Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты

Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты

Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты







«Тұмау - өте жұқпалы ауру»

(алдын алу сағаты)



Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағатыТұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты















Ұйымдастырушы: педагог - психолог Есенова Ляззат Сайкомовна



Орал қаласы

2016 жыл

Тақырыбы: Тұмау (грипп) - өте жұқпалы ауру.

Мақсаты: Жұқпалы аурудың алдын алу

Міндеттері:

  • тұмау, оның таралуы, вирустары, алдын алу шаралары, емі туралы түсініктерін топтық жұмыс формасында кеңейту;

  • доңыз тұмауының белгілерін және вирустарын нақты сипаттамалармен ұғындыру.

Түрі: дөңгелек үстел

Формасы: топтық жұмыс

Көрнекілігі: кесте, слайд, бейнероликтер.

Барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

  1. Ойға шабуыл (қатысушыларға сұрақтар қойылады)

1) Тұмау (грип) деген не?

2) Ол қалай адамға жұғады?

3) Тұмау басталғанда адамның қай жері ауырады?

4) Тұмаудан жазылу үшін қандай ем қолданады?

II. Мағынаны тану

  1. «Тұмау» жайлы ақпарат (баяндама оқылады).

Тұмау (грипп) - өте жұқпалы ауру.

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza - "бас салу, шап беру") - тыныс жолдарының жұқпалы вирустықауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар(микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар,спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирустары

Грипп вирустары - екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы - тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 - 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 - 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзадаиммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 - 2 жылға, В типінен - 2 - 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі - тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі - дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Емі - дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

А(H1N1) доңыз тұмауы

Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.

Доңыз тұмауының белгілері кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз. Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.

Бұл вирус қалай пайда болды?

«Доңыз тұмауы» жалпы шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа жол ашатын ауру. Бұл ауру тез тарайды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Тұмау дегенмен, бұл вирус шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шыға береді.

Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусы пайда болуы да ықтимал. A/H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғады. Әзірше бұл вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Оның қауіптілігі де осында.

A/H1N1 вирусының жалпы клиникалық белгілері маусымдық тұмауларға ұқсас. Адам тұмауға шалдыққанда дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, тыныс алу жолдары қабынады. Оның алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің суықтауына қатты ұқсайтындықтан, вирусты бірден анықтау қиын.

Шошқа етінен ауру жұға ма?

Шошқа етін жегеннен тұмау жұқпайды. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. «Доңыз тұмауы» етті 70 градуста пісіргенде өледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда, «Доңыз тұмауының» халықаралық таралымы әлі белгісіз. Аурудың Америка Құрама Штаттарында өте жұқпалы деңгейде екені белгілі. Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа (Ұлыбритания, Швеция, Италия), Африка мен Қытай, Жапониядағы шошқаларда бұл қауіптің жоғары екені анықталды.

Аталмыш вирусқа қарсы шошқаларға арналған вакцина бар. Алайда адам үшін әлі вакцина табылмады. Маусымдық тұмау вакциналарының «Доңыз тұмауына» қарсы қаншалықты әсер ететіні белгісіз. Себебі тұмау вирустары өте тез өзгереді. Дегенмен мамандар «Доңыз тұмауына» қарсы жақсы әсер ететін вакцина биыл күзде, атап айтқанда қыркүйек-қазанға дейін табылып қалар деп болжайды. Ал Қытай оның емін таптық деп жариялап та үлгерді. Дәрі қазір сынақтан өткізіліп жатыр.

Ресми деректерге қарағанда әлемде «Доңыз тұмауынан» бір мыңнан аса адам қайтыс болған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сырқат жұқтырған 177 мың оқиғаны бақылауына алып отыр.

Вирусологтар A/H1N1 вирусы әсіресе қарт адамдар мен жас балаларға, иммундық жүйесі әлсіздер мен денесін май басқан толық адамдарға, екіқабат әйелдерге тез жұғады дейді. Ал жасы 65-тен асқандарда қорғаныштық реакция өте мықты.

Қауіптің әлі сейілмегенін ескерте отырып, егер де тұмаурата қалсаңыз, уақыт созбай дәрігерге көріну керектігін ескертеміз. Ал жаныңыздағыларда тұмау белгісі байқалса, онда медициналық дәке тағып жүрген жөн. Қазіргідей қауіпті жағдайда оның түк те ұяты жоқ.

А(H1N1) тұмауы бойынша жадынама

Астанада А(H1N1) тұмауының пандемиялық вирусының алдын алу және оның таралуын болдырмау шаралары күшейтілуде.

А (H1N1) тұмауы ауа арқылы және адамнан адамға жұғатын өткір тыныс жолдары ауруы.Негізгі клиникалық белгілері , әдетте маусымдық тұмау сияқты өтеді - мұрын бітуі, тамақ ауруы, жөтел, бас ауруы, қызу көтерілуі.

Тұмауды емдеу кәдімгі маусымдық тұмау сияқты жүргізіледі.

А(H1N1) тұмауының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидқадағалау Комитетінің Астана қаласы бойынша департменті және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы төмендегіше кеңес береді:

1. Мүмкіндігінше пандемииялық тұмау оқиғалары тіркелген алыс және таяу шетелдерге баруды шектеу.

2. Тыныс жолдары ауруларының клиникалық белгілеріне (қызу көтерілуі, тамағы ауруы, жөтел, мұрын бітуі) назар аудару.

3. Ауру белгілері пайда болса, дәрігерлермен кеңесу.

4. Бұл жағдайда басқа адамдармен байланыстан аулақ болу.

5. Қолды сабынмен немесе спиртпен сүрту.

6. Бөлмелерді, әсіресе жалпы пайдаланудағы орындарды желдету.

7. Егер Сіз немесе отбасыңыз мүшелерінің бірі сырқаттанса, мектепке дейінге балалар мекемелеріне, мектепке немесе жұмысқа бармау.

8. Ауру белгілері пайда болса, біржолғы бетпердені пайдалану.

9. Ауру белгілері пайда болса, туыстармен және достармен байланыстарды шектеу.

10. Шетелден келгеннен кейін жеті күн бойы шұғыл медициналық көмекке жүгіну үшін көңіл күйіңнің төмендей бастағанын байқататын белгілер мен денсаулық жағдайын бақылау.

Тұмау дерті - дала ызғарын сездіре бастағаннан адамның бойына жабысып алатын аса қауіпті болмаса да, жағымсыз дерт. Бірақ, ауруға ем қолданбай, асқындырып алсаңыз, соңы өлімге әкеп соқтыратын ауруларды тудыруы ғажап емес.

Әлсіздік, дауыс ырғағының бұзылуы, мұрыннан судың тамшылауы тұмаумен ауыра бастаған адамның мазасын қашырып, төсекке қарай тартады.

Ал сіз осы белгілермен күресудің тиімді жолы массаж екенін естідіңіз бе?

Тыныс жолдары тарылса - кеңейтетін, басты ауру қысқанда - жазатын, мұрын қуысын тазалайтын "нүктелі массаждың" пайдасын көп адамдар біле бермейді. Нүктелі массаждың көмегімен қанайналым арқылы бойға оттегі көп мөлшерде тарайды. Егер тұмаудың алғашқы белгілері байқалса, жаттығудың көмегімен аурудың бетін қайтарып көріңіз.

  1. Орындық үстіне аяқ пен жауырынды тік қойып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз да, терең демалыңыз. Екі алақаныңызды бір-біріне үйкеңіз.

  2. Ортаңғы үш саусақпен екі бетіңізді басыңыз. Басуды барған сайын күшейте түсіңіз. Саусақ ұштары бет сүйегін сезгенше басып тұрыңыз. 1 минут осы қалыпты сақтаңыз.

  3. Ірі саусақтарыңызды көзге жақын, шеке тұсына апарып орналастырыңыз. Енді қатты қимылмен, шеңбер жасай отырып, шекеңізді уқалаңыз.

  4. Екі сұқ саусағыңызды екі қастың үстіне қойып, саусақты ортаға қарай қатты салмақпен жылжытыңыз. Сонда қастарыңыз да бірге жиырылады. Енді саусақты қастан сәл көтеріп, қимылды қайталаңыз. Осы қимыл маңдайда, шаш түбінде жалғасады.

  5. Саусақ ұштарымен маңдайыңызды 10 секунд бойы жеңіл соққылармен ұрыңыз. Келесі 10 секундта көздің астын жеңіл қимылдармен ұрыңыз.

Енді қолыңызды қатты сілкіп-сілкіп алыңыз. Бұл массаждан кейін қолда пайда болған ауыртпалықты түсіреді.Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағатыТұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты


Еңкею жаттығулары

  1. Тік тұрыңыз. Аяғыңыз иық деңгейімен бірдей, табан сәл алға жылжулы болсын.

  2. Терең дем алыңыз. Демді ішке тартқанда, арқаны тік ұстап, алға сәл еңкейіңіз. Енді денеңізді мына қалыпта ұстаңыз: қолдарыңыз алға созулы, омыртқа еденге параллельді орналасқан, арқа тік, мойын омыртқамен бір сызықта, дем іште (еркін тұру қиын болып жатса, орындыққа тіреліп тұруға болады). 10 секундтан кейін, денені бос жіберіп, бар демді сыртқа шығарыңыз.

  3. Келесі жаттығудың жағымды әсері бар. Төбеңізден әлдебір күш өзіне қарай тартып жатыр деп ойлаңыз: қолдарыңыз барынша жоғары көтерулі, денені тігінен созулы, демді ішке қарай тартыңыз. Қалыпты тұрысқа келгенде, демді сыртқа шығарып жіберіңіз.

  4. Басты оңға және солға сілкіп алғаннан кейін, терең дем алыңыз. Бұл жаттығу сергітеді.Тұмау - өте жұқпалы ауру алдын алу сағаты



Тыныс алуды реттеу жаттығулары:

  1. Еденге немесе орындыққа арқаны тік ұстап отырыңыз. Оң қолыңызды мұрын тұсына перпиндикуляр етіп орналастырыңыз.

  2. Келесі қолдың сұқ саусағымен оң алақаныңызға күш түсіріңіз. Саусақ пен алақан арасында мұрын болады. Қатты салмақтың әсерінен мұрын қуысына да күш түседі. Осы қалыпта 10 секунд тұрыңыз.

  3. Кейін қолдарды алмастырып, бірнеше рет массажды орындаңыз.

Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек көп. Бірақ, дәрілер ауруға ем болса, басқа мүшелерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, өз ағзағыңызға өзіңіз дәрі болып көріңіз. Жоғарыда ұсынылған жаттығулар кешені тыныс жолдарына өте пайдалы. Ал тұмау кезінде бұл жаттығулар - таптырмас ем. Бастысы, ерінбей, жаттығуларды жасай білу керек. Басты қағида: ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

  1. Топпен жұмыс

Қатысушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі.

1. Тұмау дегеніміз не

2. Тұмаудың алдын алу

3. Тұмаудың алғашқы белгілері.

4. Тұмаудан сауығу үшін қандай ем қолданады

Жауаптар оқылып, талдау жасалады.

  1. Рольдік ойын «Ата - ана мен бала».

Ойынға: мұғалім, ата-ана, оқушы, бала қатысады.

Мұғалім өзінің оқушысының тұмаумен ауырғаның байқап, оқушының ата-анасамен хабарласады, Ата-анасы баласын дәрігерге апарады.

  1. Венн диаграммасы:

Тұмау пен басқа бір ауру түрін салыстыру

  1. «Тұмаудың алдын алу» бейнеролигі yadi.sk/i/CD_ZkM4BnKrdu

III. Ой қорытындысы: Рефлексия парағын толтырады.

© 2010-2022