Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы

Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды... Біраз уақыт өткен соң ата-анасы оның ӨЗГЕШЕ екенін түсінеді!? О, Алла!? Көңілдері қалады, күйінеді, ренжиді. Осының барлығы баланың, өзінің, атасы мен апасының, жұбайының, мұғалімдерінің ... және басқаларының басына төгіледі. Жағымсыз сезімдер шығу жолын іздейді... бұрынғы көзқарас қатырма қағаздан жасалған үй сияқты қирай бастайды... Көбінесе осындай жағдайдағы ата-аналар бізге - психологтарға келеді.

Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы «көрініс» қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы шынайы адамдар туралы түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады, Герда мен Гай туралы аңыздағы айнаның сынығы Кайдың көзі мен жүрегіне түсіп кетіп, оның өмір туралы, жақсылық пен жамандық туралы көзқарасын бұрмалағаны сияқты, көңілдің «қисық айнасы» жұмыс істей бастайды. Осыған сәйкес, өзіне және өзгелерге деген талап күшейеді, сәйкессіздік пайда болады.

Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез келген бала өзінің «жақсы» бейнесіне қолдау көрсеткенін қалайды. Бұл қолдау жақсы көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым-қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке орай, ақыл-ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол ересектермен клиникалық психологияда «белгілер» деп аталатын түрлі аурушаңдықтың көріністері бар түсініксіз «тілмен» сөйлеседі. Бұл белгілер тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Мысалы, асқазан жарасы, гастрит, демікпе, суық тию сияқты психосоматикалық аурулар немесе тұтығу, энурез, сезім тұрақсыздығы, есінен тану, ұстама сияқты невротикалық бұзылыстар түрінде болуы мүмкін. Сондықтан, ата-аналар, абай болыңыздар! Кез келген тұмау суық тигеннің белгісі емес, баланың «жылап таусылмаған» көз жасының куәсі болуы мүмкін!

Сонымен, біз сөз етіп отырған бұл белгілер отбасы қарым-қатынасындағы психоэмоционалдық ширығудан туындайды. Өйткені, өзінің «жақсы» бейнесін сақтап қалу үшін жақсы көретін ересектер тарапынан қолдау таппағандықтан, баланың психикасына «қорғану тетіктерін» күшейтуге тура келеді. Басқаша айтқанда, бала ішкі түйсігімен ата-анасы оның қандай болғанын қалайтынын сезінеді де, соған икемделеді. Соның салдарынан өзінің ішкі талабы мен тілегіне қарамастан баланың «Мені» жалған жолмен дамиды.Басқаша айтқанда, бала өзінің нағыз, шынайы тілегін жете түсінбейді, сондықтан ол оны басқара алмайды. Мысалы, бала ашулануға және өзінің ызасын көрсетуге қорқуы мүмкін де, өзін қорғау үшін ашу-ызасын көрсететін сәттерде мұндай бала оған қабілетсіз болады. Қайта керісінше, жәбірсіз жағдайларда өзі де күтпегендей, ызақорлық пен агрессияға баруы мүмкін. Мұндайдан шошыған бала, бұл сезімдерді өз пайдасына асыруға үйренудің орнына, сондай сезімдерді басып тастауға тырысады.

Сонымен, біздің алдымызда өзінің баласына қанағаттанбаған ата-ана мен әзірге өзін және болып жатқан жағдайларды күңгірт түсінетін бала тұр. Кейін бала өскенде өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын «Менің ата-анамның үнемі бірдеңеге көңілі толмайтын, меніңше, олар мені жек көретін», «олардың менде ешқандай жұмысы жоқ болатын», немесе «олар мені өте жақсы көретін, бірақ менен ештеңе шықпады, мен үнемі бәрін бүлдіретінмін» деген сияқты сөздермен суреттейді.

Түңілген ата-аналар жағдайында, балалар да түңіледі. «Үміт үздіргіш» дәл өзі деп сезінген бала бұл сезімнен есейгенде де айыға алмайды.

Шығар жол қайсы? Ересек адамда мүмкіндік бар! Өзіңіздің балаңыз қандай болса, сол қалпында қабылдауға тырысыңыз. Оның «БАСҚА» екенін мойындаңыз және оны ТАНЫП, ҚАБЫЛДАП, оның күшті жақтарын дамытыңыз. Иә, ол мінсіз емес, өйткені ол - АДАМ. Бірақ осыны түсіну үшін, өзіңіздің теріс жақтарыңызды қабылдауыңыз қажет...Сонда ғана сіз өзіңіздің балаңызбен бірге бақытты бола аласыз!


© 2010-2022