Планирование ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ДАУ-ДАМАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жастардың саяси қызығушылығын арттыруда, жаңа құндылықтарын қалыптастыруда қажетті ресурстар мен тетіктерге ие мемлекеттің орны ерекше. Жастар жаңа идеялар ұсынуы қажет. Тек, достық қарым-қатынаста емес, сонымен қатар ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Көптеген жастар ұйымдары және бірлестіктері өз қызметтерін кең көлемде жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстарға ие емес. Сондықтан мемлекет және мемлекеттік органдар өз кезегінде жастарды барлық жағынан қолдауы қажет.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ДАУ-ДАМАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сатиева Ш.С. - психология ғылымдарының кандидаты., профессор

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көп ұлтты қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске жастармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.

Қазақстан үшін саяси психологиялық құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл жастардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан, Қазақстан жастарының саяси мәдениет психологиясының құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе. "Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз [1.2] айтқандай саяси мәдениет психологиясының құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік психологиялық құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады. Саяси құндылықтар ерекшеліктерін төмендегі диаграммадан көруге болады.

Бұл зерттеу нәтижелерінен байқайтынымыз, студенттердің басым бөлігі азаматтардың құқықтарын бірінші орынға қояды, одан кейінгі орында билік тиімділігі (20%), сондай-ақ студенттер үшін басты құндылық демократиялық сайлау және тіл туралы заңның енгізілуі (10%).

Жастардың саяси қызығушылығын арттыруда, жаңа құндылықтарын қалыптастыруда қажетті ресурстар мен тетіктерге ие мемлекеттің орны ерекше. Жастар жаңа идеялар ұсынуы қажет. Тек, достық қарым-қатынаста емес, сонымен қатар ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Көптеген жастар ұйымдары және бірлестіктері өз қызметтерін кең көлемде жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстарға ие емес. Сондықтан мемлекет және мемлекеттік органдар өз кезегінде жастарды барлық жағынан қолдауы қажет.



© 2010-2022