1.     Ұйымдастыру 2.     Шаттық шеңбері 3.    ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қарым - қатынас мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, ұжымда сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Дәйексөз. Суреттер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Шаттық шеңбері

  3. Ойланайық, пікірлесейік

  4. Мәтінмен жұмыс. Тапсырма. Теректің Асқақтығы

  5. Түйіндеме

  6. Өзіммен - өзім

  7. Жағдаятты талдау

  8. Дәйексөз

  9. Тапсырма

  10. Қорытынды. Жүректен жүрекке.

Шаттық шеңбері.

Оқушыларға адам өміріндегі қарым-қатынастың мәні мен маңызы жөнінде. Шеңбер құрып барлығы бізге «Достар» жырын айтады.

Достар жыры

Адал достық, ақ махаббат, ақ тілек,

Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.

Досың болса, көңілін тап әрқашан,

Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.

Қайырмасы

Достық - көңілдің жалауы,

Достық - жүректің қалауы.

Достық озып біздерден,

Еркін ертеңге барады.

Тапсырма.

Оқушыларға адам өміріндегі қарым-қатынастың мәні мен маңызын, оның тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру мақсатында әңгімені оқып, өз ойларыңмен аяқтаңдар.

  1. Терек айналасындағылармен неліктен осылай қарым-қатынас жасады деп ойлайсыңдар?

  2. Теректің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

Түйіндеме.

Егер шын достар, тілектестер тапқың келсе, онда басқа адамдарға уақытыңды, күш-қуатыңды, көңіліңді бөліп, солардың жағдайын жасап көр.

Өзіммен - өзім.

Оқушылардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімдерін нығайту мақсатында Динейк әдістемесін былай пайдалануға болады. Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу - ыза - бірге кетті»,- деп айтыңдар 5-10 рет қайталау керек.

Жағдаяттарды талдау.

Жақсы қарым-қатынас жасай алудың бірінші құпиясы - ой, ниет тазалығы, оның жақсылыққа бағытталуы. Екінші құпиясы айнала қоршаған ортадан жақсы қасиеттерді, жақсылықты көре білу.

Дәйексөз.

Өмір - теңіз жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Тапсырма.

Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қиыншылықтың бәрі соның басында.

Қорытынды Жүректен жүрекке.

Шеңберге жиналу. «Аңса, жаным» өлеңін бірігіп айтуға болады.

Мен тілеймін жарқыным, сен де тіле,

Орнасын де жақсылық жер бетінде,

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

© 2010-2022