Адлердің қазақ тіліне аударылған негізгі идеялары

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Альфред Адлер

(1870-1937ж)

Индивидуалды психологияның негізгі тезистері

1.Индивидуум бірлік пен өзара келісетін бүтін ретінде

адам бірлікті және өзара келісетін ағза болып табылатындығы туралы көзқарастар адлерлік психологияның басты алғы шартын құрайды. Адлер өз теориясына «Индивидуалды психология» деген атау берді, себебі латынша «individuum», «бөлінбейтін» - яғни бөлуге болмайтын ағзаны білдіреді. Индивидуум өзінен ми мен дене арасындағы қатынастағы, сондай-ақ психикалық өмір қатынасындағыдай бөлінбейтін бүтін ретінде көрсетеді. Адлердің пайымдауынша, индивидуалды психологияға деген басты талап бұл бірлікті әрбір индивидуумде : оның ойлауында, сезімдерінде, әрекеттерінде, тұлғаның әрбір көрінуінде дәлелдеуден тұрады. Өзара келісетін және бүтін тұлға құрылымын Адлер өмір стилі деп анықтайды.

2. Адам өмірі жетістікке деген белсенді ұмтылыс ретінде. Адамды органикалық бүтіндік ретінде қарастыру бірыңғай психодинамикалық принципті талап етеді.

Адлер адамның жетістікке ұмтылуын көрсетеді, бұл жерде адамдар ішкі және сыртқы себептерден алшақтамайды, керісінше, алға ұмтылады - олар жеке тұлғалық өмірлік мақсаттарға әрқашан қозғалыста болады. Алдыларына қоятын мақсаттар, және де оларға жетудің индивидуалды жолдары адамдарға өз өміріне қаншалықты мән беретінін түсінуге кілт береді. Адлер бойынша бұл өмірлік мақсаттар мәнді деңгейде индивидуалды таңдалады, сәйкесінше, адамдар әрқашан жетістікке жетуге ұмтылғанда өз әрекеттерін жоспарлауға және өз тағдырын анықтауға қабілетті болады. Қойылған мақсаттарға жетіп, олар тек өз бағасын көтеріп қана қоймай, сондай-ақ өмірде өз орындарын табады.

3. Индивидуум шығармашылық және өзін-өзі анықтайтын бүтін ретінде.

Аддлер жеке тұлға қалыптасуындағы тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның маңызын мойындап, индивидуум - бұл екі әсер етудің нәтижесіне қарағанда, өзгеше деп тұжырымдаған болатын.

Адамдар өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін шығармашылық күшке ие деп есептеген, - еркін, саналы белсенділік адамның анықтаушы белгісі болып табылады. Бұл шығармашылық күш адам тәжірибесінің әрбір шегіне әсер етеді: қабылдау, есте сақтау, қиял, фантазия мен армандар. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтайтын индивидуум, өз өмірінің сәулетшісі етеді.

Адамның шығармашылық табиғаты мен бостандығындағы бұл сенушілік көптеген психологтарды Адлерді қазіргі заманғы гуманистік психологияның өкілі деп есептеуге мәжбүрлейді.

4. Индивидуумның әлеуметтік қажеттігі.

Адлер адамды жекелей алынған өзара байланыстардың бүтін жүйесі ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен жүйелерді интегральды құрамды бөлігі ретінде - отбасының қоғамдастықтың: Индивидуалды психология қоғамға қосылған индивидуумды қарастырады және реттейді. Бұл адамды қоғамнан бөлек қарастырып, зерттей алмаймыз. Адлер теориясындағы жетекші жағдай болып табылады, оған сәйкес адамның барлық әрекеттері әлеуметтік контексте болады және адамзат табиғатының негізіне тек әлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы ғана жетуге болады. Оған қоса, әрбір адамда табиғи қоғамдастық сезімі немесе әлеуметтік қызығушылық болады - серіктестіктің келісімді әлеуметтік қатынастар түсуге деген туа пайда болған құлшыныс. Осылайша индивидуалды психология адам мен қоғам арасындағы серіктестік пен бірігу гармонияны қажетті деп есептейді, ал олардың арасындағы конфликтіні жасанды деп есептейді.

5. Индивидуалды субъективтілік.

Феноменологиялық дәстүрге сүйеніп, Адлер әрекет әрқашан адамдардың өздері және айналадағылар туралы көзқарастарына тәуелді деп есептеген. Адамдар өздерінің «апперцепция схемасына» сәйкес, өздері құрған әлемде өмір сүреді. Адлер адамдар фиктиві мақсаттармен - олардың әрекеттерін реттейтін, осы және келешек оқиғалар туралы жеке көзқарастармен мотивтендірілгенАдлерлік әрекет кестесінде шындықты индивидуалды субъективті қабылдау айқын көрінеді.

Индивидуалды психология: негізгі концепциялар мен принциптер.

Аддлер жеке тұлға теориясының басты мақсаты - терапевтер үшін үнемді және пайдалы бағыттаушы ретінде қызмет атқару деп есептеді. Ол Фрейдқа қарағанда, жеке тұлғаның өте үнемді теориясын құрды, барлық теориялық құрылымның негізінде қосымша концепциялар мен принициптердің шектеулі көлемі жатыр. Соңғыларын, 7 бөлімге бөлуге болады: 1) кемшілік пен конпенсация сезімі; 2) жетістікке ұмтылу; 3) өмір стилі; 4) әлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық «Мен»; 6) туу реті; 7) фикционды финализм.

Кемшілік және конпенсация сезімі.

Өз карьерасының басында, Фрейдпен серіктес болған кезде, Адлер «Ағзаның кемшілік және оның психикалық конпенсациясын зерттеу» атты монографиясын жарыққа шығарды. Ол бұл жұмысында неге бір ауру адамды басқасына қарағанда көп мазалайды, және неге дененің бір бөлшегін ауру басқасына қарағанда тез басатыны туралы теорияны дамытты. Адлер әрбір адамда дамымаған, туғаннан «кемтар» мүшелер ауру болады деп есептеді. Адлер бақылағандай, айқын органикалық әлсіздік пен деффектісі бар адамдар, әдетте, бұл дефектілерді жаттығу жолымен конпенсациялауға тырысады, бұл шеберлік пен күштердің дамуына әкеледі: «Көп белгілі адамдарда қандай да бір мүшесінің дефектісін көреміз; олар өмірлерінің бастапқы кезінде көп қиналған және өз қиындықтарын жеңді».

Тарих пен әдебиет дене мүшелерінің кемшілігін жеңу үшін қолданатын ынта-жігердің нәтижесі болып табылатын, ерекше жетістіктердің көптеген мысалдарын көрсетеді. Балалық шағында кекештенген, Демосфен әлемдегі атақты ооратордың бірі болды. Бала болғанда физикалық кемшілігі болған, Вильма Рудольф, жеңіл атлетикадан үш мәрте алтын медаль жеңіп алған. Жас кезінде әлсіз және ауру болған Теодор рузвельт үлкен адам үшін де және АӨШ-тың президенті ретінде де үлгілі физикалық формаға ие болды. Осылайша, дене мүшесінің кемшілігі, яғни оның туа пайда болған әлсіздігі немесе нашар қызмет жасауы адам өмірінде таңқаларлық жетістіктерге әкелуі мүмкін.

Әрине, ағза өз әлсіздігін конпенсациялауы туралы идеяның еш жаңалығы жоқ. Дәрігерлерге баяғыда белгілі, егер, мысалы, бір бүйрек дұрыс қызмет атқармаса, екіншісі оның қызметін өзіне алады. Бірақ Адлер конпенсациясының бұл процесі психикалық ортада өз орыны бар екенін көрсетеді: адамдар дене мүшесінің кемшілігін конпенсациялауға ғана ұмтылмайды, бірақ сондай-ақ өзінің психологиялық немесе әлеуметтік әлсіздігін сезінуден дамитын кемшіліктің субъективті сезімі пайда болады.

Кемшілік комплексі және оның ағымдары. Адлер кемшілік сезімі өз бастамасын балалық шақтан алады. Ол мұны келесі жолмен түсіндіреді: бала тәуелділіктің ұзақ кезеңін өтеді, бұл кезде ол өте әлсіз және өмір сүру үшін ата-аналарға сүйенуі керек. Адлердің тұжырымдауынша, жетістікке ұмтылу адам өміріндегі негізгі мотивациялық күш пайда болады. Кемшілік сезімі әртүрлі себептермен кейбір адамдарда қатты асқынып кетеді. Нәтижесінде кемшілік комплексі - өзінің әлсіздігін асыра сілтеу сезімі пайда болады. Адлер балалық кезде сезінетін қиналудың үш түрін ажыратады: дене мүшелерінің кемшілігі, аса өбектеу және ата-аналар тарапынан теріс айналу. 1-ден, туғаннан физикалық кемшілігі бар балаларда психологиялық кемшілік сезімі дамуы мүмкін. Екінші жағынан, ата-аналары қатты еркелететін балалар өз қабілеттеріне сенімсіз болып өседі. 3-ден ата - анлардың теріс айналуынан балалрада кемшілік сезімі өзінің қажетсіз екендігінен сезіну себебінен туындайды. Көріп отырғанымыздай, балалық шақтағы әрбір қиналулардың үш түрінен ересек шақта невроздың пайда болуында маңызды роль атқаруы мүмкін.

Алайда, индивидуалды кемшілік сезімі пайда болғанға жауап ретінде, гиперконпенсация пайда болуы мүмкін және осылайша, Адлер айтқан жетістік комплексі дамиды. Бұл комплекс өзінің физикалық, интеллектуалды немесе әлеуметтік қабілеттерін асыра сілтеу тенденциясында көрінеді. Кез келген жағдайда гиперкомпенсация тәсілі өзімен тұрақты кемшілік сезімін жеңумен ұмтылуды асыра сілтеуді көрсетеді. Сәйкесінше, жетістік кемшілігіне ие адам, әдетте, мақтаншақ, еркөкірек, эгоцентритті көрінеді.

Жетістікке ұмтылу.

Адлер тұжырымдағандай, кемшілік сезімі адамның өзін - өзі дамытуға, даму мен компетенттілікке деген барлық құлшыныстарының қайнар көзі болып табылады. Өзінің алдыңғы толғандарында ол адам әрекетін басқаратын, ұлы қозғаушы күш-агрессивтілік деп тұжырымдаған. Кейінірек ол агрессивтілік идеясынан бас тартып оны «билікке ұмтылу» деп қарастырды.

Адлер өмірінің соңғы жылдарында жетістікк ұмтылу адам өмірінің фундаментальды заңы болып табылады: бұл «адам өмірін онсыз елестету мүмкін емес». Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу туа пайда болған және бірақ біз одан бас тарта алмаймыз, себебі, бұл ұмтылу өмірдің өзі болып табылады.

Адлер жетістікке ұмтылудың әрекеті мен табиғаты туралы әртүрлі қосымша идеяларды ұсынды. 1-ден, ол оны жеке қозудың комбинациясы ретінде емес, біріккен фундаменталды мотив ретінде қарастырды. 2-ден ол бұл ұлы алға және жоғары қарай ұмтылуы өзінің тәрбиесі бойынша универсалды екендігін айтты: ол барлығына жалпы болып табылады. 3-ден, жетістік мақсат ретінде негативті (диструктивті), сондай-ақ позитивті (конструктивті) бағыт ретінде қабылдауы мүмкін. 4-ден, Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу үлкен энергетикалық шығындар мен күш жұмсаумен байланысты. 5-ден, жетістікке ұмтылу индивидуумның деңгейінде, сондай-ақ қоғам деңгейінде де көрінеді. Адлер Фрейдке қарағанда индивидуум мен қоғамды бір-бірімен байланыста болу міндетті деп қарастырады.

Сонымен, Адлер адамдарды сыртқы әлеммен сәйкестікте өмір сүретіні, бірақ, оны әрқашан жақсартуға ұмтылатындар ретінде бейнеленеді.

Өмір стилі.

Адлер бойынша өмір стилі өзіне белгілердің ерекше бірігуін, тәртіп пен әдеттердің тәсілдерін қосады, олар индивидуумның өмір сүруінің қайталанбас бейнесін анықтайды.

Адлердің көзқарасы бойынша, өмір стилі 4 немесе 5 жаста берік бекиді, нәтижесінде тоталды өзгерістерге түспейді. Әрине, адамдар өзінің индивидуалды өмірлік стилін айқындаудың жаңа тәсілдерін таба бастайды, бірақ, бұл негізінде, ерте балалық шақтағы негізгі құрылымды дамыту мен жетілдіру ғана болып табылады. Осылайша қалыптасқан өмір стилі болашақтағы тәртіптің басты стержіні болады және сақталады. Басқа сөзбен біздің істейтін барлық әрекеттеріміз біздің жалғыз өмір стилі қалыптасады және бағытталады. Біздің барлық психикалық процестеріміз (м, қабылдау, ойлау және сезім) бір бүтінге ұйымдасқан және біздің өмір стилінің контекстінде мағынаға ие болады.

Адлер теориясында адамның тәртібінің барлық аспектілері оның өмір стилінен шығады.

Жеке тұлға типтері: өмір стилімен байланысты қағидалар. Өмір байғы тұлға тұрақтылығы өмір стилімен түсіндірілетінін Адлер еске салады. Біздің сыртқы әлемге деген қатынас бойынша негізгі бағыттылығымыз да өмір стилімен анықталады. Ол атап өткен, біздің өмір стиліміздің негізгі формасы өмірлік мәселелерді шешу үшін қандай тәсілдерді қолданатынымызды білу шартында ғана анықталуы мүмкін. Әрбір адам үш глобальды мәселелермен кездеседі: жұмыс, достық және махаббат. Адлердің көзқарасы бойынша, олар бір-бірімен тығыз байланысты және оларды шешу біздің өмір стиліне тәуелді: «Біреуін шешу басқаларды шешуге жақындауға көмектеседі және расында да, олар өзімен бірдей жағдайлардың және бірдей мәселелердің тірі ағзалар үшін өмірді сақтап қалу мен өздерінде бар ортада өмір сүруді жалғастыру үшін қажеттіліктің әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Әрбір адамда өмір стилі қайталанбас болғандықтан, бұл критерий бойынша жекелік типтерді айқындау тек жалпылау нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Осы көзқарасты ұстанып, Адлер өмір стилдерімен шартталған қағидалар типологиясын еріксіз ұсынды. Бұл жіктеуде типтер 3 басты өмірлік міндеттер қалай шешілуі негізінде айқындалады. Бұл жіктеудің өзі екі өлшемді кесте принципі бойынша құрылған, біреуі «әлеуметтік қызығушылықпен», ал басқасы - «белсенділік деңгейімен» көрсетілген. Адлер теориясында әлеуметтік қызығушылық психологиялық жетілудің негізгі критерийі болып табылады, оның қарама-қайшылығы эгойстік қызығушылық болып табылады. Белсенділік деңгейінің адамның өмірлік мәселелерді шешуге қандай тұрғыдан келетініне қатысы бар.

Өмір стиліне сәйкес келетін, алғашқы үш адлерлік қағидалар типі - бұл басқару, алу мен қашу. Қосымша тип (төртінші) - әлеуметтік пайдалы.

Басқарушы тип. Өз-өзіне сенімді және қуатты адамдар. Олар белсенді, бірақ әлеуметтік жағынан емес. Жас заң бұзушылар мен нашақорлар - Адлер бойынша басқарушы типке жататын, адамдардың екі мысалы.

Алушы тип. Аты көрсетіп тұрғандай, мұндай қағидасы бар адамдар сыртқы әлемге паразитті және өз қажеттіліктерінің көпшілігін басқаларының есебінен қанағаттандырады. Оларда әлеуметтік қызығушылық жоқ. Олардың өмірдегі басты мақсаты - басқалардан көп алу.

Қалушы тип. Бұл адамдарда өз мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік қызығушылық, белсенділік те жоқ. Олардың мақсаты өмірдегі барлық проблемалардан қашу болып табылады және сондықтан да олар сәтсіздік мүмкіндіктерін болжайтынның барлығынан қашады.

Әлеуметтік - пайдалы тип. Адамдардың бұл типі - Адлер көзқарастарының жүйесіндегі жетілу. Мұнда әлеуметтік қызығушылық пен белсенділіктің жоғарғы деңгейі біріккен көмек көрсетеді және олармен қарым- қатынас жасауға қызығады.

Ол үш негізгі өмірлік міндеттеді, жұмысты, достықты және махаббатты - әлеуметтік проблемалар ретінде қабылдайды. Бұл типке жататын адам бұл өмірлік міндеттерді шешу серіктестікті, жеке қажырлықты және басқаларға көмектесуді талап ететінін сезінеді.

Әлеуметтік қызығушылық.

Адлердің индивидуалды психологияда шешуші мәнге ие тағы бір концепция - бұл әлеуметтік қызығушылық. Әлеуметтік қызығушылық концепциясы адамдардың әлеуметтік жандар екендерін сезінуді кқрсетеді және біз өзімізді терең түсінгіміз келсе, онда біздің басқа адамдармен қатынасымызды кең - әлеуметтік - мәдени контекстте қарастыруымыз керектігін бейнелейді.

Адамдарды белгілі бір әрекеттерге туа пайда болған әлеуметтік инстинкт итермелейді, ол оларды қоғамның мақсаттары үшін эгоисттік мақсаттардан бас тартуға итермелейді. Бұл көзқарастың негізі мынада, адамдар өздерінің жекелік қажеттіліктерін әлеумметтік пайдасы бар іске арнау «әлеуметтік қызығушылық» сөзі неміс неологизмі терминінен шығады, оның мәнін басқа тілде толық жеткізу мүмкін емес. Ол «әлеуметтік сезім», «қоғамдық сезімі» немесе «қайырымдылық сезімі» деген мағына беруі мүмкін.

Адлер әлеуметтік қызығушылығының алғышарты туа пайда болған деп есептеді. Бірақ әлеуметтік қызығушылық автоматты түрде пайда болмайды, бірақ оны саналы дамытуын талап етеді. Олар тәрбиеленеді және сәйкес жетекшілік пен жаттығудың көмегімен нәтиже береді.

Әлеуметтік қызығушылық әлеуметтік ортада дамиды. Басқа адамдар - ең алдымен ана, ал кейін отбасының басқа мүшелері оның даму процесін жетілдіреді.

Әлеуметтік қызығушылық бала мен ана қарым-қатынасында пайда болатындықтан, оның мақсаты балада серіктестік, өзара байланыстар мен жолдастық қарым-қатынастарды құруға ұмтылу сезімін тәрбиелеуден тұрады. Ана өз баласына шынайы махаббатпен қарайды - өзінің қамын ойламай, баласының жақсы адам болып өсуіне бағыттайды. Бұл махаббат адамдарға көмек көрсетуден шығады және анаға өз баласында әлеуметтік қызығушылықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Адлер әкені балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына әсер етуші, маңызы бойынша екінші қайнар көз ретінде қарастырды. Әке екі қателікті жібермеуі керек: эмоционалды шеттелу мен ата-аналық авторитаризмді. Ақыр соңында, Адлер бойынша, балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына үлкен әсерді әке мен ана арасындағы қарым-қатынас көрсетеді. Осылайша, сәтсіз отбасында балаларда әлеуметтік қызығушылықтың дамуы үшін мүмкіндік аз болды.

Әлеуметтік қызығушылық психикалық денсаулықтың көрсеткіші ретінде.

Адлер бойынша, әлеуметтік қызығушылықтың айқындылығы индивидуумның психикалық денсаулығын бағалаудың ыңғайлы критерийі болып табылады. Сау адамдар шынында да басқаларға алаңдайды, олардың жетістікке ұмтылулары әлеуметтік позитивті және өзіне барлық адамдардың жақсы өмір сүруіне деген ұмтылысты қосады.

Нашар бейімделген адамдарда , керісінше, әлеуметтік қызығушылық айқын емес. Олар эгоцентристі, жеке жетістікке жетуге және басқаларды басқаруға күреседі, оларда әлеуметтік мақсаттар жоқ. Олардың әрқайсысы тек жеке мәнге ие өмірмен өмір сүреді - олар өз қызығушылықтары мен өз-өздерін қорғаумен айналысады.

Шығармашылық «Мен».

Шығармашылық «Мен» концепциясы адлерлік теорияның басты құраушы, оның персонолог ретіндегі жоғарғы жетістігі болып табылады. Адлердің айтуы бойынша, өмір стилі тұлғаның шығармашылық қабілеттері әсерінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, әрбір адамның өзінің өмір стилін еркін құруға мүмкіндігі бар. Адамдар кім болғандарына және өздерін қалай ұстауларына өздері жауапты. Бұл шығармашылық күш адам өмірінің мақсатына жауап береді, бұл мақсатқа жету әдісін анықтайды және әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді. Осы шығармашылық күш қабылдауға, есті сақтауға, қиялға және түске әсер етеді. Ол әрбір адамдарды еркін индивидуум етеді.

Адамдар шығармашылық күшке ие болады, себебі олар адамдар болып табылады. Біз білетіндей, шығармашылық қабілеттер ерте балалық шақта гүлденеді және бұл әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді, бірақ оның қалай дамитыны әлі түсініксіз болып отыр.

Адлердің шығармашылық «Мен» концепциясында адамдар өз тағдырының қожайыны болып табылатыны туралы тұжырым көрсетілген.

Туудың реттілігі.

Адлер бойынша баланың отбасында туу реттілігі шешуші мәнге ие.

Бірінші бала (үлкен бала). Адлерге сәйкес бірінші баланың жағдайн ол отбасында жалғыз болғанға дейіін қызығарлық деп есептеуге болады. Бірінші ата-аналарынан шексіз махаббат пен қамқорлықты алады. Бірақ бұл мәселе бала туғанға дейін ғана жалғасады. Бұл жайдай баланың жағдайын және оның өмірге деген көзқарасын күрделі өзгертеді.

Үлкен бала кіші бауыры немесе сіңілісі ата-ананың мейірімділігіне ие болғанын көргенде, өз орнын қайтарып алғысы келеді. Бірақ бұл сәтсіздікке әкеледі, өткенді қайтаруға болмайды. Мұндай күресте бірінші бала оңаша қалуға үйренеді және жалғыз өмір сүру стратегиясын меңгереді. Адлер болжағандай, үлкен бала отбасында, әдетте, консервативті, билікке ұмтылады және жетекшілікке жақын. Сондықтанда ол отбасылық қағидалар мен моральдық ұстанымдардың сақтаушысы болады.

Жалғыз бала. Адлердің есептеуінше, жалғыз баланың ролі ерекше. Ол көбінесе анасының бақылауында болады және басқалардан да осындай көмекті күтіп тұрады. Бұл өмір стилінің басты ерекшелігі тәуелділік пен эгоцентризім болып табылады.

Мұндай бала жастайынан отбасы өмірінің негізі болады. Бірақ кейінірек ол оянады және өзінің назарда еместігін сезінеді. Жалғыз бала ешқашан өз орнымен ешкіммен сөйлеспеген және күресуге қабілетті емес. Нәтижесінде онда өз құрбыларымен қиындықтар жиі болып тұрады.

Екінші (ортаңғы) бала.екінші балаға басынан өзінің үлкен ағасы немесе әпкесі ырғақ береді: жағдай оған үлкен сиблингтің жетістіктерінен асып түсуге итермелейді. Осының көмегімен, оның даму деігейі үлкен балаға қарағанда аса жоғары болмақ. Нәтижесінде екінші бала бәсекеге ұмтылушы болып өседі. Сонымен, ортаңғы балаға жетістікке ұмтылу тән.

Атап өту керек, Адлердің өзі отбасында ортаңғы бала болған.

Ақырғы бала (ең кішісі). Соңғы баланың орны ерекше. Бірден, ол «тақтан құлауды» сезінбейді және тек ата-анасының ғана емес, үлкен ағасы мен әпкелерінің махаббаты емн қамқорлығына ие болады. Екіншіден, егер де ата-аналар кедей болса, оның өзінің ештеңесі болмайды және оған басқалардың заттарын қолдануға туа келеді. Үшіншіден, үлкен балалар оны басқарады; осыдан ол тәуелсіздік сезімінің болмауынан, үлкен кемшілік сезімін сезінеді.

Фикционды финализм.

Фикционды финализм концепциясы - индивидуум әрекеті келешекке қатысты белгіленген мақсаттарға тәуелді.

Адлер біздің негізгі мақсаттарымыз өзімен фиктиві мақсаттарды көрсететіні туралы ойды дамытты. Кейбір адамдар, мысалы, өз өмірлерін көп жұмыс істеу және сәл сәттілік барлығына жетуге көмектеседі деген көзқарасқа сүйеніп құрады. Адлердің көзқарасы бойынша, бұл тұжырым - тек фикция, себебі, көп жұмыс істейтіндер керектінің барлығын ала бермейді. Фикцияның басқа мысалы - Алла оларды жерде дұрыс өмір сүргендері үшін, о дүниеде қолдайды дегенге сену. Фикцияның басты мысалдары: «Шынайылылық - жақсы саясат», «Барлық адамдар тең», «Ерлер әйелдерден жоғары тұрады».

Фиктивті мақсаттардың шынайылылықта аналогы болмаса да, жиі бізге өмірлік мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі.

Фиктивті мақсаттар жеке тұлға үшін қауіпті болуы мүмкін.

© 2010-2022