Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Раздел Школьному психологу
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Адамға бәрі ортақ. Мынау жұмыр жер, ашық аспан, мөлдір ауа. Үлкен әлемнің ішінен әрқайсымыз өзіміздің кішкентай әлемімізді құрып, тағдырымызды жасаймыз. Ертеңгі күнге деген селкеусіз сенім мен үкілі үміт сүрінген кезде де, демеу беріп, орнымыздан тұрғызып жібереді. Ал кейбіреуіміз құлаған жерімізден қайтып тұруға күш таба алмай, тұралап қалып жатамыз. Адам өмірді қабылдай білуіне орай оптимист және пессимист болып бөлінеді.

Өмірдің әрқайсымызға дайындаған сыйлықтары әртүрлі. Біріміздің жүрегіміз жарылардай қуанып жатсақ, біріміз үшін өмірдің мәні кетіп, түңіліп, өз-өзімізді таппай жатамыз. Сондай-ақ, әрбір оқиғаны, әрбір қиындық пен қуанышты әрқайсымыз түрліше қабылдаймыз. Өмірдің өзі ақ пен қарадан құралатындықтан, мынау жалғанда қиыншылық көрмейтін адам жоқ. Мәселе, қиындықтың үлкен-кішілігінде емес, мәселе оны кімнің қалай қабылдайтындығында.

Оптимизм дегеніміздің өзі адамның кез келген заттан жақсы нәрсе таба білуі болса, оптимистер аса ауыр жағдайда да әлі талай қуаныштар кездесетініне кәміл сеніп, үміт отын сөндірмей сақтай алады. Басы қандай дауға қалғанын біліп, сәтсіздіктің шырмауына шырмалғанын ұғынса да, "Мейлің, кім қателеспей жатыр дейсің? Бәрі жақсы болып кетеді әлі" деп өз-өзін жұбата алады.

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Ал пессимист болса, "Біттім, құрыдым, біткен жерім осы" деп жанын жегідей жейді. Оптимист оқиғаны басқара алады, ал пессимисті оқиға билейді.

Психологтар оптимист адам пессимиске қарағанда, анағұрлым ұзақ өмір сүреді дейді.

Отпимист үшін өмір сондай керемет, мынау жарқыраған күн де сондай ғажайып. Ал пессимист үшін "бәрі жақсы болуы мүлдем мүмкін емес".

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Оптимист:

  • болашағына қалтықсыз сенеді;

  • кез келген қиындықты оңай шешеді;

  • оптимист адаммен тіл табысу оңай.

Пессимист:

  • күйзеліске көп түседі;

  • шыңдарды аз бағындырады;

  • үнемі өзіне сенімсіз.

Оптимизм мен пессимизмнің ортасы, яки не бәрі жақсы деп, не бәрі жаман деп емес, кез келген нәрсені сол қалпында қабылдайтын адамдар - реализм өкілдері. Реалистер.

"Оптимист кемшіліктен құндылық іздейді, пессимист құндылықтан кемшілік іздейді" депті бір данышпан. Бақытқа жетер баспалдақтың алғашқы сатысы да әркімнің дүниені тануында жатса керек...

Ал сіз өзіңізді қайсысына жатқызар едіңіз?



© 2010-2022